Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 февраля 2021 16:19

"Вакцинадан қорқынышты ауру болады". Желіде тараған жалған ақпараттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы кездері әлеуметтік желіде фейк ақпараттар көп тарап кетті. Оның көбі вакцинация мен коронавирус пандемиясына байланысты. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.


Соңғы кездері әлеуметтік желіде фейк ақпараттар көп тарап кетті. Оның көбі вакцинация мен коронавирус пандемиясына байланысты. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Коронавирус тоқтады"

19 ақпанда әлеуметтік желіде "коронавирус тоқтады" деген ақпарат айтылған видео тарады. Роликте бұл сөзді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахмет айтады.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр", - делінген видеода.

Желідегі бұл ақпаратқа сенгендер көп. Ал негізі, бұл ескі видео - ол былтыр 10 тамызда ОКҚ-дағы брифингте түсірілген. Сол кезде Бағдат Қожахмет жазда күрделенген эпидемиялогиялық ахуал жақсарғанын айтқан еді. Оның үстіне, Бағдат Қожахмет Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі емес. Ол қызметінен былтыр 29 қазанда кеткен болатын. 

"Мобильді қосымшамен ақша аударғаның үшін салық салынады"

"Жақын арада банк мобильді қосымшалары арқылы барлық ақша аударымына салық салынады" деген хабарламалар қазақстандықтарды алаңдатты. Бұл туралы танымал RasTime YouTube-арнасының жүргізушісі мәлімдеді. Ол жеке тұлғаларға арналған ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенген.

Ролик авторының айтуынша, салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады. ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Әрбір сатып алу (картамен төленген - авт.), достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлеуге тура келетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың бірде-бір ақша аударымына салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ. Бұл видеода жалған ақпарат ұсынылған", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Әлихан Смайыловтың кәсіпкерлердің қызметін немесе сатылған тауарлар үшін ақша аударымдарын салық салумен қамту қажеттігі туралы айтқаны рас. Бұл шара тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады. 

"Қазақстандықтарды вакцинаның көмегімен роботқа айналдырады"

Қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі кезекті фейк ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жолы қазақстандықтар "коронавирусқа қарсы вакцина салынған кезде чип бірге салынатыны туралы" хабар таратқан. Хабарламаға сәйкес, тіпті ДСМ "адамдарды роботқа айналдыру үшін" ресми түрде заң қабылдамақ екен.

Хабарлама авторлары ДСМ бұл заңды 30-ы қабылдайтынын, бірақ қай ай екенін нақтыламаған. Сондықтан ақпаратты "тез-тез" таратуды сұраған.

Бұл ақпаратқа қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев пікір білдіріп, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде жасалатынын тағы бір еске салды. 

"COVID-19 вакциналары сүт безі қатерлі ісігі белгілерін тудырады"

19 ақпанда COVID-19 вакциналарының жанама әсерлері сүт безі қатерлі ісігінің белгілеріне өте ұқсас болуы мүмкін деген хабарлама тарады. Кейбіреулерінің пікірінше, екпелер іс жүзінде онкологиялық аурулардың өршуіне себеп болуы мүмкін.

Stopfake мәліметінше, жалған ақпараттың тарауына 18 қаңтарда Clinical Imaging журналында жарияланған "COVID-19 қарсы вакцина аясында бір жақты қолтықасты аденопатия" мақаласы себеп болды. Онда COVID-19 қарсы вакцинациясынан кейін төрт әйел медициналық көмекке жүгінгені жазылған. Олар препараттың екінші дозасын алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң олар қолтықасты шұқырының лимфа түйіндерінің көлемі ұлғайғанын байқаған.

Вакцинаның жанама әсері туралы ақпаратпен қоса ауыр металдар мен зиян компоненттердің болуына байланысты жалпы вакциналардың қауіптілігі туралы мәлімдемелер тараған. Басылым мәліметінше, бұл ақпараттар бірнеше рет жоққа шығарылды және жалған екені хабарланған.

"Вакциналар иммунитетті төмендетпейді, керісінше туберкулез, қызылша, шешек, сіреспе және тағы басқа қауіпті және өлімге әкелетін аурулармен күресуге көмектеседі", - делінген материалда.

"Енді маска тағудың қажеті жоқ"

Ақпан айының басында Желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "мәлімдемесі" қызу талқыға түсті. Бұл ақпаратқа сәйкес, ұйым өкілдері "енді медициналық маска тағудың қажеті жоғын" айтқан.

Stopfake мәліметінше, шын мәнінде, ДДСҰ мамандарының ешқайсысы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ.

Еске салайық, жалған ақпарат таратқан адамдарға 1000 АЕК (2 917 000 теңге) көлемінде айыппұл не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети