Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 июня 2020 15:04

"Все будет, но не сразу" сөзімен Қазнетте хит болған жігіт: Instagram-ға екі ай бұрын келдім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақдәулет Жайылхан © instagram.com/bakdauulet_ Бақдәулет Жайылхан © instagram.com/bakdauulet_

Әлеуметтік желіде "Запомни одну фразу, все будет, но не сразу" деген цитата хитке айналды. Алайда көптеген адам ол сөзді айтқан баламен таныс емес. Tengrinews.kz тілшісі хитке айналған сөздің авторымен сұхбаттасты. 


Әлеуметтік желіде "Запомни одну фразу, все будет, но не сразу" деген цитата хитке айналды. Алайда көптеген адам ол сөзді айтқан баламен таныс емес. Tengrinews.kz тілшісі хитке айналған сөздің авторымен сұхбаттасты. 

Бұл видео әлеметтік желіде, әсіресе TikTok және Instagram желісінде көптеген топта пайда болған. Видеоның авторы - Бақдәулет Жайылхан. Ол - Түркістан облысы Шардара қаласының тумасы. 

"Жасым 20-да. Қазақ спорт және туризм академиясында оқимын, үшінші курсты бітірдім. Отбасымда жеті ағайындымыз. Мен алтыншы баламын", - дейді ол. 

Оның айтуынша, желіде танымал болған видео шамамен екі ай бұрын түсірілген. 

"Ол видеоны жай түсірген жоқпыз. Негізі Instagram-да енді бастап келе жатқан вайнермін. Желідегі парақшамды жүргізуді де екі ай бұрын бастағанбыз", - дейді Бақдәулет. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бақдәулет Қожабергенұлы (@bakdauulet_)

Бақдәулет бұл видео желіде қатты танымал болып кетеді деп ойламаған. 

"Видео бүкіл әлеуметтік желіде хит болып кетсе деп қатты ойламадық. Бірақ іштей танылып кетсе екен деген ой болады ғой. Іштей сездік. Ол цитатаны өзім таптым десек те болады. Өзім шығардым. Бұл видеоны үлкен идея құрастырып түсірген жоқпыз. Тек "бір айтып көрейік" деп түсіре салдық. Монтаж жасаған кезде "өтеді-ау" деген ой болды. Видеоны екі адам түсірдік: өзім және оператор. Таныстарым, достарым бәрі жақсы әсер етті. Барлық жерден көрсетілді, мақтап. Жаман пікір болған жоқ. Ата-анам да бұл видеоны көрді. Еш қарсылықтары жоқ. Бауырларыма да ұнады", - дейді Бақдәулет. 

Бақдәулеттің бүгінде Instagram желісіндегі парақшасында 25 мыңнан аса оқырманы бар. Көптеген топ оның видеосын салып, алайда парақшасын белгілемей кеткендіктен аккаунтында аса өзгеріс болмаған екен. 

"Бұл видео шыққаннан кейін кішігірім ғана өзгеріс болды. Көп болса 2-3 мың оқырман ғана қосылды. Себебі менің видеомды салған көптеген топ менің парақшамды белгілемей кетіпті. Танымал топтар да менің парақшамды белгілемеген екен", - дейді ол. 


Бақдәулет Жайылхан © instagram.com/bakdauulet_

Видео желіде тарағаннан кейін оның ремиксі пайда болды. 

"Иә, одан хабарым бар. Бірақ оны жасаған нақты кім екенін білмеймін, таппай жүрміз. Оны ары қарай айналдырып, трек жасауды ойламаппыз. Қалай болар екен ол, ол жағын ойланып көрмеппіз", - дейді Бақдәулет. 

Бақдәулет болашақта мамандық бойынша жұмыс істейтіні не блогерлікті қолға алатыны әлі белгісіз екенін айтады. 

"Өте қиын сұрақ. Көреміз, оны әлі ойланған жоқпын. Енді-енді бастап келе жатқандықтан уақыт көрсетеді. Оқу бітіргенше көреміз. Егер вайн жағы жақсы болып жатса, ары қарай дамыта береміз ғой", - дейді ол.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети