Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 января 2019 13:25

"Шағын ғана шабаданымды алып, жалғыз жолға шықтым"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елден кету жайлы, оның оң-солын таразылаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз.


Елден кету жайлы, оның оң-солын таразылаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз.

Мадина Аешева - Алматыда туып-өскен. Бірақ 10 жыл бұрын отбасы жағдайымен Қырғызстанға көшуге тура келген. Елге көшіп келу туралы ойлары, Қырғызстан мен Қазақстандағы жағдайы, өмірі, отбасы және болашақ арман-мұраттары жайлы кейіпкеріміз баяндап берсін. 

Алматыға 2017 жылдың тамызында оралдым. Оған себеп - Отанға оралуға деген ниетім. Негізі өзім Алматыда туып-өскенмін. 2008 жылы отбасылық жағдаймен анаммен және бауырыммен бірге Бішкекке көшіп барғанбыз. Анамның туыстары сонда болғандықтан, осы елді таңдадық. Сол жақта мектеп бітіріп, университетке оқуға түстім. Журналист мамандығын таңдадым, бірақ үшінші курсымда диплом алғаннан кейін Қазақстанға ораламын деп шешім жасадым. Бұл ой мектеп кезінен бері қордаланып, сол күйі ой-ниетім болған. Оның үстіне Алматыда құрбым бар еді, ол да Қырғызстаннан келген. Ол мені оңтүстік астанаға көп уақыттан бері шақырып жүрді. 

Сөйтіп, 2017 жылы оқуды бітіріп, Қазақстанға көшемін деп ұйғардым. 1 тамызда жұмысымнан шығып, барлық ісімді соңына дейін жеткізіп, шағын ғана шабаданымды қолға алып, жолға шықтым. Арман қалаға бар болғаны 42 мың теңгемен келген едім. Бір жарым ай бойы осы сомамен қалай өмір сүргеніме таңғаламын.

Отбасым, анам мен бауырым Бішкекте қалды. Алдымда тұрған белгісіздіктен қорқыныш болды. Алғашқы кездерде әпкемнің үйінде тұрдым. Ол маған құжатымды реттеуге көмектесті. 

Келгелі бері бірнеше жұмыс ауыстырып үлгердім: SMM менеджерінен контент-редакторға дейін. Елге келген соң жұмыс іздеп жүріп, шытырман оқиғаларға тап болдым: Алматыға келер алдында SMM менеджер іздеген бір компанияға түйіндеме жіберген едім. Әңгімелесу барысында жұмыс орнында қызық болды - компания екі ай бойы тегін тәжірибеден өтуімді талап етті. Ал маған ақша тап сол жерде керек еді. Кейін бірнеше ай бойы продакшн-студияда жұмыс істеп, ақырында ақшасын бермей, "лақтырып" кетті. Өз құқықтарымды білгендіктен, әділдікті орнатып, еңбегім үшін заңды ақымды алып кеттім.

Бішкекте екі жыл телевизияда жұмыс істегенмін. Эфирге қайта оралғым келді. Сөйтіп жүріп, арманым 2018 жылдың қаңтарында орындалды. Құрбым Facebook желісінде телевизиялық жобаға журналист іздеп жатқаны жайлы жазба оқып қалыпты. Көп ойланбастан сол жаққа түйіндемемді жіберіп, көп ұзамай қабылдандым. Бұл жұмыста өзімнің жаңа қабілетімді аштым - криминалдық тақырыптарға арналған жобаға сценарий жаза бастадым. Сол сәтте барлық қиындық артта қалғандай әсер болды. Алайда жоба жабылып қалып, жаңа жұмысқа орналастым.  

Қазіргі уақытта Алматы мен Бішкекте қатар тұрамын деп айтуға болатын шығар. Демалыс және мереке күндері отбасымен бірге болуға мүмкіндік туады. Осы жылдар бойы Қырғызстан менің екінші үйіме айналды, ол жақтан көп дос таптым, өмірімнің жарқын сәттерін сонда өткіздім. Онда қуаныш та, қайғы да болды. Қырғызстанда 2010 жылғы "сәуір төңкерісінің" куәгері болдым. Үкіметке қарсы үлкен төңкеріс болды. Бірнеше күннің ішінде Бішкекте аласапыран болды да кетті. Қатты қорықтық...

Ертеден-ақ көңілім Қазақстанға тартып тұратын. Алматы мен Бішкектің айырмасы жер мен көктей. Қазақстанға оралғаныма өкінбеймін. Жеке өмір сүруден үйренгенім көп: кедергілерден, сындардан өтуден қорықпау, қажет кезінде дұрыс шешім қабылдай білу және ешқашан өкінбеу. 


Суреттер кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан

Жасым 22-де және Қазақстандағы өмірімнің жаңа тарауы енді басталды. Бастапқыда 10 жыл бойы көрмей кеткен отанымдағы өмірге бейімделу қиын болды. Бірақ уақыт өте келе жағдай реттеле бастады. Алматыда жақсы әріптестерім, достарым, туыстарым бар. Мұнда болу өте жайлы, болашақта отбасымды Бішкектен алып келіп, осында өмір сүрсем деймін.

Оқи отырыңыз: 

"90-жылдар өмірімнің ең қиын кезеңі болды" - Нигериядан шыққан алматылық Боб Усоро

"Қазақ елін аңсайтынбыз, кітаптарын оқып, концерттерін көретінбіз"

"Қазақтың жанын Шоқан Уәлиханов пен Олжас Сүлейменов арқылы түсіндім"

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети