Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 апреля 2020 12:55

Коронавирус анықталмаған ел - Тәжікстан қалай COVID-19-дан аман?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Тәжікстан әлі күнге дейін COVID-19 дерегі анықталмаған елдердің бірі. Елде коронавирус таралмауының бірнеше нұсқасы бар. Тәжік Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус Қытайда анықталды деген сәттен-ақ қажет шара қабылдап үлгерген көрінеді. Алайда Қытаймен көршілес тұрған елде коронавирус инфекциясының анықталмағаны таңғаларлық жайт болып көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстандағы жағдайды баяндайды. 


Тәжікстан әлі күнге дейін COVID-19 дерегі анықталмаған елдердің бірі. Елде коронавирус таралмауының бірнеше нұсқасы бар. Тәжік Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус Қытайда анықталды деген сәттен-ақ қажет шара қабылдап үлгерген көрінеді. Алайда Қытаймен көршілес тұрған елде коронавирус инфекциясының анықталмағаны таңғаларлық жайт болып көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстандағы жағдайды баяндайды. 

"Sputnik Таджикистан" мәліметінше, 1 ақпан мен 13 сәуір аралығында елде 7,7 мыңға жуық адам карантинге жатқызылып, артынша 5,7 мың адам үйіне қайтарылған. Тағы 1,8 мың адам өз бетімен оқшауланған. Бұл ақпаратты портал елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сүйеніп хабарлаған.

Әзірше Тәжікстанда COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы ресми өкілі Галина Перфильева "Таджикистан" телеарнасына берген сұхбатында растаған. 

Тәжікстанда коронавирус инфекциясы қалайша тіркелмеген?

Жалпы Тәжікстанда коронавирустың тіркелмеуінің бірнеше нұсқасы бар. "Sputnik Таджикистан" соның ішіндегі танымалына тоқталған.

Тәжіктер шетелге көп шықпайды

Коронавирус - ауқатты адамдар тасымалдайтын ауру. Яғни, "коронаны" жағдайы жақсы, шетелге жиі шығатын адамдар тасымалдайтын көрінеді. Ал Тәжікстан азаматтарының көбі шетелге шыға қоймайды екен. Тәжіктердің таңдауы көбіне көршілес Өзбекстанға түседі.

Коронавирусты жергілікті медицина анықтай алмады

Елде коронавирус жұқтырған адамдар болуы да мүмкін. Алайда қайтыс болғандар жоқ екен. Ал қажет құрылғылар мен тест жүйелерінің жетіспеуі коронавирустың бар-жоғын анықтай алмай отырған көрінеді. Себебі, коронавирус біраз уақыт бойы еш белгісіз өтеді.  

Тәжіктердің иммунитеті коронавирусқа төтеп бере алады

Желі қолданушыларының сөзінше, тәжіктер бұған дейін тұмаудың ауыр түрімен ауырып шыққан және ол коронавирус болуы мүмкін. Себебі, желтоқсан-қаңтар айларында елде ерекше белгілері бар тұмау қатты жүрген - бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, жөтел мен лоқсу. Сондықтан, дүниежүзінде коронавирус енді анықталып жатқан кезде, Тәжікстанда алаңдауға негіз жоқ. Себебі, тәжіктердің иммунитеті COVID-19-ға қалыптасқан болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала қажет шара қабылдап қойған

2020 жылдың қаңтарында Қытайда коронавирус туралы сыбыс тараған сәттен Тәжікстан елге келген шетел азаматтардың барлығын тексеріп, артынша шетелдіктерге кіруге тыйым салған екен. Шетелден келген мыңдаған адам 14 күндік карантиннен сәтті өткен. Алдын ала қабылданған шаралар маңызды рөл атқарып, инфекцияның тарауы тоқтаған болуы мүмкін.

Жалпы жергілікті БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, Тәжікстан көршілес елдерде коронавирус анықтала бастаған соң бірден шекараны жапқан. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуіне қарамастан Тәжікстан Наурыз мейрамын тойлаудан бас тартпаған. Одан бөлек, жоғары оқу орындары мен мектеп жабылмаған, ал оқу 1 сәуірден бастап қалыпты режим бойынша өтіп жатқан көрінеді.

Сарапшылар не дейді?

Профессор Рустам Бурнашевтың пікірінше Тәжікстанда коронавирус анықталмауының үш негізгі себебі бар.

"Тәжікстанның жағдайында коронавирус "анықталмады" деген сөздің үш мағынасы болуы мүмкін. Біріншіден, инфекция шынымен жоқ, екіншіден, әлі анықталмаған, үшіншіден, вирус туралы ақпарат БАҚ беттеріне түспеген", - дейді сарапшы "Радио Озодиге" берген сұхбатында.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің обаның, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу республикалық орталығының зертханасының меңгерушісі Маруфжон Мадаминов неліктен Тәжікстанда коронавирус анықталмағаны туралы пікір білдірген. Бұл туралы ол "Sputnik Таджикистанға" айтып берген.

Мадаминовтің сөзінше, Тәжікстанда дер кезінде қажет шаралар қабылданғандықтан COVID-19 анықталмаған.

"Бұл менің пікірім. Басқа сарапшылардың ойына ай келмеуі мүмкін. Бірақ Тәжікстан билігі қажет шараларды ертеден қабылдады. Билік қандай да бір ақпаратты жасырып отыр деп ойламаймын", - дейді маман.

Еске салайық, дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны азаяр емес. 17 сәуірдегі жағдай бойынша, 2 184 562 адам COVID-19 жұқтырған. Вирус жұқтырған адам саны бойынша АҚШ (678 210 адам) әлі күнге дейін бірінші орында. Одан кейін Испания (184 948 адам) және Италия (168 941).

Ал Қазастанда коронавирус жұқтырғандар 1480-ге жетті. Үштікте Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Қарағанды облысы тұр. COVID-19 жұқтырған 285 адам жазылып шықса, қайтыс болғандардың саны 17-ге жетті. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети