Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июня 2020 14:00

"Өлім жазасы" - шетелде көлікті мас күйінде айдағандарға қандай жаза қарастырылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы күндері мас жүргізушілердің салдарынан болған ірі жол апаттары жиі тіркеліп жатыр. Бұған байланысты әр елде түрлі жаза қарастырылады. Оның ішінде өлім жазасы қарастырылған елдер де бар. Шетелде көлікті мас күйінде тізгіндегендерге қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


Соңғы күндері мас жүргізушілердің салдарынан болған ірі жол апаттары жиі тіркеліп жатыр. Бұған байланысты әр елде түрлі жаза қарастырылады. Оның ішінде өлім жазасы қарастырылған елдер де бар. Шетелде көлікті мас күйінде тізгіндегендерге қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Жапония - тарихтағы ең көп айыппұл 

Жапонияда көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілерге ең қатаң жаза қолданылады. Күншығыс елінде тарихтағы ең көп айыппұл қарастырылған - көлікті мас күйінде айдағаны үшін және сол жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер болған жағдайда 2,5 миллион доллар айыппұл төлейді.

Егер мас жүргізуші оқиға орнынан қашып кетсе 10 жыл бас бостандығынан айырылады не 1 миллион йен (шамамен 3,6 миллион теңге) айыппұл төлейді. Ал жүргізушінің қанынан 0,08 пайыз алкоголь анықталса 5 жылға бас бостандығынан айырылады не 1 миллион йен айыппұл төлейді.

Жапонияда мас күйінде көлік жүргізгені үшін ең төменгі жаза - 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Жаза мас жүргізушіні тоқтатпаған жолаушыларға да қарастырылады.

АҚШ - әр штатта әртүрлі

АҚШ-та мас күйде көлік айдауға қарастырылатын жаза әр штатта әртүрлі. Оның ішінде ең қатаң жаза Иллинойс штатында қарастырылған. Бұл штатта мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылып, үш жылға сотталып, 25 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Жаза заң бұзушылықтың жиілігіне де байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жүргізуші мас күйінде бірінші рет ұсталған болса 390-1000 доллар аралығында айыппұл және алты ай жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал кей жағдайда тіпті жарты жылға түрмеге қамалады. Одан бөлек, жолға алкоголь ішіп шыққандар көлікті мас күйде айдаудың зияны туралы 30 сағаттық курстан өтуі міндеттелуі мүмкін.

АҚШ-тың халық тығыз орналасқан Калифорния штатында бірінші рет ұсталғандар бір жылға, төртінші рет ұсталғандар үш жыл жүргізуші куәлігінен айырылады. 

Ресей - жүргізуші куәлігінен 3 жылға дейін айыру

Ресейде де көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілерге арнайы жаза қарастырылған  - 1,5-2 жыл аралығына жүргізуші куәлігінен айыру. Егер мас күйінде көлік айдау екінші рет қайталанса жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі үш жылға ұзаруы мүмкін.

Сондай-ақ, егер көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушінің кесірінен адамдар зардап шегіп не қайтыс болса жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қытай - өлім жазасы

Қытай көлікті мас күйінде айдағандарға ең қатаң жаза қарастырған. Егер жүргізуші мас күйінде ұсталса оған 1000-2000 юань (56 мың мен 112 мың теңге аралығында) көлемінде айыппұл салып, жарты жыл мен бес жыл аралығына жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал қанынан 0,8 пайыз алкоголь табылғандар бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, үш жыл бас бостандығынан айырылады.

Алайда егер мас жүргізушінің кесірінен адам өлімі болса дүние жүзіндегі ең қатаң жазаның бірі қарастырылады. Яғни, соттың шешімімен көлікті мас күйінде айдағандар өлім жазасына кесілуы мүмкін.

Қазақстан - өмір бойына жүргізу куәлігінен айыру

Қазақстанда жыл сайын, 30 мыңнан аса мас күйде көлік жүргізу деректері анықталып жатады. Мас күйде көлікке отырып, жол апатына себепкер болған жүргізушілердің әрекетінің салдарынан 2019 жылдың өзінде Қазақстанда мыңнан аса адам жарақат алып, қаза тапқан.

Қазақстанда мас күйде көлік жүргізген қазақстандықтарды 10 жылға соттап, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруы мүмкін. 

Егер бұған дейін мас күйінде көлік жүргізу құқығынан екі жылға дейін айыру және 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздесе, енді олар бір жылға дейін бас бостандығынан және 10 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. 

"10 жылға бас бостандығынан айыру - бұл азаматтың ЖКО-дан қайтыс болуы кезінде осы бап бойынша ең жоғарғы жаза. Олар жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін", - деген еді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, егер азамат белгілі бір мерзімге құқықтарынан айырылса және оған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болса, ол көлік жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети