Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 февраля 2021 12:51

ДДҰ сарапшыларының Қытайға сапары: зерттеу қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға аттанды. Бастапқыда оны қытайлық тарап елге кіргізбеген, артынша зерттеу жұмыстарын жасауға рұқсат берді. Мамандар жарқанат резервуары, коронавирус алғаш анықталған базар мен Ухандағы зертханаға барып, әріптестерімен кездесті. Қытайдағы коронавирус инфекциясын зерттеу қалай жүргіп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға аттанды. Бастапқыда оны қытайлық тарап елге кіргізбеген, артынша зерттеу жұмыстарын жасауға рұқсат берді. Мамандар жарқанат резервуары, коронавирус алғаш анықталған базар мен Ухандағы зертханаға барып, әріптестерімен кездесті. Қытайдағы коронавирус инфекциясын зерттеу қалай жүргіп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Биыл қаңтардың басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Қытайда коронавирус қалай тарағанын зерттеу үшін баратыны хабарланған болатын. Алайда ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус 6 қаңтарда аспан асты елі ДДҰ өкілдерін елге кіргізбей отырғанын айтты.

Оның айтуынша, бірнеше елден келген сарапшы вирустың қалай тарай бастағанын зерттеуге дайын болған, бірақ Бейжің оларға елге кіруге мүмкіндік бермеген. Топтағы екі сарапшы бұл туралы жолда келе жатқан кезде білген. Ал қалғаны соңғы сәтте бұл жаңалықты естіп, бармай қалған. 

Фото: Reuters

ДДҰ сарапшыларына елге кіруге 11 қаңтарда рұқсат берілді. ДДҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық сарапшылар тобы 14 қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтауға барған. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.

Келесі күні ДДҰ сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс Қытайда жарқанаттар жиналған аймақ коронавирус тараған жер деген мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, вирустың қайдан пайда болғаны туралы түрлі болжам бар, алайда ол жарқанаттар резервуары болуы мүмкін.

Сарапшылардың жарқанат жиналған аймақты зерттеу бекер емес. Былтыр 28 қаңтарда The Sun басылымы Қытайдағы вирус ең алдымен жергілікті деликатес - жарқанаттан жасалған сорпадан тараған болуы мүмкін деген мәлімет келтірген болатын. Себебі Қытайдың ғылыми бюллетенінде келтірілген зерттеу бойынша, адамдардан анықталған вирус пен жарқанаттың ортақ белгісі көп болған-мыс. 

ДДҰ өкілінің сөзінше, коронавирус басқа елден басталуы да әбден мүмкін.

"Алайда зерттеуді алғашқы науқас тіркелген Уханнан бастау маңызды", - деді Купманс. 

29 қаңтарда ДДҰ-ның сарапшылар тобы Қытайда коронавирус жұқтырғандармен кездесетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, мамандар Ухандағы базарлар, ауруханалар мен вирусологиялық зертхананы аралап шығатынын айтты.

"Олар Ухан вирусология институты, "Хуанань" базары мен Ухан қаласының ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының зертханаларына барады", - деді ДДҰ өкілдері. 

Пандемия себебін зерттейтін команда Қытайға келген кезде карантинде болып, қытайлық ғалымдармен виртуал кездесу ұйымдастырды. 


Фото: Reuters

Дат сарапшылар тобының мүшесі Теа Фишердің сөзінше, вирус алғаш анықталған теңіз өнімдері сатылатын "Хуанань" базарын аралау коронавирус табылған орталық екенін, әлде вирус көбеюіне себеп болған не болмағанын анықтауға көмектеседі. Сарапшы бұл міндеттің сәтті аяқталуы деректер 100 пайыз қолжетімді болған кезде және Қытайдың қолдауымен ғана мүмкін екенін ескертті.

Коронавирус Ухандағы зертханадан тарады - ДДҰ сарапшысының жауабы

4 қаңтарда АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісінің орынбасары Мэтью Поттингер коронавирус инфекциясының пайда болуы қатысты ойын айтқан еді. Оның сөзінше, коронавирус пандемиясының пайда болуының "сенімді" теориясы – зертханадан тарап кетуі. Алайда Поттингер бұл теориясына қатысты ешқандай дәлел келтірмеді. Оның айтуынша, зертханада тарауы немесе апат болып, патоген "сытылып шыққан" болуы мүмкін.

Бүгін Қытайда ДДҰ сарапшыларымен жүрген ресейлік ғалым бұл қауесетке қатысты пікір білдірді. РИА Новостидің сұрақтарына сарапшы Владимир Дедков жауап берді. Оның айтуынша, жаңа коронавирус инфекциясы Қытайдың Ухан қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базардан тараған деп айтуға негіз бар, бірақ ол вирус нақты сол жерден шықты дегенді білдірмейді.

Сарапшының сөзінше, бүгінде базарда біраз өзгеріс енгізілген, қазір ол жабық, сүру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, маман коронавирус тарауына жол берді деген қауесет болған Ухан институтының зертханасы туралы ойын айтты.  

"Біз үшін, әрине, мұндай нысанды аралау, әріптестерімізбен сөйлесіп, ол жердегі ұйымдасу жұмысын көру маңызды болды. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Зертхананы кім сынағанын білмеймін. Ол жерден бірнәрсе шыққанын елестету маған қиын", - деді сарапшы. 

Дедков гипотезалық көзқарас бойынша бәрі мүмкін екенін, бірақ "біріншіден, оған ешқандай алғышарт жоғын, екіншіден, вирус нақты сол жерден тарағаны туралы тура не жанама дәлел жоғын" атап өтті. 

"Зертхана жақсы, тіпті керемет десем де болады. Олар немен айналысатынын, қазір қандай жұмыс атқарып жатқанын айтып, бәрін көрсетті", - деді Дедков. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети