Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 августа 2019 13:19

Қара халықтан бастап президентіне дейін қаруланған. АҚШ-тағы жантүршігерлік оқиғалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Америка құрама штаттарындағы атыс-шабыстар, еркін қолданыстағы қару-жарақ туралы пікірталастар күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып тұр. Мұндай пікірталастар Америкадағы әрбір оқиғадан кейін болады. Себебі қазіргі таңда штаттарда атыс-шабыс саны азаймай тұр. Штат азаматтарының қару-жарақты сақтау және иелену құқығы қашан пайда болды? Заң қабылданғаннан бері болған оқиғаларға Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Америка құрама штаттарындағы атыс-шабыстар, еркін қолданыстағы қару-жарақ туралы пікірталастар күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып тұр. Мұндай пікірталастар Америкадағы әрбір оқиғадан кейін болады. Себебі қазіргі таңда штаттарда атыс-шабыс саны азаймай тұр. Штат азаматтарының қару-жарақты сақтау және иелену құқығы қашан пайда болды? Заң қабылданғаннан бері болған оқиғаларға Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Америка құрама штаттарында өткен түні бірден үш атыс болған. Ең бірінші ойын-сауық орталығына жасалған шабуыл салдарынан 20 адам қаза тауып, 26 адам ауыр жарақат алған. Шабуылды 21 жастағы Патрик Крузиос жасаған. Атысқа дейін ол Twitter желісінде Жаңа Зеландия мешітінде болған терактіні қолдайтынын айтқан. 


Ойын-сауық орталығына шабуылдаушы © CNW

Екінші жарылыс Огайо штатындағы Дейтонда болған. 9 адам қаза тауып, 26 адам ауыр жарақат алған. 24 жастағы Коннор Беттс шабуыл жасаған деген болжамдар бар. 

Ал үшінші жантүршігерлік оқиға Чикагодағы балалар ойын алаңында болған. Оқиға салдарынан 7 адам жарақат алған. Шабуылдаушы, қара Chevrolet Camaro-ның иесі туралы нақты ақпараттар айтылмайды. 

Бұл оқиғалар туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өз пікірін білдірген. Президенттің ойынша, АҚШ-та болған жаппай шабуылдарды психологиялық ауытқулары бар адамдар жасаған. Сондай-ақ президенттің айтуынша, шабуылдарға байланысты мәселе әлі күнге дейін шешімін таба алмай отырғандықтан бұл мәселені тез арада шешу керек. 

Американың экс-президенті Барак Обама да ел тұрғындарын осы мәселеге қатысты көзқарастарын қайта қарау туралы Twitter-дегі парақшасында 2015 жылы жазба қалдырған.  

Экс-басшының сөзінше, статистика бойынша штат тұрғындары Жапонияға қарағанда 297 есе, Францияға қарағанда 49 есе және Израильге қарағанда 33 есе көп шабуыл жасаған.

Сондай-ақ демократтар да заңнама реформасын қолдаған. Саясаткер Хиллари Клинтон қолданыстағы заңнаманы күшейтуді ұсынған.

Қару-жарақты сатып алу және сақтау құқығы туралы заң

Америка құрама штаттарында қару-жарақты сатып алу және сақтау құқығы туралы заңда ел конституциясының 1791 жылғы екінші түзетілуінде "Жақсы ұйымдасқан полиция тобы тәуелсіз, еркін мемлекет үшін қажет, алайда халықтың қару-жарақты сақтау құқығы бұзылмауы керек" делінген. Бұдан бөлек, АҚШ-та қару-жарақты сатып алу және сақтау ережелерін реттейтін федералдық заңдар бар. Қазіргі таңда елде қару айналымын реттейтін әр түрлі деңгейдегі 2,5 мыңға жуық заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер бар.

Елде қысқа қарумен қоса ұзын, сондай-ақ жартылай автомат қаруды қолдануға рұқсат етілген. Тіпті 1986 жылға дейін Америка азаматтары автоматты қару яғни автоматтар мен пулеметтерді иеленуге құқылы болған. АҚШ-тың федералдық заңына сәйкес қару-жарақты психологиялық ауытқулары бар адамдарға, бұрын сотталған, нашақорлар мен азаматтығы жоқ адамдарға сатуға тыйым салынған. Тапаншаларды әдетте 21 жастан асқан адамдар, ал аңшылық мылтықты 18 жастан асқан адамдар сатып алады. Қаруды еркін алып жүру ережелері әр штатта әртүрлі. Қазіргі таңда қанша атыс құралдарының айналымда жүргені нақты белгісіз.


© Flickr / Marcin Wichary

Женевада орналасқан Small Arms Survey ұйымының мәліметінше, АҚШ-тағы бейбіт тұрғындардың қолында 270 миллионға жуық атыс құралдары бар. Яғни 100 тұрғынға 89 дана. Ал General Social Survey ұйымының 2014 жылғы деректері бойынша, 1972 жылдан бері қару-жарақ иелерінің саны азайып келеді. Қазір халықтың 32 пайызында атыс құралдары бар немесе қару-жарағы бар адаммен бірге тұрады. 1970 жылдың аяғы мен 1980 жылдың басында тапанша халықтың 50 пайызында болған. 

Айта кетейік, қару-жарақты сатып алу және сақтау АҚШ-тың көптеген штатында заңды түрде қарастырылған. Атыс қаруын қолданудың еркін ережелері Мэн, Луизиана және Аляска штаттарында тіркелген. Елдегі 43 штатта атыс құралдарын иелену үшін лицензия мен тіркеу талап етілмейді. Ал 2016 жылы қару-жарақты қолдануға тыйым салатын штаттар мүлде қалмаған. Қару-жарақтың бағасына келетін болсақ шамамен 200 доллардан 1500 долларға дейін бағаланған.

Статистикаға жүгінетін болсақ, әлем бойынша тіркелген жеке тапаншалардың 42 пайызы АҚШ-та орналасқан. Сондай-ақ жергілікті халықтың 51 пайызы атыс құралдарын сақтауды қолдайтын көрінеді. Бір миллион тұрғынға шаққанда 29,7 қылмыс тапанша қолдану арқылы болған. 2014 жылы Америкада 33 мыңға жуық атыс құралдары салдарынан болған өлімнің үштен екі бөлігі өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тіркелген. Ал 2015 жылғы мәлімет бойынша 12 979 өлім атыс қаруының салдарынан болған. АҚШ-та соңғы онжылдықта тапанша қолдану арқылы болған қылмыстың барлығында қару заңды түрде алынған. Қаруды бақылаушылар атыс құралдарын тексеру дұрыс аяқталмаған және бұл қайта тексеруді талап ететінін айтқан. 

Осыған дейін болған ірі оқиғаларға шолу

"Сэнди Хук" бастауыш мектебіндегі қырғын. Оқиға 2012 жылы 14 желтоқсанда болған. 20 жастағы Адам Питер Лэнза алдымен үйінде анасын өлтіріп, сосын мектепке барып екі ересек адам мен 6-7 жасар 20 баланы өлтірген. Артынан екі адамды жарақаттап, кейіннен өз-өзіне қол жұмсаған. 


© РИА Новости

Флориданың гей-клубындағы атыс. Кейбір мәліметтер бойынша клубта шамамен 100 адам болған. Оқиға 2016 жылы 12 маусымда болған. Куәгерлердің айтуынша шабуылдаушы жергілікті уақыт бойынша сағат түнгі 02:00 шамасында оқ жаудырған. Оқиға салдарынан 50 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 53 адам ауыр жарақат алған. 

Лас-Вегастағы жаппай шабуыл. 2017 жылы 1 қазанда Лас-Вегас маңындағы қала тұрғыны 64 жастағы Стивен Паддок концерт барысында оқ жаудыра бастаған. Ол Мандалай-Бэй қонақүйінің 32-қабатынан концертке келген қонақтарға шабуыл жасаған. Қонақүй маңында алаңда болған концертке 20 мыңға жуық адам келген. Кейбір куәгерлердің сөзінше, Паддок мыңға жуық оқ-дәрімен шабуылдаған. Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде Стивен Паддок құқық қорғау органдары келгенше өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан. Оқиға салдарынан 59 адам қаза тауып, 527 адам ауыр жарақат алған. 


Стивен Паддок © РИА Новости

Крайстчерч мешітіндегі теракт. Оқиға 2019 жылы 15 наурызда Аль-Нур мешітінде болған. 29 жастағы аустралиялық азамат мешіттегі адамдарға оқ жаудырған. Жергілікті билік өкілдері бұл оқиғаны теракт деп бағалады. Бұл Жаңа Зеландияда болған ең ірі терактілердің бірі. Қайтыс болған адам саны - 51. 


Аль-Нур мешіті. © REUTERS

Айта кетейік, 2015 жылдың қазанында Дональд Трамп Республикалық партиялардың дебатында өзі де қару алып жүретінін мәлімдеген. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзінше, атыс-шабыс оқиғаларының көп болуының басты себебі елдегі қару-жарақ қолданушылар санының көбеюінде. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети