Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 апреля 2020 12:38

"Басқа аурудан қайтыс болатындар жүз есе көп" - Лукашенконың коронавирус туралы мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Лукашенко © REUTERS Александр Лукашенко © REUTERS

Беларусьте коронавирус инфекциясы ресми түрде 28 ақпанда анықталды. Бүгінде ел бойынша 3281 адам COVID-19 жұқтырып, 33 адам қайтыс болған. Алайда ел президенті Александр Лукашенко 33 адам коронавирустан көз жұмбағанын айтқан. Одан бөлек, ел президенті коронавирусқа "психоз" деген түсінік берген. Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президентінің коронавирусқа байланысты мәлімдемелеріне шолу жасады.


Беларусьте коронавирус инфекциясы ресми түрде 28 ақпанда анықталды. Бүгінде ел бойынша 3281 адам COVID-19 жұқтырып, 33 адам қайтыс болған. Алайда ел президенті Александр Лукашенко 33 адам коронавирустан көз жұмбағанын айтқан. Одан бөлек, ел президенті коронавирусқа "психоз" деген түсінік берген. Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президентінің коронавирусқа байланысты мәлімдемелеріне шолу жасады.

22 наурызда Александр Лукашенко коронавирус пандемиясына қарамастан шетелге шығып кеткендерге қатаң ескерту жасады.

"Біз ескерткен күннің өзінде елден шығып кеткендерге ешқандай чартер рейсі болмайды. Кетіп қалды ма, сонда қалсын", - деді Лукашенко.

Ресми түрде Беларусь өз тарапынан коронавирусқа байланысты көршілес елдермен шекараны жаппаған. Керісінше, көршілес елдер шетел азаматтарына кіруге тыйым салған. Мәселен, Украина 16 наурыздан, Польша 13 наурыздан, Литва 14 наурыздан және Латвия 17 наурыздан бастап шекараны жапқан.

Беларусь шекараны неліктен жаппады?

27 наурызда Александр Лукашенко "Белгипс" кәсіпорнының қызметкерлерімен кездескен болатын. Ол кездесу барысында шекараны жапқан көршілес елдерді сынға алып, "зымырап жатқан уақытты тоқтата алмайсың" деп түсіндірген.

"Елде коронавирус анықталған кезде әрекет етуіміз керек болды. Сол кезде мен шекараны жаппау туралы шешім қабылдадым. Жабудың не қажеті бар? Украина, Польша, балтық елдері, сосын орыс ағайындарымыз да шекараны жапты. Жақсы, жапсын. Бірақ зымырап жатқан уақытты тоқтата алмайсың ғой", - деді Лукашенко кездесуде.

Кездесу барысында Александр Лукашенко елде неліктен әлі карантин жарияланбағанын түсіндірді.

"Трамп, кезінде бизнеспен айланысқан адам ретінде жедел әрекет етті. Маған оның соңғы мәлімдемесі ұнады. Ол: "Егер біз кәсіпорындарды қайта қосып, жұмысты бастамасақ, онда елде коронавирусқа қарағанда жұмыссыздықтан көз жұмған америкалықтардың саны көп болады" деді. Сіздер мен неліктен кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпағанымды түсінген боларсыздар. Бірақ ақыл айтқыштар көп болды: шекараны жауып, кәсіпорындарды тоқтатып, елді карантинге жабу керек деді. Сол кезде мен қатаң шешім қабылдадым - қажет болған кезде ғана карантин жариялаймыз", - деді Беларусь басшысы.

Лукашенконың айтуынша, коронавирустың тарауына байланысты "психоз" дүниежүзі елдерінің экономикасын тоқтатқан. Кездесуде ел басшысы Беларусьте жыл сайын көктемде вирус өрши түсетіні қалыпты жағдай екенін, ал биыл оған коронавирус қосылғанын айтты.

"Басқа ауру түрінен қайтыс болатындардың саны жүз есе көп"

30 наурызда Александр Лукашенко "ОНТ" телеарнасына берген сұхбатында негізінен коронавирусқа қарағанда басқа ауру түрінен қайтыс болатын адам саны көп екенін айтқан.

"Мені бір алаңдататыны - бәріміз коронавирусты айналшақтап қалдық. Бірақ вирусқа қарағанда аурудың басқа түрінен қайтыс болатын адам саны көп екенін ұмытып кетеміз. Бізде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруы, астмамен ауыратындар және қарапайым пневмонияның жеңіл түрімен ауыратындар барын ұмытпауымыз керек. Бұл аурулардың түрінен қайтыс болған адам саны вирусқа қарағанда жүз есе көп. (...) Бірақ қарттарға күтім жасау керек. Себебі, біріншіден, олардың иммунитеті әлсіреген. Екіншіден, қарттарда ауру пукеті өте көп", - деді Лукашенко.

13 сәуірде Лукшенко бірқатар министрмен кездескенде таңғаларлық мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Беларусьте коронавирустан бір де бір адам қайтыс болмаған.

"Адамдар қорқып қалған. Сондықтан менің оларға айтарым: Біздің елде коронавирустан бір адам қайтыс болған жоқ. Бір де бір! Олар бұрыннан бері келе жатқан созылмалы аурулардан көз жұмды. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпеге ауа етіспеуі бар. Барлығы жиналып қалған. Оның ішінде қант диабеті де бар. Мен тіпті оқи алмайтын диагноздар анықталып жатты. Оған келіп коронавирус қосылған", - деді президент.

Еске салайық, дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асты. АҚШ-тың өзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны жарты миллионнан (614 246 адам) асты. Қайтыс болған адам саны бойынша бірінші орында Италия: барлығы 21 067 адам. 

Қазақстанда 1275 адамнан COVID-19 анықталып, 15 адам қайтыс болды. Коронавирус жұқтырған 203 адам жазылып шықты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети