Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 августа 2021 17:53

Вирустан қорғайтын сусын немесе уланған су. Қазнетте тараған 5 фейк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блокбекеттер қойыла ма? Желі қолданушылары осындай ақпарат таратып жатыр. Бірақ бұл жалған ақпарат болып шықты. Желіде мұндай фейк көп. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан фейктер топтамасын жасады.


Алматыда блокбекеттер қойыла ма? Желі қолданушылары осындай ақпарат таратып жатыр. Бірақ бұл жалған ақпарат болып шықты. Желіде мұндай фейк көп. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан фейктер топтамасын жасады.

"Алматыда блокбекет орнатылып жатыр" - фейк

Қазнет қолданушылары Алматы маңында блокбекет орнатылып жатыр деген қауесет таратты. Қауесетте блокбекетте әскери техника болатыны айтылады. Дәлел ретінде бронтасымалдаушы түсірілген видео таралып жатыр.

"Алматыда карантин басталды. Блокбекет", - деп жазылған видеода.

Алайда Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Алматыда қазіргі уақытта блокбекеттер жоқ. Видеодағы әскери техника карантин шектеулерімен ешқандай байланысы жоқ.

"Бұл 5 тамыздағы жағдай. Техника жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін Гвардейскіден Алматыға тұрақты орналасу орны әскери бөлімге жеткізілді", - делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында. 

"Лимон қосылған ыстық сусын коронавирустан қорғайды" - фейк

Әлеуметтік желі қолданушылары лимонның емдік қасиеті туралы хабарлама таратып жатыр. Цитрус жемісті ыстық суға қосқанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыра алады делінген. 

"Ыстық лимон қатерлі ісік жасушаларын өлтіреді. Лимонды үшке бөліп, ыстық суға салып, күнде ішу қажет. Бұл бәріне пайдалы. Лимон қосылған ыстық сусын коронавирусқа қарсы дәрілерді алмастырады. Тәжірибеден көргеніміздей, ыстық лимон сусыны вирусқа әсер етіп, аурудан жазады", - делінген хабарлама үзіндісінде. 

Бірақ бұл жалған ақпарат. Лимонмен коронавирусты емдеу туралы хабарлама 2019 жылдан бері әлем бойынша әлеуметтік желілерде тараған.

Хабарламада зерттеуші Чен Хориннің деректері келтірілген. Бірақ ол туралы көпшілікке қол жетімді ақпарат жоқ. С дәруменінің коронавирусқа қарсы әсерін растайтын да зерттеулер жоқ. 

"Лимонның COVID-19 жұқтыруға жол бермейтініне ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда, жалпы алғанда, ДДҰ дұрыс тамақтанудың бір бөлігі ретінде жеміс пен көкөністі жеткілікті мөлшерде жеуді ұсынады", - делінген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сайтында.

"Қазақстанға мерзімі өткен вакцина әкелініп жатыр" - фейк

Қазақстандық танымал Telegram-арналардың бірінде елде қолданылатын "Спутник-V" вакцинасының мерзімі өтіп кеткені туралы ақпарат тарады. 

"Бізге мерзімі өткен нәрсе әкелінгенін естідіңіздер ме? Ауруханадағы дәрігер көршіме партияның мерзімі өткенін байқамай айтып қойған. Ешкімге айтпай, соны біреуге салып жіберсе ше? Мерзімі өткенін бәрінен жасырып, үшінші әлем елі ретінде бізге осы қарғыс атқыр "Спутникті" әкеле жатыр", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда қолданылатын "Спутник-V" вакцинасы "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС-де шығарылады. Ұйым өкілдері препараттың пациенттерге мерзімі өтіп жеткізілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған "Спутник V" препаратының әрбір партиясы (I және II компоненті) вакцина өндірушіде (сапасын растау үшін, ресейлік сарапшылардың қатысуымен, іріктелген үлгілер Гамалея ат. Орталыққа жіберіледі) сәйкестікке қатаң тексерістен өтеді. Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін көпсатылы деңгейлі бақылаудан кейін "Спутник-V" Қазақстан нарығына жіберіледі. Препарат кемінде -35 градус температурада сақталатын қоймадан "суық тізбекті" қатаң сақтай отырып, "СҚ-Фармацияның" вакцина тасымалдау бойынша арнайы көлігіне тиеледі. Бірыңғай дистрибьютор хабтарына және одан әрі Қазақстан өңірлеріне жеткізуді "СК-Фармация" жүзеге асырады", - деді "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС баспасөз қызметіндегілер.

Ал "СҚ-Фармация" компаниясы препарат өңірлерге екпе өндірушіден келіп түскен соң бірден жіберілетінін мәлім етті.

"Қазақстанда ауыз су уланған" - фейк

Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпаратты таратып жатыр.

"Жаңа ғана вируспен тікелей жұмыс істейтін вирусологпен сөйлестім. Бұл құпия: судың бәрін улаған. Диспансерлік, бөтелкедегі су болсын, бәрін улаған. Қайнатпай ішпеңдер деді. Су арқылы бәрін улайтынын айтты", - дейді аудиохабарламадағы әйел даусы. 

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

"Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда", - деді ведомство өкілдері.

"Тікұшақтар қалалардың үстінен ауру шашты" - фейк

Тікұшақтан у шашылғаны туралы тағы бір фейк. Бұл жолы Ақтау тұрғындары таратты. Facebook-те Ақтау үстінен тікұшақтар вирус "шашады" деген хабарлама жарияланды.

"Он минут бұрын тікұшақ келіп, мынадай нәрсе шашып кетті. Тап-таза болып тұрған ауа райы быт-шыт болды. Не шаң емес, не түтін емес, бірақ дем алу мүмкін емес. Өкпеңді қысады", - дейді видеодағы әйел адам. 

Бұл теорияны ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды. Ведомствоның хабарына қарағанда, тікұшақтар оқу-жаттығу ұшуларына жұмылдырылды. Олар вирус та, улы химикаттар да шашқан жоқ.

"Әскери даярлық жоспарына сәйкес, аптасына бірнеше рет барлық авиациялық базаларда ұшу дағдылары мен кәсіби шеберлік деңгейді қолдауға бағытталған оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі. Ұшулар таңертең ерте басталады және ауа температурасы +35 градустан жоғары көтерілгенде аяқталады. Сондай-ақ ұшу құрамын даярлау бағдарламасында түнгі ұшулар қарастырылған. Әуежай Ақтау қаласына тікелей жақын орналасқандықтан, ұшу маршрутының бір бөлігі қала аудандарына жақын орналасқан", - делінген министрліктің ресми жауабында.

Сондай-ақ, әскери ұшақтар мен тікұшақтар қандай да болмасын сұйықтық шашу үшін қажетті арнайы аспалы жүйемен жабдықталмаған.

Таяу да фейктердің бір топтамасын жариялаған болатынбыз. 

Деректер Stopfake.kz сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети