Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июля 2020 17:44

COVID-19 бен пневмония статистикасын біріктірген Қырғызстандағы жағдай қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Көршілес Қырғызстан елінде коронавирусқа байланысты ахуал өршіп барады. Бұл туралы елдің ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Акматова мәлімдеген. Елде тек коронавирустан емес, сондай-ақ пневмониядан да өлім саны көбейген. Одан бөлек, қырғыз елінде аурухана тапшылығы бар. Көршілес елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшіс материалында. 


Көршілес Қырғызстан елінде коронавирусқа байланысты ахуал өршіп барады. Бұл туралы елдің ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Акматова мәлімдеген. Елде тек коронавирустан емес, сондай-ақ пневмониядан да өлім саны көбейген. Одан бөлек, қырғыз елінде аурухана тапшылығы бар. Көршілес елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшіс материалында. 

Елдегі қазіргі жағдай қандай?

"Спутник Қырғызстан" мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық жағдай маусымның ортасында нашарлай бастаған. Бүгінде елде коронавирус жұқтырған 13 мыңнан аса адам анықталған. Бұл Worldometers сайтындағы мәлімет. Кеше, 16 шілдеде елдің вице-премьер министрі Аида Исмаилова енді ауруханадан тыс кезде анықталған пневмония коронавирус деп санауға көшетінін мәлімдеген. Себебі елде COVID-19-бен қатар пневмония жұқтырғандар саны артып жатыр екен. Елде коронавирусқа U07.1, пневмонияға U07.2 коды беріліп, екі аурудың статистикасы біріктірілген. Алайда біріктірілген статистика әлі жария болмады.

© Reuters

17 шілдедегі мәлімет бойынша, Қырғызстанда соңғы тәулікте мыңнан аса адамнан ауруханадан тыс пневмония анықталған. Жалпы аурудың бұл түрі 10 682 адамнан анықталған. Сондай-ақ 603 адамнан коронавирус анықталып, бір тәулікте алты адам қайтыс болған. 

Коронавирус пандемиясына байланысты Бішкекте карантин режимі күшейтілген. Ел астанасында шілдеден бастап түнгі клуб, караоке-клуб басқа да көңіл көтеретін жерлердің жұмысы тоқтатылады, көше саудасына, оның ішінде, велосипедті жалға беру, балалар алаңы мен батуттардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Қаладағы қоғамдық көлік жұмыс күндері сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі уақытта 17:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады. Ал кафе, мейрамхана, тамақтану орындары таңғы 08:00-ден 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Ауруханадағы жағдай

24.kg мәліметінше, Қырғызстанда COVID-19 көбіне медицина қызметкерлерінен анықталады. Оған қорғаныш құралдарының жетіспеуі себеп болған. Күніне, орта есеппен 22 дәрігеден COVID-19 анықталады. Қырғызстанның Нарын облысының өзінде әрбір төртінші науқас - медицина қызметкері.  

Қырғызстан дүние жүзінде коронавирус жұқтырған дәрігерлер саны бойынша Тәжікстан мен Испаниядан кейін үшінші орында екен (18 пайыз). 

Одан бөлек, елде ауруханадағы жағдай да оңай емес. "Настоящее время" мәліметінше, ел астанасындағы жедел жәрдемнің бас дәрігері науқастарды апаратын жер жоғын айтқан. Коронавирусқа байланысты күндізгі стационарлар да жұмылдырылған. Үлкен спорт залдарында, муниципалдық наубайханаларда қосымша орындар ашылған. Ол жерде дәрі тамызғышы мен екпе алуға болады. Бірақ кәдімгі ауруханаларда орын жоқ болғандықтан, бұл жерлерге жағдайы ауыр науқастарды да әкеліп жатыр. Мұндай стационарлар жұмысын бастаған бірінші күннің өзінде үш адам қайтыс болған екен.

Instagram жұлдыздары, кәсіпкерлер, әншілер мен қарапайым тұрғындар өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарына, дәрі-дәрмекке ақша жинап, дәрігерлерге ас әзірлей бастаған екен.

© Reuters

"Спутник Қырғызстан" мәліметінше, бір миллионнан аса халқы бар Бішкекте 13 күндізгі және 2 түнгі стационар жұмыс істейді. Жалпы қала бойынша мыңнан аса орын бар. Бішкектің вице-мэрі Азиз Алымкуловтың сөзінше, сағат 08:00-20:00 аралағында жұмыс істейтін күндізгі стационарда 216 медицина қызметкер мен 22 волонтер жұмыс істейді. Ал жағдайы ауыр науқастарды қабылдайтын түнгі стационарларда 34 дәрігер мен 5 ерікті, 51 оттегі концентраты мен 4 дәріхана пункті бар екен.

Еске салайық, Қырғызстанда тек коронавирус жұқтырған 13 101 адам анықталған. Оның ішінде, 3821 адам аурудн айықса, 173 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети