Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 апреля 2020 12:58

Үнді актерінің ұнға ақша салып таратқаны рас па?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Жақында желіде Болливуд актері Амир Кхан коронавирус салдарынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық жасап, ұнның арасына ақша тығып таратты деген ақпарат тарады. Әлемдік БАҚ өкілдері әртістің қайырымды ісі туралы жарыса жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында желіде Болливуд актері Амир Кхан коронавирус салдарынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық жасап, ұнның арасына ақша тығып таратты деген ақпарат тарады. Әлемдік БАҚ өкілдері әртістің қайырымды ісі туралы жарыса жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"23 сәуірде Үндістанның Дели қаласына мұқтаж жандарға көмек ретінде жүк көлігі келді. Ондағы әр пакетке 1 килограмм ұн салынған. Адамдар пакетті алғаннан кейін таңғалды. Себебі ұнның арасында 15 000 рупий (85 805 теңге) ақша бар болып шықты. Тұрғындар Амир Кханның мұндай ерлігіне риза болды. Ал, актер мұндай "сиқыры" арқылы нағыз мұқтаж жандарға көмектесті. Себебі көбі 1 кг ұн үшін бармаймыз деп үйінде қалған. Тек үйінде тамағы жоқ халық қана келген", - деп тарады ақпарат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

На днях суперзвезда Болливуда Амир Хан сделал очень необычное пожертвование. От его лица бедным людям выдавали по 1 кг муки. И все. 1 килограмм на человека. Так как это был всего 1 килограмм муки, многие люди не пришли на выдачу. А пришли только те, кто действительно нуждался и кому нечего было есть. Оказалось, что в каждом пакете муки было спрятано 15 000 рупий (свыше 200 долларов) наличными. Утверждая, что за этим особым жестом стоял Амир Хан, ведущий видео "тик-ток" сказал, что таким образом Амир гарантировал, что деньги дойдут до действительно нуждающихся людей. @kazakh_inform ⬅️✅

Публикация от Новости Казахстана и мира! ?? (@inform_kaz)

Біз Үндістанның Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрадық. 

"Бұл - жалған ақпарат", - деді елшіліктің баспасөз хатшысы Ұлболсын Орақбаева. 

Фото: bigasia.ru

 Сондай-ақ, Үндістанның басылымдары ақпараттың жалған екенін жазды.

"Амир Кхан мұндай қайырымдылық жасамады және желіде тараған ақпарат жалған. Бұл туралы оның өкілдері мәлімдеді", - деп жазды үндістандық Indiaglitz агенттігі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети