ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 октября 2020 | 16:03

Карантин қай елдерде күшейіп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Дүние жүзінің кейбір елінде коронавирус инфекциясы қайтадан тарап, эпидемиологиялық жағдай күрделене бастады. Сол себепті біраз ел қайтадан карантин режимін енгізе бастады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Еліміздің бірнеше өңірі қайтадан карантинге жабыла бастады. Tengrinews.kz тілшісі қайтадан карантин талаптарын қатаңдатқан елдерге шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінің кейбір елінде коронавирус инфекциясы қайтадан тарап, эпидемиологиялық жағдай күрделене бастады. Сол себепті біраз ел қайтадан карантин режимін енгізе бастады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Еліміздің бірнеше өңірі қайтадан карантинге жабыла бастады. Tengrinews.kz тілшісі қайтадан карантин талаптарын қатаңдатқан елдерге шолу жасады. 

11 қазанда Украинада коронавирус жұқтырған науқас санының өсуіне байланысты карантин қатаңдатылды. Бұл туралы Жоғарғы Рада Ұлт денсаулығы жөніндегі комитетінің басшысы Михаил Радуцкий Facebook желісінде мәлімдеді.

Радуцкийдің айтуынша, коронавирустың тарауының алдын алу мақсатында елде бірнеше шара қабылданған. Оның ішінде:

- Колледждер уақытша қашықтан оқуға жіберіледі. Бұл шешімді білім беру мекемелері толығымен қолдаған. Михаил Радуцкийдің сөзінше, Украинада бұған дейін білім беру мекемесінің қызметкерлері мен студенттердің инфекция жұқтырған жағдайлары тіркелген, тіпті өлім жағдайлары да болған. Алдыңғы аптада Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің география факультетінің деканы қайтыс болған екен.

- Күзгі каникул әдеттегіден ерте басталады. Оны жергілікті билік шешеді.

- Қызыл және сары аймақтарда қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамхана мен клубтардың жұмыс уақыты өзгереді. Енді бұл мекемелер сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істеуі керек.

© Reuters

Францияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 743 мыңнан асты. Елде қыркүйектің ортасынан бастап науқастардың саны өсе бастаған. Мысалы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша 497 237 адам болса, 25 қыркүйекте 513 034 адам анықталған, яғни бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 мыңнан аса адам тіркелген.

25 қыркүйектен бастап Марсель қаласында барлық бар мен мейрамхана жабыла бастаған, ал Париж, Лион және Бордо қалаларында бір жерде 10 адамнан артық жиналуға тыйым салынды.

Израиль - қайтадан локдаун енгізген алғашқы ел. 18 қыркүйекте Израиль жергілікті денсаулық сақтау жүйесі күрт өсіп жатқан инфекциямен күресе алмай қала ма деген оймен қайтадан локдаун енгізген. Елде алғашқы карантин режимі наурыздан мамыр айына дейін болған. DW мәліметінше, Израильде науқастардың саны өсе бастаған.

© Reuters

Елде 25 қыркүйекте қатаң карантин режимі енгізілді. Ол Симхат Тора мейрамы аяқталғанға дейін, яғни 11 қазанға дейін сақталады деп жоспарланған. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол локдаун коронавирустың екінші толқынының алдын алу мақсатында енгізіліп жатқанын айтты.

"Карантин режимі Симхат Тора мейрамы аяқталғанға дейін созылады. Артынша тағы екі апта карантин болады, бірақ ол қатаң болмайды деп үміттенемін. Алдын ала айтып қояйын, бәрі аурудың көрсеткішіне байланысты", - деді премьер. 

10 қазанда Германия астанасы Берлинде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жергілікті  билік қоғамдық өмірге байланысты шектеулер енгізе бастаған. Оның ішінде, барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытына өзгеріс енгізілген: енді бұл жерлер 06:00 мен 23:00-дің аралығында ғана жұмыс істеуі керек. Бұл шектеулер кем дегенде 31 қазанға дейін сақталады. Сондай-ақ кейбір дүкендердің жұмыс режиміне шектеу енгізілген. Тек дәріханалар мен жанармай құю станциялары жұмысын жалғастырады.


© Reuters

Елімізде бірнеше өңірде карантин енгізілді. Мысалы 9 қазаннан бастап СҚО-дағы Булаев қаласы карантинге жабылды. Тұрғындар мына талаптарды орындау керек:

- Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавловск арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады;

- Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа);

- Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі;

- Көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады;

- Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды;

- 65 жастан асқандар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы керек.

Сонымен қатар, 11 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка аулы, 13 қазаннан Маңғыстау және Атырау облыстарында карантин күшейтілді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer