ПОДЕЛИТЬСЯ
04 февраля 2020 | 17:22
"Соған сенген". Қазақтар жүкті әйелдерге неге қоян етін жегізбеген?
Қазақтар ертеде жүкті әйелдерге қоян етін жеуге болмайды деп келген. Келіншек жүкті кезінде қоян немесе түйе етін жеп қойса, жүктілік мерзімі ұзарып, баласы қоянжырық болып туады дейді. Ал балық жесе, баланың тілі кеші шығады дейтіндер бар екен. Халқымыз кезінде осыған тек тыйым салынғандықтан сенген бе әлде расында да бұл қауіп медицина тұрғысында дәлелденген бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне этнограф Болат Бопайұлы айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақтар ертеде жүкті әйелдерге қоян етін жеуге болмайды деп келген. Келіншек жүкті кезінде қоян немесе түйе етін жеп қойса, жүктілік мерзімі ұзарып, баласы қоянжырық болып туады дейді. Ал балық жесе, баланың тілі кеші шығады дейтіндер бар екен. Халқымыз кезінде осыған тек тыйым салынғандықтан сенген бе әлде расында да бұл қауіп медицина тұрғысында дәлелденген бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне этнограф Болат Бопайұлы айтып берді.
Этнографтың айтуынша, ырым бойынша жүкті келіншекке қоян етін жеуге болмайды.
"Қазақтың ежелгі ырымында жүкті әйелдерге жүкті болған күннен бастап қоянның етін жегізбеген. Байырғы ырымда қоян етін жеген әйелдің баласы ерні жырық болып қалады деп есептеген. Соған сенген. Түйенің де етін жегізбеген, түйенің етін жесе, баланы 12 ай көтереді деп санаған. Қасқыр тапқан малдың немесе басқа да ақсақ-тоқсақ малдардың да етін жегізбеген. Кейін туған баласы сондай кем туады деп есептеген. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан ырымы. Мұның барлығы аяғы ауыр әйелдің және оның баласының амандығын тілеп, қатерден сақтап қалу мақсатында жасалған. Осылайша, сол кезде бұл ырымға айналып кеткен. Ал қазір оған ешкім аса сене бермейді", - дейді Болат Бопайұлы.
Этнограф расында да кезінде қоян жеген келіншектің қиын босанып, баласы қоянжырық болып қалғанын айтады.
Бопайұлының айтуынша, қазақ тіпті жаңа түскен келінге де қоян етін жегізбеуге тырысқан. Бұл ырымның түп-тамыры ананың аман-есен босанып, денсаулығы мықты болуында дейді этнограф. Сондай-ақ, ол қазақта "Қоянның толғатуы" деген ырымның бар екенін айтады. Алайда ол салт өзгеше екен және оны қоянжырықпен шатастыруға болмайды дейді.
"Әдетте 24-28 наурыз күндері қатты жел соғып, күн суып, кейде қар жауады. Бұл күндерді халқымызда "Қоянның толғатуы" деп атайды. Оның қоянжырыққа қатысы жоқ. Бұл тек ауа райын болжау мақсатында айтылған", - дейді этнограф.
Дегенмен дәрігерлер қоян етінен баланың қоян ерін болып туылатынын жоққа шығарып отыр.
Бет-жақ хирургі Бағдат Рысбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында баланың қоянжырық болып дүниеге келуіне қоян еті емес, тұқым қуу бейімі себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді. Бұл медицинада дәлелденген жоқ деген еді дәрігер.
Қазақта жүкті әйелдерге неге түйе етін жегізбеген
"Жүктілік кезінде сәбидің осы дертке ұшырағаны анықталып жатса, міндетті түрде бала дүниеге келген соң генетик маманнан кеңес алу керек. Қоянжырықты тек хирургиялық жолмен емдеуге болады - хейлопластика, ринохейлопластика немесе ринохейлогнатопластика. Дегенмен кейбір пластикалық оталарды мүлде жасауға болмайды, себебі олар бет-пішінін өзгертіп қана қоймай, дертті одан да қатты асқындырып, организмнің басқа да қызметтерінің жұмысын бұзады", - деген еді бет-жақ хирургі.
Дәрігердің айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды бала дүниеге келмей тұрып, ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен алдын алуға болады екен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также