Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 марта 2021 13:35

"Ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі". Коронавирус салдары туралы зерттеулер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 221 мыңнан асты. Аурудан айыққандар саны да аз емес - 204 782 адам. COVID-19-дан айыққаннан кейін салдары қандай болатыны нақты белгісіз. Ғалымдардың сөзінше, әр науқаста әртүрлі белгі байқалады. Бір қызығы, оның ішінде, ұйықтамай, еш себепсіз айғайлап, күле беретін симптомдар да байқалған. Коронавирустың жиі кездесетін салдары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 221 мыңнан асты. Аурудан айыққандар саны да аз емес - 204 782 адам. COVID-19-дан айыққаннан кейін салдары қандай болатыны нақты белгісіз. Ғалымдардың сөзінше, әр науқаста әртүрлі белгі байқалады. Бір қызығы, оның ішінде, ұйықтамай, еш себепсіз айғайлап, күле беретін симптомдар да байқалған. Коронавирустың жиі кездесетін салдары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Туберкулез жұқтыруға бейім болады

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің мәліметінше, коронавирус жұқтырып, айыққан науқастар басқаларға қарағанда туберкулез жұқтыруға бейім болады. 

COVID-19 жұқтырған кезде және одан кейін жалпы иммунитет айтарлықтай әлсірейді. Сондай-ақ, өкпедегі өзгеріс, фиброз ұзақ уақыт сақталады. Яғни, өкпе құрылымы және тыныс алу жүйесіндегі қорғаныс қызметі бұзылады. Осы факторларды ескерсек, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарда туберкулезбен ауыру ықтималдығы бар.

Мысалы 2020 жылы 40 адамда туберкулез анықталған, ал 2021 жылдың қаңтарында республикада 11 жағдай тіркелген. Аурудың салдарын алдын алып, асқынып кетпеуі үшін амбулаториялық-емханалық деңгейде бақылау қажет және салауатты өмір салтын жүргізу ұсынылады. Мұндай жағдайда дәрігерлер зиян әдеттерден арылуға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтану рационын сақтауға, сондай-ақ еңбек және демалыс режимін сақтауға кеңес береді.

Фото: Reuters

Коронавирус инфексиясын жұқтырғаннан кейін пайда болатын ең көп таралған тағы бір патологиялардың бірі - қанның қоюлануына байланысты тромбоздар, миокард инфаркті, жүйелік эндотелиит, миокардит, өкпе фиброзы, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты жүрек-тамыр аурулары. Бұл асқынулар қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік сияқты созылмалы аурулары бар адамдар және 60 жастан асқан науқастарға әсер етеді.

Вирустың салдары аурудың өзінен де қауіпті

Ал жапониялық дәрігер Коити Хирахата РИА Новостиге берген сұхбатында вирустың салдары аурудың өзінен де қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, оған түскен науқастың үштен бірі коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін жатып қалған.

Хирахата наурыздан бастап коронавирустың салдарынан зардап шегіп жатқан науқастардың базасын жасай бастаған. Былтыр наурыздың басында тек екі пациенттен келсе, желтоқсанға қарай COVID-19-дың салдарынан зардап шегіп жатқан науқас саны күніне 70-80-ге жеткен.

"Екі негізгі ерекшелік бар - біріншіден, науқастардың ішінде әйел адам ер адамдарға қарағанда 1.5 есе көп және көбі жастар", - дейді ол.

Басқаша айтқанда, ауру жеңіл өтті деп есептеген науқастарда коронавирустың салдары ауыр болған.

"Әр пациентте аурудың салдары әртүрлі. Оның ішінде көп тарағаны - 97,1 пайыз науқаста әлсіздік болады. Бұл симптом адамда өмір бойына не бірнеше жыл бойы болуы мүмкін. Кемінде ол бірнеше айда аяқталуы мүмкін", - деді дәрігер.

Фото: Reuters

Дәрігердің сөзінше, науқастарда коронавирустан кейін тағы бір симптом - көңіл-күйдің түсуі, депрессия пайда болады. Бұл науқастардың 86,8 пайызында байқалған. Одан бөлек, COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан науқастарда есте сақтау қабілеті нашарлап, ойын жинақтай алмай жатады. Аурудың мұндай салдары 83 пайыз науқаста байқалса, 77,4 пайыз адамда бас ауыруы жиілеген.  

Бұлшықет әлсіздігі, ұйқының нашарлауы

DW мәліметінше, Қытайдың тыныс алу ауруларын клиникалық зерттеудің ұлттық орталығы зерттеу жұмысын жүргізген. Ғалымдар Ухандағы Цзинь Инь-Тань ауруханасынан шыққан 1733 науқасты зерттеген. Сынаққа қатыстандардың орташа жасы - 57, оның 52 пайызы ер адам, қалған 48 пайызы әйел адам.

Зерттеу жұмысына қатысқандардың 63 пайызы шаршау мен бұлшықет әлсіздігі пайда болғанын айтқан. 26 пайызы ұйықтауы нашарлағанын, 23 пайызы мазасыз күй мен депрессияға түсіп кеткенін айтқан. Сонымен қатар, зертханалық зерттеу барысында ауруханада жатқан кезде бүйрегі толық істеп тұрған адамдардың артынша бүйрек жұмысы нашарлай бастаған.

Ал коронавирусты ауыр өткізген науқастардың өкпе жұмысы нашарлап, тыныс алу қиындаған.


Фото: Reuters

"Ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі" 

Ал қаңтарда COVID-19 жұқтырып, ауырып шыққан қазақстандықтар ұйқы және психика тұрғысынан проблемаларға шағымдана бастаған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары туыстары ауырғаннан кейін ұйықтамайтынын, еш себепсіз айғайлап, күлетінін жазды. 

Tengrinews.kz редакциясына жүгінген алматылық Айдана Борақұлованың (аты өзгертілген) айтуынша, оның әпкесінде коронавирустан кейін ұйқысыздық пайда болып, күйзеліске түскен. Мұндай шағымдар әлеуметтік желілерде де жазылды. 

"Жақын адамым коронавируспен ауырды, бірақ қазір жағдайы нашар. Барлығын ұмытып қалады, сөйлесең жауап бермейді, түнде ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі", - деп жазған Желі қолданушысы.

Пікірлерде басқа да қазақстандықтардың психикалық проблемаларға шағымын оқуға болады. Олар мұны коронавирус салдары деп санаған.

Жұқпалы аурулар дәрігері Марина Головенко психологиялық бұзылулар коронавирустың салдары болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, вирус жүйке жасушаларына да әсер етеді. Дәрігер жақында көптеген ғылыми мақала жарық көргенін және онда коронавирустан ұзақ уақыт бойы ұйқының бұзылуы мен мазасыздық сақталатыны жазылғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети