Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 января 2021 16:34

Қырғыздар жаңа президентін сайлады. Көрші елдің саяси додасы қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кеше, 10 қаңтарда Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2011, 2017 жылғы президент сайлауларына қарағанда бұл жолы кандидаттар көбірек: барлығы 17 үміткер. Сайлаудың алдын ала нәтижесі шығып, 79,14 пайыз жинаған Садыр Жапаровты шетел президенттері құттықтай бастады. Қырғыз елінің жаңа президенті туралы не белгілі? Елдегі кезектен тыс президент сайлауы қалай өтті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Кеше, 10 қаңтарда Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2011, 2017 жылғы президент сайлауларына қарағанда бұл жолы кандидаттар көбірек: барлығы 17 үміткер. Сайлаудың алдын ала нәтижесі шығып, 79,14 пайыз жинаған Садыр Жапаровты шетел президенттері құттықтай бастады. Қырғыз елінің жаңа президенті туралы не белгілі? Елдегі кезектен тыс президент сайлауы қалай өтті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Сайлау қалай өтті?

Бұл жолы президент сайлауында 17 негізгі кандидат болды: Садыр Жапаров, Қанатбек Исаев, Мықтыбек Арстанбек, Клара Сооронкулова, Имамидин Ташов, Әбділ Сегізбаев, Адахан Мадумаров, Аймен Қасенов, Улукбек Кочкоров, Женишбек Байгуттиев, Эльдар Абакиров, Курсан Асанов, Арстанбек Абдылдаев, Равшан Жээнбеков, Бақтыбек Калмаматов, Бабыржан Төлбаев, Қаныбек Иманалиев.

Президент сайлауы мен референдумды өткізу үшін 2 474 сайлау учаскесі дайындалды, олардың 48-і шетелде болды, сондықтан шетелдегі қырғыздардың да дауыс беру мүмкіндігі болды. Жалпы алғанда, Президент сайлауы мен референдумда биометриялық мәліметтерді тапсырған 3 миллион 563 мың 574 қырғызстандық дауыс беру құқығына ие болды. Биылғы сайлауға сайлаушылардың келу көрсеткіші Қырғызстанда өте төмен. 24.kg деректері бойынша, жергілікті уақыт бойынша 18.00-де сайлаушылардың тек 39,58 пайызы дауыс берген.

© Reuters

Жергілікті уақыт 11 қаңтар сағат 00.00-дегі жағдай бойынша, сайлауда бестікте болған:

- Садыр Жапаров - 79,14 пайыз;
- Адахан Мадумаров - 6,68 пайыз;
- Бабыржан Төлбаев - 2,38 пайыз;
- Мыктыбек Арыстанбек - 1,68 пайыз;
- Әбділ Сегізбаев - 1,48 пайыз.

10 қаңтарда шамамен сағат 20.30-да алдын ала нәтиже шыға бастады. Үштікте Садыр Жапаров (79,5 пайыз), Адахан Мадумаров (6,52 пайыз) және Бабыр Төлбаев (2,1 пайыз) болған еді.  

Алайда 24.kg мәліметінше, Адахан Мадумаров пен Әбділ Сегізбаев сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтқан. Мадумаровтың сөзінше, көптеген азамат не болып жатқанын түсінбеген.

"Мен сайлау нәтижесімен келіспеймін. Тарих Мадумаровтың ұстанымы дұрыс екенін көрсетті. Бүгінгі жағдай түсінікті. Арнайы қызмет өкілдері тестілеуден өткен кейіп танытты. Өздерімен флешка алып жүрді. Мәселе менде емес, мамандар жақын арада жағдайдың мән-жайын анықтап, не болғанын тексереді. Бір танымал адам дауыс беруге өзімен 15 туысын алып барған, бірақ жүйеде тек бір адам тұрған. Қырғызстандықтар аз уақытта бәрі қалай болғанын түсінеді. Мұның түбі жақсы болмайды. Тойлайтындар тойлап, билесін. Қазір ешкім қарсы шықпайды, саясаткерлер де үндемеуі мүмкін, бірақ ертеңгі күні халықта сұрақтар туындайды", - деді Мадумаров. 

Президенттікке үміткер Әбділ Сегізбаев та сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты.

"Былтыр қазанда билікке келгендер әкімшілік ресурсты қамтуға тырысты. Тіпті аурухана, мектеп қызметкерлерін де тартуға тырысты. Екіншіден Сооранбай Жээнбековтің қасында жүргендерді бүгін Садыр Жапаровтың қоластында көрдіңіздер. Тіпті басқа кандидаттарға жұмыс істеген белсенділерді де қорқытып жүрді. Осы уақытқа дейін билік тарапынан басқа кандидаттарға қысым жасалды. Сайлау бұрмаланды деп есептеймін. Мен ол адамның жеңісін мойындамаймын", - деді Әбділ Сегізбаев.

Қырғыз елінің жаңа президенті туралы не белгілі?

Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысы, Түп ауданы, Кең Су ауылында туған. Биыл 53-ке толады. 1986 жылы орта мектепті бітіріп, Фрунзе мемлекеттік институтына дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша түскен.

2005 жылға дейін Садыр Жапаров бірнеше жеке кәсіпті басқарған. Саяси карьерасын 2005 жылы "Қызғалдақ революциясынан" кейін бастаған. Сол жылы Жапаров Жогоргу Кенешке депутат болып тағайындалды. Парламентте "Келечек" фракциясын басқарған. Құрманбек Бакиев елді басқарып тұрған кезінде президент көмекшісі болған. Одан бөлек, мемлекеттік наградаларды тағайындау бойынша комиссия мүшесі, Кешіру комиссиясы төрағасының орынбасары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік агенттіктің комиссары болған. Жапаров екі шақырылым депутаты болған: алғаш 2005 жылы, екінші рет 2010 жылы "Ата-Журт" партиясының тзімінде болған. Парламентте ол Сот-құқықтық комитетті басқарды.

© Reuters

2012 жылы Жапаровты қылмыстық қудалау басталды. Осыдан тоғыз жыл бұрын Орталық Азиядағы ең биік таулы алтын кен орны "Құмтөрді" мемлекеттендіру мақсатында өткен митинг кезінде наразы тұрғындар Бішкектегі Ақ үйді басып алмақ болған. Саясаткер Қамчыбек Ташиев пен Жапаровқа Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 295-бабы бойынша айып тағылған еді. 2013 жылдың наурызында Бішкектің Первомай аудандық соты оларды кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандықтарынан айырған. Алайда сол жылы маусым айында қалалық сот саясаткерлерді ақтап, сот залында босатып жіберген.

© Reuters

2013 жылдың 27 маусымында Құмтөрде тағы бір жаппай тәртіпсіздік болып, митингіге шыққандар сол кездегі облыс губернаторы Эмилбек Қаптағаевты кепілге алмақ болған. Үкімет оны Садыр Жапаров пен Кубанычбек Қадыров ұйымдастырды деп айып таққан. Тәртіпсіздік ұйымдастырушылары ұсталды, алайда Садыр Жапаров өзінің қатысы жоғын айтып, елден кетіп қалған. Біраз уақыт Кипрде тұрды. 2017 жылы Қырғызстанға қайтуға тырысқан. Осыдан үш жыл бұрын қырғыз-қазақ шекарасында ұсталды. Эмилбек Қаптағаевты кепілге алу ісі бойынша ол 11 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. Жапаров 6 қазан күнгі митинг кезінде Қамчыбек Ташиевтің басшылығымен босатылып шығып, Бішкектің орталығына келіп, сөз сөйледі.

10 қазанда Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Жаңа премьер Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында "елдегі алдағы жағдайға байланысты бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын" айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети