Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 мая 2020 09:47

Францияда COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай неліктен 10 шілдеге дейін ұзарды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Франция - дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша сегізінші орында тұр. Бүгінде ел бойынша COVID-19 жұқтырған 178 мыңнан аса адам анықталса, 59 605 адам аурудан айығып шыққан. Жалпы елде коронавирус пандемиясы қалай тарады? Франциядағы қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Франция - дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша сегізінші орында тұр. Бүгінде ел бойынша COVID-19 жұқтырған 178 мыңнан аса адам анықталса, 59 605 адам аурудан айығып шыққан. Жалпы елде коронавирус пандемиясы қалай тарады? Франциядағы қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Еуропада коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам Францияда тіркелген

Коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы жағдай 24 қаңтарда тіркелген. Науқас - Францияның Қытайдан келген 48 жастағы азаматы. 28 қаңтарда 80 жастағы қытайлық туристен COVID-19 анықталды. Ол бірден ауруханаға жатқызылған. Артынша 29 қаңтарда оның 50 жастағы қызынан да коронавирус инфекциясы расталған. 80 жастағы қытайлық турист 14 ақпанда ауруханада қайтыс болған. Ол - Еуропада COVID-19-дан қайтыс болған алғашқы адам.

12 наурызда Франция президенті Эмманюэль Макрон жергілікті телеарналар арқылы 16 наурыздан бастап елдегі мектептер мен жоғары оқу орындары жабылатыны туралы үндеу жасады. Артынша біраз күннен кейін елдің премьер-министрі Эдуар Филипп жергілікті мейрамханалар, кафе, кинотеатрлар жабылатынын мәлімдеді. Ал 14 наурыздан бастап елдегі мәдени, туристік орталар: Лувр өнер музейі, Эйфель мұнарасы, Орсе музейі, Версаль сарайы және басқа да нысандар жабылды.

© REUTERS

Ел президенті 16 наурыздағы үндеуінде үйден тек қажет жағдайда шығуды талап ететін қатаң карантин режимі енгізілетінін айтты. Одан бөлек, француз билігі 17 наурыздан бастап коммуналдық қызметтердің ақысын алуды тоқтата тұруға шешім қабылдаған. Бастапқыда карантин режимі 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланған. Ал 9 мамырда Франция үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдайды 10 шілдеге дейін созылғаны туралы заң жобасын қабылдады. Яғни, эпидемияға байланысты карантин режимі алынғанымен төтенше жағдай мерзімі әлі аяқталған жоқ. 

"Известия" мәліметінше, француздарға 11 мамырдан бастап сыртқа шығуға рұқсат берілді. Ол үшін арнайы арнайы рұқсат қағазы да қажет емес. Сондай-ақ 11 мамырдан дүкендер мен балабақшалар қызметкерлер саны шектеулі болуы керек деген талаппен жұмыс істей бастады. Сауда орындарында қызметкерлердің маска тағуы міндетті. Ал дүкенге келетін сатып алушылардың маскамен келуін қадағалау дүкен иелерінің құзырына тапсырылды.

Кафелер мен мейрамханалар әзірге жабық. Ол нысандардың қызметі мамырдың аяғында жандануы мүмкін. Музей, кинотеатр мен театрлардың жұмысы тоқтап тұр. Ал жағажайлар шамамен 1 маусымға дейін жабық тұрады. Одан бөлек, қатысушылар саны бес мыңнан көп жиындарды ұйымдастыруға тыйым салынған.

© REUTERS

Жалпы Франциядағы коронавирус пандемиясына байланысты көрсеткіш көршілес Испания мен Италиядағы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мәселен, дүние жүзі елдері арасында COVID-19 жұқтырған науқас саны бойынша екінші орында тұрған Испанияда барлығы 271 095 адам анықталса, оның ішінде 27 мыңы вирус салдарынан қайтыс болған. Ал бесінші орында тұрған Италияда пандемия басталғалы 222 104 адам коронавирус жұқтырса, 31 106 адам қайтыс болған.

Алайда соңғы деректер бойынша, Франциядағы жағдай мәз емес. 11 мамырдағы жағдай бойынша бір тәулікте 263 адам қайтыс болған. Ауруханада барлығы 22 284 адам жатыр, 2712 адамның жағдайы нашар.

Францияда коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Бұған дейін Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдарының болжамы бойынша, елде эпидемия 15 тамызға қарай аяқталады деп болжаған. Алайда бүгін сингапурлық ғалымдар коронавирусқа қатысты жағдай күн сайын түрлі көрсеткіш көрсетіп жатқандықтан барлық елге болжамдарын өшіріп тастағаны белгілі болды. 

Айта кетейік, Worldometers мәліметінше, дүние жүзі бойынша, COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,5 миллионнан асты. Оның ішінде 1,7 миллион науқас аурудан толығымен айығып шықса, 303 405 адам вирус құрбаны болды. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5,5 мыңнан асты. Аурудан 2531 адам айығып шықса, еліміз бойынша, 32 адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети