Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 мая 2020 17:10

"Қайтыс болғандар жоқ" - коронавирусты жеңгенін мәлімдеген бес ел

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Бүгінде COVID-19-дан қатты зардап шеккен Еуропа елдері. Дегенмен коронавирус пандемиясы басталғалы бері оны жеңгендердің алғашқысы да Еуропа елдері. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ды жеңген бес елге шолу жасады.


Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Бүгінде COVID-19-дан қатты зардап шеккен Еуропа елдері. Дегенмен коронавирус пандемиясы басталғалы бері оны жеңгендердің алғашқысы да Еуропа елдері. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ды жеңген бес елге шолу жасады.

Коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел

Мавритания - дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, сәуірдің аяғында COVID-19-дан қайтыс болғандар тіркелмеген, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Мавритания - батыс Африкадағы мемлекет, 3 миллионнан аса халқы бар. Елде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Ол 9 наурызда Еуропадан келген адамнан анықталған. Артынша оның досынан да COVID-19 расталған.

13 наурыздан бастап елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. 19 наурызда елде 18:00 мен 06:00-дің аралығын дейін комендант сағаты енгізілген. Комендант сағатының режимін бұзғандарға арнайы жаза да қарастырылған: 5 мың угий (5800 теңгедей) көлемінде айыппұл немесе 10 күнге қамау.

© REUTERS

Мавританияның коронавирусты жеңуіне елдегі вирус деңгейінің өсу динамикасының баяулығы себеп болса керек. Мысалы, елде COVID-19 алғаш 13 наурызда, 18 наурызда бір адам, 26 наурызда тағы бір адам және 28 наурызда екі адамнан анықталған.

Алайда Worldometers мәліметіне сүйенсек, 10 мамырдан бастап елде коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастаған. Мысалы, 10 мамырда Мавританияда коронавирус инфекциясы анықталған бір ғана адам болса, 21 мамырдағы жағдай бойынша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 161-ге жеткен, 5 адам қайтыс болған.

Жаңа Зеландия: коронавирус жұқтырған 28 адам ғана қалған

Жаңа Зеландияда COVID-19 алғаш 28 ақпанда анықталған. Елде коронавирус пандемиясы басталғалы бері 1504 адам адам вирус жұқтырып, бүгінде оның 1455-і аурудан айығып шыққан. Барлығы 21 адам қайтыс болған. Бес миллионға жуық халқы бар елде шамамен 28 науқас қана ем алып жатыр.

6 сәуірде Жаңа Зеландияда ауырғандар саны көп кезең болған: барлығы 929 науқас. Одан кейін коронавирус жұқтырғандардың динамикасы біртіндеп төмендей бастаған. Мысалы бір айдан кейін, яғни, 6 мамырда COVID-19 жұқтырған 151 адам ғана қалған.

Жаңа Зеландияда 19 мамырдан бастап көршілес елдермен шекара жабылды. Ал шетелден келген ел азаматтары бірден екі апта үй карантиніне жатқызылуы керек болды. 25 мамырда карантин режимі енгізілді. Ол кезде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 256-ға жеткен. Жаңа Зеландияда  карантин режимі елде COVID-19 жұқтырғандар саны 74-ке түскенде жеңілдей бастады.


© REUTERS

Эстония: ТЖ режимі алынды

Эстония коронавирусты жеңгені туралы БАҚ беттерінде ақпарат 15 мамыр пайда болды. Елде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі 13 наурызда енгізілген. Ал 18 мамырда жергілікті билік ТЖ режимін алып тастаған. Коменданттық сағат та болмаған. Қалалар арасында блокбекеттер де қойылмаған.

Эстония билігі коронавирус пандемиясы кезінде кинотеатрларды бірден жапқан. Бір қызығы сән салондары жұмысын тоқтатпаған. Келушілерді арнайы ереже бойынша ғана қабылдаған. Эстонияда тұратын Ботагөз Тыныбаеваның сөзінше, жергілікті билік халықтың сыртқа шығуын шектемеген. Жергілікті халықта "2+2" деген ереже қалыптасқан. Яғни, екі адамның арақашықтығы екі метр болуы керек.

Эстонияда коронавирус инфекциясы анықталғалы барлығы 1807 адам COVID-19 жұқтырған. Оның 1508-і аурудан айығып шықса, жалпы 64 адам қайтыс болған. Яғни, 1,3 миллион халқы бар Эстонияда бүгінде шамамен 235 адам әлі де ем қабылдап жатыр.

"2+2 ережесі қабылданды" - Эстониядағы қазақ елде коронавирустың тарауы қалай тоқтағанын айтты

Словения: коронавирустан емделіп жатқан 27 адам ғана қалды

Эстониямен қатар Оңтүстік Еуропада орналасқан, 2 миллионнан аса тұрғыны бар Словения да 15 мамырда коронавирусты жеңгенін мәлімдеді. Батысында Италиямен, солтүстігінде Австриямен, солтүстік-шығысында Венгриямен, шығыс пен оңтүстігінде Хорватиямен шекаралас ел бүгінде дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 96-орында. Словенияда COVID-19 жұқтырған 1468 науқастың 1340-ы аурудан айығып шыққан, 106 адам қайтыс болған. Осы деректерге сүйене отырып, бүгінде жалпы елде коронавирус жұқтырған 22 адам қалғанын аңғаруға болады.

© REUTERS

Наурыздың ортасынан бастап елде барлық мектеп, спорт және мәдени мекемелер, барлар, мейрамханалар мен қоғамдық көліктер өз жұмысын тоқтатты. Елде ауырғандар саны көп болған кезең 17 мамырда тіркелген: барлығы 1089 адам. Артынша бұл көрсеткіш бірден төмендеген: 18 мамырда жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 27 адам ғана қалған.

Алғаш 4 наурызда коронавирус анықталғаннан кейін, вирустың тарау динамикасы белсенді болған. Бір айдан кейін, яғни, 4 сәуірде COVID-19 жұқтырғандардың саны 876-ға жетсе, тағы бір айдан кейін бұл көрсеткіш 1,1 мыңға жуықтаған.

Ел үкіметі Словения коронавирусты жеңгенін хабарлағаннан кейін Еуропалық Одақ елдерінен келетін елдерге жол ашылды. Яғни, бұған сәуір айының басынан бері ЕуроОдақтағы елдерден келген адамдар жеті күн карантинге жатқызылуы керек болған. Енді бұл тыйым алынып тасталды. Алайда ЕуроОдаққа жатпайтын елдерден келетіндер (дипломаттар мен жүк тасымалдайтындардан бөлек) 14 күн үй карантинінде жатуы туралы ереже әлі де өз күшін жоғалтпаған.

Үкімет карантин режимін 20 сәуірден бастап жеңілдете бастаған. 15 мамырдан бастап қоғамдық көліктер қайта жұмыс істей бастады. Шамамен 20 мамырдан бастап оқушылар мектепке оралып, барлар, мейрамханалар мен 30 бөлмелі қонақ үйлер қызметін бастаған.

Камбоджа: коронавирус жұқтырған соңғы науқас ауруханадан шықты

Камбоджа - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстігінде орналасқан, 11,6 миллион халқы бар мемлекет. Жалпы елде коронавирус пандемиясы басталғалы 123 адам вирус жұқтырса, 22 мамырдағы мәлімет бойынша, оны 122-сі аурудан айығып шыққан. Қайтыс болғандар жоқ. Комбоджада алғаш COVID-19 15 ақпанда анықталған. Елде коронавирус жағдайы тіркелген соң жергілікті билік 14-17 сәуір аралығында болатын Камбоджа Жаңа жылын тойлаудан бас тартқан.

© REUTERS

Комбоджада 12 сәуірден бері коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. 16 мамырда ауруханадан COVID-19 жұқтырған 36 жастағы соңғы науқас шығарылған.

Айта кетейік, Камбоджа алғаш Westerdam нидерландық кемені қабылдауға келісім берген ел. Оның алдында бұл кемені елге кіргізуден бес ел коронавирус жұқтырған адамдар болуы мүмкін деген күдікпен бас тартқан. Екі аптадай теңіз бетінде жүрген лайнерді қабылдаудан Жапония, Филиппин, Гуама, Таиланд және Тайван бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети