03 июня 2019 18:00

Сыңсуды ер адамның айтқаны дұрыс па

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдемі салт-дәстүрлері жеткілікті. Солардың бірі - сыңсу. Тарихқа үңілсек, сыңсу кыздың сіңлілерімен немесе жеңгелерімен үйлерді аралай жүріп, белгілі әуенмен айтатын жыры саналған және көп жағдайда сыңсуды қыздардың өздері шығарған екен. Алайда бүгінде біз көріп жүрген сыңсу жырлары бұрынғыдан өзгерек. Кейбіреулер қыздың сыңсу жырын шоу-бизнес өкілдеріне айтқызса, тағы біреулері сыңсуды ер адамдарға айтқызуды жөн көреді. Бұл қаншалықты дұрыс? Сыңсу салты бүгінде сақталған ба? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына жазушы-этнограф, академик Болат Бопайұлы жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдемі салт-дәстүрлері жеткілікті. Солардың бірі - сыңсу. Тарихқа үңілсек, сыңсу кыздың сіңлілерімен немесе жеңгелерімен үйлерді аралай жүріп, белгілі әуенмен айтатын жыры саналған және көп жағдайда сыңсуды қыздардың өздері шығарған екен. Алайда бүгінде біз көріп жүрген сыңсу жырлары бұрынғыдан өзгерек. Кейбіреулер қыздың сыңсу жырын шоу-бизнес өкілдеріне айтқызса, тағы біреулері сыңсуды ер адамдарға айтқызуды жөн көреді. Бұл қаншалықты дұрыс? Сыңсу салты бүгінде сақталған ба? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына жазушы-этнограф, академик Болат Бопайұлы жауап берді

Оның айтуынша, қазақ халқының сыңсуы тойбастар, жар-жар, көрісу, беташар сияқты ежелден келе жатқан салт дәстүр өлеңдері.

Реклама
Реклама

"Сыңсу - қазақтың атам заманнан бастау алған зор тәрбиелік мәнге ие жыры. Қыз ұзатылар, босағасынан кетер шақтағы айтатын сыңсу жыры. Оны "босағаға айтылған табалдырық жыры" деп те атайды. Мұнда ұзатылған қыз туған ауылына, ел-жұртына, аға-жездесіне, әке-шешесіне, барлық туысына, құрбы-құрдастарына қоштасу жырын айтады. Ол сыңсудың жай ғана айтылмайтынын ескеру керек. Жыр керемет мақамға, әнге, әуенге келтіріп айтылады. Сыңсу - қуаныш пен бақытқа толы жылау. Шерменде жыр емес, сыңғыр дауысқа толы жыр", - дейді Болат Бопайұлы.

Осы ретте этнограф үзіндіні келтірді:

Есіктің алды ошаған,
Ұстатпайды қашаған.
Қайта айналып келшенше,
Аман да бол босағам.

Базардан алған тақтайым
Сындырмай қайтіп сақтамайын.
Айналайын ақ апам,
Ақ сүйтіңді қайтіп ақтайын.

Қызғалдақ еді құлпырған.
Барамын ұзап жұртымнан.
Тірегім болған әкешім,
Тілеушім болған сыртымнан.

Базардан келген құйысқан.
Тарамай шашым, ұйысқан.
Келіп те кетіп жүріңдер.
Сағындырмай туысқан.


© almaty-akshamy.kz

Болат Бопайұлының айтуынша, сыңсу әлі сақталған. Бірақ ол бүгінде ол жырды ер адамдардың айтуы дұрыс емес екенін айтады.

"Сыңсуды жалпы тарихта қалыптасқан дәстүр бойынша ер адам айтпайды және айтқан емес. Ер адам ол жырды айтса, оны сыңсу деп атамайды. Сыңсуды негізінен әйел адамдар айтады, ол ұзатылған қызға арналған қыздың сыры мен айтқан қошы емес пе? Ол кез келген қыздың сыры емес, ұзатылатын қыздың сыры. Ер адамның айтуы дұрыс емес. Сондай-ақ, сыңсуды әйел адам, яғни ұзатылып кеткен адам айтса да, оны сыңсу деп атауға болмайды. Оны тек ұзатылып жатқан қыз өз үйінің табалдырығынан аттап бара жатқанда айтады. Табалдырық жыры деуіміздің себебі де сол. Сондықтан оны ер адамның айтуы мүлде дұрыс емес", - дейді этнограф.

Болат Бопайұлы бұрынғы заманда сыңсуды тек ұзатылып жатқан қыздың өзі жырлағанын айтады.

"Жан тебірентер, жүрек толқытар сырлы сыңсу көркем көрісумен қабырғасы қайыса, бауыры сөгіле жырлаған қызғалдақ қыздың қоштасу жырынан оның бала кезі, балдәурен шағы сияқты бүкіл өмір елестері есіп тұрады. Түгел көрініп тұрады, мән-мағынасы білініп тұрады. Ата-анасын, ақ ордасын, ел жұртын алысқа тастай алмай, ауыр-ауыр қиналады, қынжылады, қыз қабырғасы қинала-қинала сөгіледі. Дәл осындай жырды қазақ сыңсу деп атайды", - дейді ол.

(...) Жат жұрттық болып жаралдым,
Батаңды берші атам-ай.
Базардан келген тең келер,
Тақпайға қойсам дөңгелер,
Жат жұрттық болып барамын,
Қош аман бол, жеңгелер.

Этнограф сыңсудағы жылаудың қаралы дауысқа емес, ашық әрі жарқын, күлкі араласқан қуанышты дауысқа салынатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қыз көру

Қыз жасауы. Ата-дәстүр шығынын қазақтар қалай есептеген

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram