Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 мая 2021 13:31

Қырғыз-тәжік қақтығысы: тараптар қандай шешімге тоқтады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akipress.org © akipress.org

Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіс әлі басылар емес. Екі тарап та болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Одан бөлек, зардап шеккендер саны да артты.


Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіс әлі басылар емес. Екі тарап та болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Одан бөлек, зардап шеккендер саны да артты.

Екі ел арасындағы шекарада не мәселе болып жатқаны туралы өткен материалда жазған едік. Оны мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар. Бүгін біз Қырғызстан мен Тәжікстанның ресми өкілдері не дегеніне, олардың мәлімдемелеріне тоқталсақ.

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Тәжікстан қаза тапқандар туралы ресми ақпарат бермей отыр

Кеше, 3 мамырда қақтығыс кезінде Тәжікстан тарапынан қанша адам қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бірақ ол әзірге бейресми мәлімет. Яғни ол жергілікті басылымдардағы бар ақпарат. Тәжікстандық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, 2 мамырда кешкі уақыттағы жағдай бойынша, 16 адам қаза тапқан, 110-нан аса адам зардап шеккен.

Қаза тапқандардың ішінде үш әскери бар: шекара әскерінің сержанты Хасан Сафаралиевич Акбаров, 26 жастағы сарбаз Мухаммадулло, қарулы күштерінің әскериі 28 жастағы Гадоев Салохиддин Рахмоналиевич. Жарақаттанғандардың ішінде Исфара қаласының мэрі Баховаддин Баходурзод бар. Оған снайпер оқ атқан сәтте Акбаров құтқарып қалған екен. Мухаммадулло Рамазан айынан кейін үйлену тойын жасауды жоспарлап жүрген. Ал Рахмоналиевичтің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалған.


© rus.ozodi.org

Ал Қырғызстан тарапы қақтығыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ашық ақпарат таратып отырады. Соңғы мәліметтер бойынша, қырғыз елінде қақтығыстан зардап шеккендер саны 183-ке жетсе, 36 адам қаза тапқан. Оның ішінде, атыс басталған кезде үйден қашып бара жатқан жерінен каналға құлап, салдарынан Абидин есімді төрт жасар бала қайтыс болған.

Екі тарап қандай мәлімдеме жасады?

Кеше, 3 мамырда Қырғызстанның Бас прокуратурасы Тәжік тарапының әрекеттері әскери агрессия ретінде қарастырылатынын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 29 сәуірде Бәткен облысында сағат 04.40-тан бастап "Тәжікстанның бандиттік құрылымдары мен әскерлері Қырғыз Республикасының шекарасына опасыздықпен шабуыл жасаған".

Одан бөлек, прокуратура қарулы топтар Қырғызстанның бейбіт тұрғындарына қасақана шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осыған байланысты қырғыз тарапы бейбіт тұрғындарды Лейлек және Бәткен аудандарының елді мекендерінен эвакуациялаған. Содан кейін "Тәжікстанның әскери қызметшілері мен бандалық құрылымдары Тәжікстанның аумағына үй малын, автокөліктерді айдап әкетіп, жергілікті халықтың мүлкін тонай бастаған".


Қырғызстанда "Достық" заставасында шыққан өрт. © akipress.org 

Бас прокуратура хабарламасында Бәткен ауданының "Бас" ("Головной"-еск.) учаскесінде миномет оты мен басқа да әскери қару-жарақты қолдана отырып жасалған шабуылдың алғашқы сәттерінде осы жерде болған 24 бейбіт азамат қаза тапқаны айтылған.

"Тәжікстан тарапынан әскери агрессияның нәтижесінде 170-тен аса тұрғын үй, медициналық және білім беру мекемелерінің ғимараттары, инфрақұрылым нысандары мен Қырғызстан азаматтарының мүлкі жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Көп ұзамай Тәжікстанның Бас прокуратурасы дә қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Олар Қырғыз Әскери күштерінің халықаралық нормаларға сәйкес тәжік-қырғыз шекарасындағы әрекеттері агрессия актісі ретінде қарастырылатынын айтты.

"Мемлекеттің басқа мемлекеттің егемендігіне, аумақтық қолсұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы, БҰҰ Жарғысымен немесе басқа да халықаралық шарттармен үйлеспейтін қандай да бір жолмен қарулы күш қолдануы агрессия актісі ретінде қарастырылады. Мемлекеттің басқа мемлекетке қарсы қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын Қарулы бандаларды немесе топтарды жіберуі де агрессия актісі болып саналады", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Кеше екі ел де 112 шақырым жерді сипаттауға 9 мамырға дейін уақыт берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев Мақсат ауылында өткен жиында айтты. Оның айтуынша, екі ел де бірнеше аймақ бойынша ортақ шешімге келген.

"Біз 112 шақырым жерді сипаттауға бердік. Бұл бойынша жұмыс 9 мамырда аяқталуы керек. Сосын оған президенттер қол қойып, демакрация жүргіземіз", - деді Қамшыбек Ташиев.  


Фото: Sputnik.kg/Откурбек Рахманов

Айта кетейік, екі тарап та қақтығысты тоқтату туралы шешімге 1 мамырда келген болатын. Сол Қырғызстанның және Тәжікстанның ҰҚК төрағалары Бәткен облысында кездесіп, атысты тоқтатуға келіскен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети