ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 декабря 2020 | 17:48

"Все будет, но не сразу". 2020 жылы танымал болған қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жыл - әлеуметтік желіде қызыққа толы жыл болды. Биыл елімізде көптеген адам танылды. Бірі конкурсқа қатысып, жүлделі орын иеленсе, енді бірі өзіне тән ерекшелігімен көзге көрінді. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы атақты болғандар туралы баяндайды.  


Иконка комментария блок соц сети

2020 жыл - әлеуметтік желіде қызыққа толы жыл болды. Биыл елімізде көптеген адам танылды. Бірі конкурсқа қатысып, жүлделі орын иеленсе, енді бірі өзіне тән ерекшелігімен көзге көрінді. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы атақты болғандар туралы баяндайды.  

"У нас сегодня снег"

Ақтау қаласының Рита Қуатова есімді тұрғыны 11 қаңтарда қар жауған кезде қуанышын жасыра алмай, реакциясын білдіріп, видео түсірген болатын. Видео бірнеше күннің ішінде желіде тез тарап кетті. 

"Сол күні таңертең жұмысқа бара жатқанмын. Қарды көріп, өз-өзімді ұстай алмай, достарыма видео түсіріп жібергенмін. Сонымен тарап кетті", - деді Рита Қуатова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рита Куатова (@ritaaidin)

Видео әлеуметтік желілердегі топтарда тарап кеткеннен кейін Ританың оқырман саны да көбейген. Бүгінде оның Instagram желісіндегі парақшасына 14,7 мың адам жазылған.  

Қазақстандық Конор Макгрегор

Бахрам Сапарбаев сырт келбеті UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы Конор МакГрегорға қатты ұқсайтындықтан желіде танымал болып кетті. Бірде ол МакГрегорға пародия жасаған болатын. 

Сапарбаев Алматыда тұрақ қызметшісі болып жұмыс істейді. Ол негізгі жұмысынан бөлек, ән айтып, вайн түсіреді. 

Ол 30 жаста, Қарақалпақстан тумасы. Отбасы сол елде қалған. Әкесі - қазақ, анасы - өзбек, бауырлары бар. Алматыға 12 жасында танымал болу үшін келген екен. Ата-анасы Бахрамның дәрігер болғанын қалаған.

"Солар үшін медициналық училищеге түстім. Бірақ үшінші курсқа дейін әрең жетіп, ақыры ине салуды үйрене алмадым. Бірақ консерваторияға түскім келді, ән айтып, билегенді ұнататынмын, шығармашылық ортаға бір бүйрегім бұрып тұрды. Алайда менің дарыныма ешкім мән бергісі келмеді. Бір күні бәрін тастап, Алматыға кетіп қалуды шештім", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.  

Казахский Конор Макгрегор работает парковщиком в Алматы

Әлем БАҚ-тарында жарияланған видео

14 қарашада Ақтау маңындағы Қаракөл көліне қоқиқаздар келген. Бұл керемет көріністі Азамат Сәрсенбаев есімді Facebook қолданушысы дронмен видеоға түсіріп, парақшасында жариялаған болатын. 

Артынша құстарды видеоға түсірген ақтаулық жігітке айыппұл салынуы мүмкін екені белгілі болды. Бұл кезде ролик авторы түсірген видео әлемдік БАҚ беттерінде жарияланып, шетелдіктер Қаракөлдегі видеоны көріп, таңданыстарын жасыра алмады. Осылайша Азамат Сәрсенбаевтың танымалдығы арта түсті. 

"Қазақстанда ма? Мен Майамидегі қоқиқаздар ма деп ойладым...". Шетелдіктер Қаракөлдегі видеоға тамсанды

Бүгінде Азамат Сәрсенбаев дрон арқылы түрлі видео түсіреді. 

"Запомни одну фразу, все будет, но не сразу"

Биыл жазда әлеуметтік желіде "Запомни одну фразу, все будет, но не сразу" деген цитата хитке айналды. Алайда көптеген адам ол сөзді айтқан жігітпен таныс емес еді. Видеоның авторы - Бақдәулет Жайылхан. Ол - Түркістан облысы Шардара қаласының тумасы. 

Жасы 20-да. Қазақ спорт және туризм академиясында оқиды, үшінші курсты бітірді. Отбасында жеті ағайынды, Бақдәулет алтыншысы.

"Ол цитатаны өзім таптым десек те болады. Өзім шығардым. Бұл видеоны үлкен идея құрастырып түсірген жоқпыз. Тек "бір айтып көрейік" деп түсіре салдық. Монтаж жасаған кезде "өтеді-ау" деген ой болды. Видеоны екі адам түсірдік: өзім және оператор. Таныстарым, достарым бәрі жақсы әсер етті. Барлық жерден көрсетілді, мақтап. Жаман пікір болған жоқ. Ата-анам да бұл видеоны көрді. Еш қарсылықтары жоқ. Бауырларыма да ұнады", - деді Бақдәулет Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бүгінде Бақдаулеттің 115 мыңнан аса фолловері бар. Жақында "Қызық премия" бағдарламасында "Фраза 2020" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.

"Все будет, но не сразу" сөзімен Қазнетте хит болған жігіт: Instagram-ға екі ай бұрын келдім

30 жастағы қазақстандық Әли-Асқар Байғожин тәртіп сақшыларының жұмысы туралы әзіл видеолар түсіріп, оларды Instagram және TikTok-та жариялайды. Ол Атырау қаласында туған. Мектеп бітіргеннен кейін Алматыдағы ҰҚК Академиясына түскен. Алты жылдай Атырау облысындағы ҰҚК Департаментінде қызмет еткен. 

Ол шетелдік азаматпен жанжалдасып қалғаннан кейін жұмыстан шығып қалған. Әли-Асқар жұмыстан шығып қалғаннан кейін тәртіп сақшыларының оқуы мен қызметі туралы видеолар түсіріп, желіде танымал бола бастаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qasqyrbayev Askeryus (@qasqir_kz)

"Біздің өз арамызда қалжыңдарымыз бар, көбі оны түсіне бермейді. Мен үшін ол хоббиге айналып кетті. Жұмыстан шығып қалғаннан кейін ортақ тақырыпқа видео түсірдім. Ол видео тез тарап кетті. Маған Ресейдегі, Өзбекстандағы, Украинадағы адамдар да жаза бастады", - дейді ол. 

Қарақат Башанова

Қарақат Башанова биыл еліміздің атынан "Балалар Евровидениесі" конкурсына қатысып, екінші орын иеленді. Ол өмірден өткен әкесіне арнап финалда Forever әнін шырқады.

Биылғы байқау 29 қарашада Польшада өтті. Бірақ қатысушылар өз елінде өнер көрсетті. Бірінші орынды интернет-дауыс беру арқылы және әділ қазылардың ең жоғары ұпайына ие болған фрнциялық Валентина Тронель иеленсе, екінші орында отандасымыз Қарақат Башанова, үшінші орында испаниялық Солеа есімді қатысушы. Биылғы додаға барлығы 12 адам қатысқан.

Қарақат 12 жаста, бүгінде Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 6-сынып оқушысы. Ол Алматы облысы Талғар қаласы Рысқұлов ауылында туған. 

Қарақат отбасындағы кенже бала: одан бөлек, әпкелері Құралай мен Қаракөз бар. Оның айтуынша, отбасында Қарақаттан бөлек ешкім музыкамен айналыспайды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети