Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 октября 2020 15:25

"Жұмыс істеуді жалғастырамын". Коронавирус жұқтырған президенттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты. Оның ішінде, шенеуніктер мен мемлекет басшылары да бар. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 жұқтырған президенттердің топтамасын ұсынады. 


Бүгінде дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты. Оның ішінде, шенеуніктер мен мемлекет басшылары да бар. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 жұқтырған президенттердің топтамасын ұсынады. 

АҚШ

2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп.

Трамп коронавирусты кеңесшісі Хоуп Хикстен жұқтырған болуы мүмкін. Себебі кеңесшісінен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғанын хабарланған болатын.

Дональд Трамп және Мелания Трамп © Reuters

АҚШ басшысы үш күн ауруханада жатып ем қабылдады. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде Дональд Трампта коронавирус симптомдары жоқ.

Ал The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус инфекциясынан емделуіне қанша қаражат кеткенін есетеген. Басылым мәліметінше, Трамп ауруханада үш күн жатқан. Ол түкұшақпен келіп, кеткен. Басылым ауруханаға тікұшақпен барып қайту 40 мың доллар болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Ол коронавирус тестінен бірнеше рет өтті, оттегі, стероидтар және антиденелермен тәжірибелік ем алды. Президенттен басқаларға бұл америкалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша 100 000 доллардан асады", - делінген газетте.

Бразилия

COVID-19 жұқтырған науқас саны бойынша үшінші орында тұрған Бразилия президенті Жаир Болсонарудың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы 7 шілдеде белгілі болды. Жаир Болсонару коронавирустан үрейлене бермеу керегін үнемі айтып жүретін президенттердің бірі. Тіпті ел президентімен инфекцияның қауіпті екенін айтып, сөзге келісіп қалған екі денсаулық сақтау министрі отставкаға кеткен болатын.

Ал "Известия" мәліметінше, 11 қыркүйекте Жаир Болсонару Бразилия коронавирусты жеңгенін мәлімдеді.

"Үкімет негатив әсерлердің көзін жою үшін бәрін жасады", - деді президент.

Жаир Болсонару © Reuters

Айта кетейік, бүгінде Бразилияда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 миллионнан асты. Оның ішінде, шамамен 4,4 миллион адам ауруддан айықса, жалпы 148 304 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған.

Гондурас

17 маусымда Гондурас республикасының президенті Хуан Орландо Эрнандестің коронавирусты анықтауға арналған тесті оң нәтиже көрсеткені мәлім болды.

Хуан Орландо Эрнандес © Reuters

"Демалыс күндері өзімді жайсыз сезіне бастадым, ал бүгін маған COVID-19 диагнозы қойылды", - деді президент телеарнадағы үндеуінде.

Сонымен қатар, коронавирус президенттің әйелі мен екі көмекшісінен анықталған.

Гватемала

19 қыркүйекте Орталық Америкада орналасқан Гватемала республикасының президенті Алехандро Джамматтеидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды.

Оған дейін Джамматтеи COVID-19-ды анықтайтын тесттен алты рет өткен. Тек соңғы тесті оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, Алехандро Эдуардо Джамматтеи Фалла - Гватемала республикасының 42-президенті. Ол 2020 жылдың 14 қаңтарында президент лауазымына тағайындалған.

Боливия

Бүгінде Боливия - коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша 32-орында тұрған ел. Ел президентінің міндетін атқарушы Жанин Аньес Чавес COVID-19 жұқтырғаны туралы 9 шілдеде мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

Жанин Аньес Чавес © twitter

Президент өзін жақсы сезінетінін және қашықтан жұмыс істеуді жалғастыратынын айтқан еді.

"Менің COVID-19-ды анықтайтын тестім оң нәтиже көрсетті, менде бәрі жақсы, оқшауланып жұмыс істеуді жалғастырамын", - деді Аньес.

Жанин Аньес Чавес 2019 жылдың 12 қарашасынан бері Боливия президентінің міндетін атқарушы. Бұған дейін экс-президент Эво Моралес 20 қазанда өткен президенттік сайлауда бірінші турда жеңіске жеткен болатын. Оның негізгі қарсыласы Карлос Меса есептеу нәтижелерін мойындамады. Сайлау нәтижесімен келіспейтін халық митингіге шығып, нәтижесінде Моралес отставкаға кеткен болатын.

Еске салайық, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 36 миллионнан асты. Оның ішінде, 27 миллион адам аурудан айықса, жалпы 1 060 000 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети