Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 июня 2020 14:40

Қайтадан тарай бастаған Эбола туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

1 маусымда Конго Демократиялық Республикасының билігі Эбола ауруының қайтадан тарай бастағанын мәлімдеді. Белгілісі - 1,5 миллион халқы бар Мбандака қаласында бес адам қайтыс болған. Осыдан алты жыл бұрын анықталған вирус туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


1 маусымда Конго Демократиялық Республикасының билігі Эбола ауруының қайтадан тарай бастағанын мәлімдеді. Белгілісі - 1,5 миллион халқы бар Мбандака қаласында бес адам қайтыс болған. Осыдан алты жыл бұрын анықталған вирус туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Эбола қайдан пайда болды?

Жалпы эбола алғаш 1976 жылы Судан провинциялары мен Заирдың кейбір ауданында анықталған. Суданда жалпы 284 адам жұқтырып, 151 адам қайтыс болған. Аурудың атауы Заирдағы Эбола өзеніне байланысты қойылған.

Кейіннен эбола эпидемиясы 2003 жылы Конгоның Этумби қаласынан анықталған. Салдарынан 128 адам қайтыс болған. Жалпы вирустың бұл түрі жыл өте анықталып тұратын көрінеді. Мысалы 2012 жылдың шілдесінде Угандада эболадан 14 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2014 жылдардағы бас директоры Кэйдзи Фукуданың сөзінше, осыдан алты жыл бұрын тараған эбола вирусы тарихтағы ең ірі эпидемия. 2014 жылы вирус Батыс Африкада Гвинеяда анықталып, 2015 жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан. Вирус Либерия, Сьерра-Леоне, Ниегрия, Сенегал, АҚШ, Испания мен Малиге тарады.

© REUTERS

Ресми дерек бойынша, 2014 жылғы эбола вирусы кезінде 11 мың адам қайтыс болса, болжам бойынша 27 мыңнан аса адамнан вирус анықталған. Сол жылы 14 сәуірде эбола Еуропада тіркелді: вирус Испанияға Либериядан келген дін қызметшісі Мигель Пахарестан анықталған. Артынша вирус дін қызметшісін емдеумен айналысқан медбикеден анықталды.

2015 жылдың мамырында Либерия эбола эпидемиясы аяқталғанын мәлімдеген. Дегенмен мамыр-шілде аралығында Батыс Африкада тағы 330 адамнан вирус анықталған. Либерия эпидемия аяқталғанын мәлімдегініне қарамастан маусым айының соңында тағы алты адамнан эбола анықталған.

Эбола эпидемиясы 2019 жылы да анықталған көрінеді. Былтыр жалпы 3303 адам вирусты жұқтырып, оның ішінде 2199 адам қайтыс болған.

Жалпы эболаның тез тарауына гигиена мен санитария, сондай-ақ жергілікті адам жерлеу дәстүрі себеп болған екен. Одан бөлек, вирустың тарауын тоқтату үшін марқұмдырдаң денесін өртеу керек екен. Алайда жергілікті халық науқастарды дәрігерлерден жасырып, қайтыс болғандардың денесін жерге көмген. 

© REUTERS

"Қара өлім", "Испан тұмауы", "Малярия" - тарихтағы ең қауіпті пандемиялар

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Вирусты тек науқаспен байланыста болған кезде емес, сондай-ақ зат арқылы да жұғатын көрінеді. Эбола аурудан айыққан адамның белгілі бір органдарында сақталуы мүмкін. Ал лактация кезінде вирусты жұқтырған аяғы ауыр әйелде вирус тоғыз ай бойы сүті арқылы бөлінуі мүмкін. Вирустың табиғи тасымалдаушысы - жарқанаттар.

Эболаны жұқтырған адамның бірінші дене қызуы көтеріліп, әлсіреп, бұлшықеттері ауырсына бастайды. Одан бөлек, басы ауырып, тамағында ауырсыну пайда болады. Артынша құрғақ жөтел пайда болып, кеуде қуысында ауырсыну белгілері анықталады. Сөйтіп, диарея, лоқсу, 50 пайыз науқаста бөртпе пайда болып, бауыр мен бүйректің жұмысы бұзылады. Эболаның белгілері 2-21 күн аралығында анықталады.

Егер вирус жұқтырған адам қансырай бастаса, науқас қайтыс болуы мүмкін екенін білдіреді екен. Науқастар қайтыс боларынан біраз уақыт бұрын комада жатады.

© REUTERS

Эболаға қарсы вакцина

Эболаға қарсы вакцина 2015 жылы Гвинеяда жасалған. rVSV-ZEBOV вакцинасын сынамадан өткізуге 11 841 адам қатысқан. Вакцина енгізілген 5837 адамда 10 күннен кейін, одан кейінгі күндері де эбола анықталмаған. Ал вакцина енгізілмеген адамдардың ішінде 23 адамнан эбола анықталған. 2020 жылы аталған вакцина Ervebo коммерциялық атау алып, 18 жастан асқандарға енгізуге рұқсат алды. Алдын ала зерттеу бойынша вакцинаның әсер ету күші 97,5 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети