Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июня 2020 17:24

Қазір климаты ыстық елдерде коронавирус өршіп тұр - Бекшин

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Күн сәулесі коронавирусты жоюға қауқарсыз. Себебі қазір климаты ыстық елдерде инфекция өршіп тұр. Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күн сәулесі коронавирусты жоюға қауқарсыз. Себебі қазір климаты ыстық елдерде инфекция өршіп тұр. Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшинге күн сәулесі коронавирус инфекциясын өлтіре ме деген сұрақ қойылды. Маман бұл сұраққа әлі ғылыми жауап жоқ екенін және қазір ауа райы ыстық елдерде COVID-19 індеті өршіп тұрғанын айтты.

"Бұл сұрақ әлі зерттелмеді. Күн сәулесі вирусты өлтіреді деген ғылыми дәлел жоқ. Біз тәжірибемізге қарап ЖРВИ, тұмаудың өршуі сәуірдің соңында, мамырда температура мен күн белсенділігіне байланысты басылады деп айта аламыз. Ал коронавирус инфекциясына келсек, қазір климаты ыстық елдерде аурудың таралуы күшейіп жатыр. Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанда ауру деңгейі өсіп жатыр. Яғни, бүгінде вирус күн сәулесінде сақталып тұратынын білдіреді. Біздің елімізде де, қаламызда 30 градустық ыстық тұр. Бірақ ауру тіркелуі әлі төмендеген жоқ. Тіркеліп жатыр. Бұдан күн сәулесінің қалай әсер ететінін байқауға болады", - деді қалалық бас санитар.

Сондай-ақ маманның айтуынша, күн сәулесі түспейтін, желдетілмейтін ғимараттың ішінде ауру жұқтыру қаупі жоғары болады.

"Күн сәулесінің қысқамерзімді әсері вирусқа қарсы профилактикалық жұмысты атқара алмайтынын көріп отырмыз. Вирус ең алдымен адамның ағзасында болады, көбейеді, сосын тарайды. Сондықтан біз жабық ғимараттарда вирус жұқтырудың қаупі туралы айтамыз. Күн сәулесі түспестен бұрын, мұндай нысандар желдетілмейді. Сол себепті вирус күн сәулесінде тұрады", - деді Бекшин.

Еске салайық, бұған дейін Бекшин Алматыда қандай нысандар жұмыс істемейтінін айтқан еді.

Қазір Алматыда 2715 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның ішінде 1634 адам емделіп шыққан, 10 адам қайтыс болған. Ал еліміз бойынша 11 796 адамнан коронавирус анықталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети