Тонды дұрыс таңдай білесіз бе? Киіс беретін ішік сатып алатындарға 5 кеңес

19 Қыркүйек, 18:18
3
Тонды дұрыс таңдай білесіз бе? Киіс беретін ішік сатып алатындарға 5 кеңес -

Ішіктің табиғи немесе жасанды екенін қалай ажыратуға болады? Оны қалай таңдаймыз? Олардың сапасын қалай ажыратамыз? Ішікке қалай күтім жасаймыз? Сырт киімді ұзақ кию үшін не істеу керек?  Tengrinews.kz тілшісі осы және тағы басқа сұрақтардың жауабын іздеп көрді. 

Табиғи және жасанды ішіктің басты айырмашылығы

Ішік сатумен айналысатын кәсіпкердің айтуынша, табиғи ішікті түсі мен түріне қарап ажыратуға болады. 

"Тек жасанды материалдың түсі біркелкі бірдей болады, табиғи теріден бірнеше реңк байқалады. Нағыз күзеннің терісін үлкейтекіш әйнекпен қарасақ, шаштың ерекше құрылымын көру оңай: табиғи қаракүзеннің түбі жуан және ол бара-бара жіңішкере береді. Ал жасандының әдетте ұзындығы және қалыңдығы бірдей болады", - дейді ол. 

Ішіктің табиғилығын күнделікті қолданып жүрген сіріңке көмегімен анықтауға болады екен. Ол үшін қысқышпен ондағы бір шашты жұлып, жағамыз: оның иісі мен өртенудегі көрінісі адам шашы сияқты жанса, сіздің алдыңызда нағыз күзен терісі тұр деп ойлаңыз. Керісінше, өткір химиялық иіс шықса, жалған деген сөз. 

Премиум санатындағы ішік пен қарапайым ішіктің айырмашылығы 

 

Премиум санатына жататын қаракүзен ішігін түріне қарап анықтауға болады. Олардың масс-маркеттен айырмашылығы - тон сапасы мен тігісінің өзгешелігінде. 

Қыстың аязды күндері ішік киетін әйелдер "күзеннің терісі - өте жылы" деп жатады. Мұнда "неге?" деген сұрақ туындайды. Кәсіпкердің айтуынша, ұзын шаш астында қалың тері жасырынған, ол табиғи ішіктің жақсы жылу сақтағыш қасиеттерінің кепілі саналады екен. Онда ауа қабаты бар, ол бір жағынан тонды үлпілдек етсе, екінші жағынан суық өткізбейді екен. 


© pixabay.com

Тонды сатып алуды жеңілдететін 5 ереже

 

  • Тонды бір жылдан аса осы іспен айналысатын мамандандырылған дүкендерден және тері орталықтарынан сатып алыңыз. Мұндай дүкендер өзінің беделіне жұмыс істейді яғни өнім сапасына да мән береді деген сөз. Олар, сұрасаңыз, барлық қажетті сертификаттарды көрсетуге дайын. 
  • Таңдау кезіндегі негізгі ереже - сырт киім тар болмасын. Дүкенде айна алдында кемінде 5 минут осы тонда "өмір сүріп" көріңіз. Өлшеп көргенде оның ыңғайлығы мен пішімін бағалау үшін ары-бері қозғалып, иығы, бел, бөксе жағы қалай тұратынан көріп, алдын ашқанда қалай жататынын қараңыз. Тон дене сымбатына еркін қона кету керек.
  • Жүнді кері бағытта қолмен сипап өтіңіз. Түктер бастапқы қалыпқа оралуы қажет, ал алақанда ештеңе қалмауы керек. Сапалы күзен терісінің түсі бай көрінеді, жылтырап, түсі бір-бірімен үйлесіп тұрады.
  • Тонның иісі жағымды болуы керек. Өткір, жағымсыз иіске жол жоқ. Бұл оның фабрикада тігілмегенінің белгісі.
  • Құлақшасына мән беріңіз. Ол жазба белгімсімен бірдей болуы керек. 


© pixabay.com

Ішікке күтім жасау жолдары

Кәсіпкердің айтуынша, ең маңызды ережелердің бірі - ішікті тек аязды, құрғақ күндері кию керек. Оған күн де әсерін тигізбеуі керек. 

Алайда ауа райы тосын құбылып, жаңбырдан қашып құтылу мүмкін болмай қалғанда, ішікке дұрыс күтім жасай білу маңызды. Ішік саудасымен айналысып жүрген адамдарлың айтуынша, теріні қолдан келгенше ерте қағып, кептіру керек. 

Кептіру жолдары

Мамандардың айтуынша, теріні де ереже бойынша кептіру керек.

- Оны иығын жайып іліп қойыңыз;
- Тонға тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз;
- Жылыту құралдарының, фен немесе газ конфоркаларының көмегіне жүгінбеңіз. Тон үй температурасында өз бетінше құрғауы керек;
- Ішік өте қатты суланып қалса, жұмсақ шүберекпен артық ылғалдан құтылыңыз;
- Тері құрғағанша, оны орнынан қозғалтып, тиісудің керегі жоқ. Сырт киімге зақым келуі мүмкін. 

Тазарту жолдары

Тонға кір түссе, оны алдымен құрғатып, содан кейін ғана құрғақ ысқышпен мұқият тазалау керек. Ал ішікке майлы зат түссе, даққа үгінділер себуге кеңес беріледі. Қатты ластанған жағдайда тонды тек химиялық тазалау арқылы тазартуға болады.

Ішік киіс берсін десеңіз - 6 ереже 

 

Кәсіпкер ішік бірнеше жылда бүлініп қалмас үшін қандай шаралар қолдану керектігін айтты. 

  • ​Шылым шегетін және желдетілмейтін бөлмелерден аулақ болыңыз. Тері бөтен иістерді жақсы сіңіреді. Ішікке әтір себудің қажеті жоқ, әрине, хош иіс ұзақ сақталады, бірақ парфюмнің химиялық құрамы тері құрылымын зақымдауы мүмкін​.
  • Артық ылғал тері өнімін бұзады. Жаңбыр немесе қар астында қалсаңыз үйге іліп қойыңыз, кепсін.
  • Тікелей күн сәулесі мен күшті жарық көзі астында ішік тез оңып кетуі мүмкін. Температура нөлден 20-25 градус жоғары кезде ішіктен жасалған сырт киіммен шығу қажет емес. Себебі ол ағара бастайды, ал түк астындағы тері кеуіп, сынғыш болады.​
  • Жазғы маусымда тонды шкафқа жинап қою керек. Бірақ оны арнайы қаптамада сақтаған жөн. Целлофанды қолданудың қажеті жоқ. Себебі оған ауа кірмей, кейін терідегі түктер түсе бастайды, орнынан қозғалады. 
  • Ішік киіп көлік жүргізгенде де бірталай өзгеріс байқалуы мүмкін. Орынды жылыту функциясын қалай жиі пайдаланатыныңызға мән берген жөн. Жылу әсерінен сырт киім "отырып" қалуы мүмкін және ол орнына келмейді. Тері құрылымы үшін ең қауіпсіз - былғары орындықтар. Ал велюрде жиі қысылып қалады. Сондықтан автокөліктің салоны былғарыдан болмаса, арнайы тегіс қапшық кигізуге кеңес беріледі. 
  • Ішік терісін сипау өте жағымды болса да, оны үнемі ұстай беруге болмайды. Қолдың тері майы киімде қалып қояды, кейін ішік жылтырап кетуі мүмкін. 

Ішікке әтір себуге болмайды. Онда не істеу керек?

 

Ішік сатумен айналысатын адамдар үйден шығарды әтірді қалай, қайда себу керектігін айтты. 

"Көбі "әтірді жүннің өзіне себуге бола ма?" деп сұрайды. Химиялық қосылыстар тері құрылымын зақымдауы мүмкін​, сондықтан болмайды, оны мұның алдында айтып өттім. Сондықтан қарапайым ережеге сүйену керек. Тонның астына мойынға жібек орамал тағыңыз. Ол әтірдің артық иісін өзіне сіңіреді. Тері - әтір себетін ең жақсы орын. Хош иісті жоқ дегенде тонның астарына себуге болады. Тонды жеңсіз киюді жақсы көретіндерге, астардың ішкі жағына арнайы қолтық мата тігуге кеңес беріледі. Сонда оны жуып, ауыстыруға мүмкіндік болады", - дейді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц