Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 января 2021 12:28

"Қалдықтары әлі іздестіріліп жатыр". Индонезиядағы ұшақ апатының мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Жаңа жыл кезекті ұшақ апатынан басталды. 9 қаңтарда Индонезия астанасы Джакартадан Понтианак қаласына шыққан жолаушылар ұшағы ұшып шыққан соң 4 минуттан кейін диспетчерлермен байланысын жоғалтты. Артынша Boeing 737-500 ұшағының қирандысы теңізден табыла бастады. Апаттың себебі не және қанша адам зардап шекті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Жаңа жыл кезекті ұшақ апатынан басталды. 9 қаңтарда Индонезия астанасы Джакартадан Понтианак қаласына шыққан жолаушылар ұшағы ұшып шыққан соң 4 минуттан кейін диспетчерлермен байланысын жоғалтты. Артынша Boeing 737-500 ұшағының қирандысы теңізден табыла бастады. Апаттың себебі не және қанша адам зардап шекті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Ұшақтың апатқа ұшырау себебі

Жергілікті газеттердің мәліметінше, ұшақта 65 адам болған. Оның ішінде, бесеуі - бала және 12 экипаж мүшесі. Ұшақта шетел азаматтары болмады: Индонезияның іздестіру-құтқару басқармасының операциялар және дайындық бөлімі басшысының орынбасары Бамбанг Сурио Аджидің сөзінше, ұшақта болған адамдардың барлығы индонезиялықтар.

© Reuters

Билік өкілдері жедел іздестіру шараларын бірден бастады. Ұшақ қалдықтары табылған теңізде адам денелері де анықталған. Олар Ланканг және Лаки аралдарының аралығынан табылған. Қалдықтар әлі іздестіріліп жатыр. 

Адамдардың денесі жағалауға шығарылып, мәйітханаға жеткізіліп жатыр. Ал Sriwijaya Air компаниясының басшысы 26 жылдан бері рейс орындап келген ұшақ ұшуға толық дайын болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда ұшақ ауа райына байланысты бір сағатқа кідіріс жасаған болатын.

Көп ұзамай апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері табылды. РИА Новости мәліметінше, ұшақ қауіпті турбулент режимі аймағында болған. Бұл туралы метеорология, климат және геофизика агенттігінің өкілі Дэни Сэптиади мәлімдеді.

"Спутник басылымының мәліметтеріне сәйкес, сағат 14.40-та Ченкаренгтен 15 шақырым жерде (Джакартаның батасындағы аудан) күн бұлты болды. Бұдан ол аймақта тұрақсыздық жоғары болғанын, ұшақ қауіпті турбулент режимі аймағында болғанын аңғаруға болады", - деді Дэни Сэптиади. 

Ал бүгін Sriwijaya Air компаниясының Boeing 737-500 жолаушылар ұшағы апатына не себеп болуы мүмкін екені айтылды. РИА Новости мәліметінше, әуе кемесі суға соғылған кезде апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Straits Times газетінің мәліметінше, Boeing 737-500 ауада апатқа ұшыраған болса, ұшақтың қалдықтары бүкіл жерде шашырап жатар еді.

"Бұл әлі түпкілікті нұсқа емес... Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың суға соғылған кезде апатқа ұшырағаны көрінеді", - деді әуе қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің тергеу бөлімінің басшысы Нүркахио Утомо.

Шетелдік билік реакциясы

Кеше, 10 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия басшысы Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын", - деді Тоқаев.

© Reuters

Одан бөлек, Ресей басшысы Владимир Путин, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон индонезиялықтарға көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Ал Интерпол Индонезия билігіне қаза тапқандар туралы ақпарат жинауға көмектесетінін айтты. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Юрген Шток 10 қаңтарда Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети