Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 мая 2019 14:13

Қыз жасауы. Ата-дәстүр шығынын қазақтар қалай есептеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ келіні. Жетісу облысы, Лепсі уезі, 1898 жыл Қазақ келіні. Жетісу облысы, Лепсі уезі, 1898 жыл

Қыз баланы қонағындай құрмет тұтып, сый көрсеткен қазақ "қыз - жат жұрттық" деген түсінікпен оның барған жерінде абыройлы болғанын қалайды. Сондықтан қазақ халқы ерте кезден қыз жасауына зор мән берген. Бұрын қыздың дүниесі малмен бағаланса, бүгінде ол техникамен, көлікпен, ақшамен бағаланатыны рас. Күні бүгінге дейін жеткен бұл дәстүрдің қазіргі ерекшеліктері қандай? Бұл салт заман ағымына қарай қаншалықты өзгерді? Біз көріп жүрген жасаулар бұрынғыдан өзгерек пе? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ләззат Маxайқызы жауап берді.


Қыз баланы қонағындай құрмет тұтып, сый көрсеткен қазақ "қыз - жат жұрттық" деген түсінікпен оның барған жерінде абыройлы болғанын қалайды. Сондықтан қазақ халқы ерте кезден қыз жасауына зор мән берген. Бұрын қыздың дүниесі малмен бағаланса, бүгінде ол техникамен, көлікпен, ақшамен бағаланатыны рас. Күні бүгінге дейін жеткен бұл дәстүрдің қазіргі ерекшеліктері қандай? Бұл салт заман ағымына қарай қаншалықты өзгерді? Біз көріп жүрген жасаулар бұрынғыдан өзгерек пе? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ләззат Маxайқызы жауап берді.

Ләззат Махайқызының айтуынша, қазақ қыз жасауын біріншіден тұрмысына қарап жинаған.

"Көрпеңе қарай көсіл" деп текке айтылмаған. Бұрын Төлеген Жібекті іздеп барған заманда қазіргідей тұрмыстық техника, көлік, пәтер сыйлаған заман болған жоқ. Бұрын жасау деген тек малмен есептелген. Қазіргідей доллар, еуромен есептелмеген. Бір табын сиыр, бір отар қой, түйе малы. Отаулап ағаш үй тігіп, қыздың жасауын әдемілеп дайындап беретін. Кедей деген қыздың өзіне қазақ артынан 40 жылқы апарған. Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіров те өз еңбектерінің бірінде қазақтың "қыз туғанда 40 жылқы келді" деп қуанғанын айтады. Ал қолы жеткен байлар алтын жамбы мен күміс берген. Күмісті тек ең құрметті деген адамдар бере алған", - дейді Ләззат Махайқызы.


© "Қыз Жібек" фильмінен алынған кадр

Сондай-ақ, оның айтуынша, ертеде қыз жасауы әкелінген қалың малға байланысты дайындалған.

"Баяғыда "қыз жасауына не дайындадың?" деуден бұрын "қалың малға не әкелдің?" деп сұраған. Жігіт жағы қалың мал әкелген соң ғана жасау дайындала бастаған. Ол үшін арнайы базарға барған. Онда тіпті бір ай уақыт жүріп қалған. Киіз үйлерде күміс құмандар, жібек шапандар, қыздардың баскиімі, кеудеге, белге тағатын ұлттық киімдері сақтаулы тұратын. Соның барлығын малға шағып, Жібек жолының бойындағы базарда қажетті тауарына ауыстырып отырған. Ал қазіргі заманда ондай қажеттілік жоқ, Интернетті ашып қалсаң, қалаған дүниең толып тұр. Оны үйіне дейін жеткізіп береді", - дейді филолог.

Ләззат Махайқызы кезінде теңге өте құнды болғандықтан, қазақ малды жоғары бағалағанын айтады.

"Ол заманда теңге, әрине өте құнды болды. Сол кезде 250 теңге бір құлынды биеге пар болған. Ол кезде қазіргідей қағаз ақша болмаған. Күміс теңгелер ғана болды. Мысалы, Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" романында Ғайшаны ұзатарда ата-анасы 9 құлын бергені айтылады. Осыдан-ақ, қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмағанын айта аламыз", - дейді ол.


© almaty-akshamy.kz

Бұдан бөлек, маман қыз жасауының ерекшелігі ретінде қазақтың кезінде көрпе-жастық апарғанда сол көрпелердің ішіне арнайы "құдағи көрпе" салып жібергенін айтады. Бірақ, айтуынша, бүгінде бұл ырым аса сақтала қойған жоқ.

"Мына көрпені құдағиға арнайы әкелдік" деп құдағиды сол көрпеге аунатып алған. Ол ырым түсіп жатқан келін де енесі сияқты ұл тусын, қыз тусын деп, ұрпақ өсірсін деген мақсатпен жасалған", - дейді Ләззат Маxайқызы.

Ал қазіргі заманда дайындалып жатқан қыз жасауы жайлы айта келе, филолог бұрынғы мен қазіргі қыз жасауының басты айырмашылығы тұрмыс-тіршілікте екенін айтады.

"Ең басты айырмашылығы - бұрындары қазақтың тұрмысы басқаша болды, тек малмен есептелді. Ал бүгінде қыз жасауы көрпе-төсектен бастап техникаға дейін жетіп отыр. Меңінше, бірінші кезекте екі тарап екіжақты келісіп отыру керек. Босқа шашылудың қажеті жоқ. "Келісіп пішкен тон келте болмайды" дегендей, бірден кредит алуға жүгірмей, барлығын ақылдасып алу керек. Барған жерде тоңазытқыш, шаңсорғыш болмауы мүмкін емес қой. Яғни, бұл заттар артық. Бір үйге екі теледидардың қажеті жоқ. Өкінішке қарай, жаһандану заманында қыз жасауы 5 секунд, 5 минуттық жұмыс болып қалды", - дейді Ләззат Махайқызы.

Тарихи деректерге сүйенсек, халық арасында қыз жасауына қазан қосып беруге болмайтыны жайлы аңыз тараған.  Қазан - береке-бірліктің, ырыстың, отбасы ошақ қасының символы саналғандықтан, қыз бала оны өз елінің ырыс-берекесін бірге алып кетеді деп түсінген. Яғни ол үшін қызға сын айтылған. Дегенмен қазақ қыз жасауына үй тұрмысына ең қажетті қажетті қазан-ошақтан бастап үйге қажетті бұйымдар керек деп білген.

Оқи отырыңыз:

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қыз көру

Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети