Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июня 2021 15:00

"Өлім құштыратын синдром". Үндістанда COVID жұқтырған балалар қандай дертке шалдығып жатыр?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Үндістан коронавирустан кейін балаларда пайда болған, өлім құштыратын қабыну синдромымен күресіп жатыр. Бұл елде COVID-19 жұқтырып, жазылған 2 мыңнан аса бала MIS-C синдромына шалдыққан. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі MIS-C синдромының қандай ауру және қандай белгілері барын анықтады.


Үндістан коронавирустан кейін балаларда пайда болған, өлім құштыратын қабыну синдромымен күресіп жатыр. Бұл елде COVID-19 жұқтырып, жазылған 2 мыңнан аса бала MIS-C синдромына шалдыққан. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі MIS-C синдромының қандай ауру және қандай белгілері барын анықтады.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, MIS-C - балалар мен жасөспірімдердегі мультисистемалы қабыну синдромы. Ол көбіне коронавирус жұқтырып, ауруды ауыр өткізген 5-15 жас аралығындағы балаларда анықталып жатыр. Жалпы, белгілері Кавасакиге ұқсас, бірақ күрделі, ауыр өткереді және салдарының қандай болатыны белгісіз, себебі - тіркелгеніне бір жылдан енді асты, толық зерттелмеген. 

MIS-C - бір мезгілде ағзаның бірқатар жүйесін зақымдайтын процесс. Оған шалдыққан балалардың дене қызуы 38,5 градустан жоғары болып, қан қысымы төмендейді, оттегі жетіспей, кей жағдайда ішкі ағзалар жұмысын тоқтатады, жалпы клиникалық белгілері Кавасаки синдромына ұқсас. Дегенмен, ұлыбританиялық ғалымдардың Nature Medicine журналына жариялаған мақаласында бұл екі синдромды анықтайтын негізгі белгілер көрсетілген. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Кавасаки синдромында конъюнктивит, ауыз қуысы мен ерін шырышты қабатының қабынуы, аяқтың ісінуі, полиморфты бөртпе мен мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады.

Ал MIS-C белгілері асқазан-ішек жолдары мен жүрек жұмысының бұзылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, балалардың қан құрамындағы және әртүрлі иммундық жасушаның белсендік деңгейіндегі өзгерістер де MIS-C синдромында болады. Айта кетейік, осы зерттеуді жүргізген ұлыбританиялық ғалымдар бұл синдромды посткоронавирустық жеке ауру деп мойындап отырған көрінеді.


Фото: Reuters

Кей болжамға сенсек, бұл синдром SARS-CoV-2 инфекциясының асқынуы болуы мүмкін. Ауру сирек кездеседі, ол инфекцияның асимптоматикалық процесінен кейін пайда болады, зерттеулерде MIS-C синдромының SARS-CoV-2 инфекциясынан кейін 3-4 апта өткенде түзілетіні айтылған. Коронавирус жұқтырған балалардың жағдайын зерттеген Колумбия университетінің докторы Аманда Кантордың айтуынша, MIS-C синдромы ілеспе ауруы бар балалардың әсіресе бауырын зақымдаған, ал бұл топтағы балалардың көбінде демікпе болыпты. Зерттеушінің тұжырымдары бойынша, COVID-19 жұқтырған артық салмағы бар немесе семіздікке шалдыққан балалардың бауыры өте қатты зақымданған.

Мамандардың айтуынша, егер бұл синдромға шалдыққан балаларға уақытында диагностика жасалып, емдейтін болса көпшілігі тірі қалады, бірақ аурудың ұзақ мерзімді салдарының қандай екені әлі белгісіз және қандай балалардың бұл ауруға бейім екені толық зерттелмеген.

Синдром алғаш рет 2020 жылдың мамырында анықталған. Оған шалдыққандарда көбінесе дене қызуы көтеріледі, гипотония, іштің, тамақтың ауруы, жөтел, сананың шатасуы, диарея, аяқ-қолдың ісінуі, жүрек айну, құсу және бас ауруы сияқты белгілер болады. Тексеру кезінде миокардит пен перикардит сияқты жүрек-қантамыр жүйесінің, сондай-ақ коронарлық артерияның зақымдануы анықталуы мүмкін. Жалпы, бұл аурудан қандай қауіп бар, нақты және барлық белгісі қандай екені туралы деректер жеткіліксіз, себебі толық зерттелмеген. Алайда, бұл синдромның кей жағдайда өлімге апаратыны анық.


Фото: Reuters

Синдром сирек кездеседі. Оның пайда болғаны туралы деректердің көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания және ЕО елдерінде тіркелген. Былтыр мамырда Еуропада 230 бала осы синдромға шалдыққан, ал АҚШ-та 200-ден астам, сондай-ақ, былтыр маусымда Мәскеуде мұндай 13 жағдайдың тіркелгені белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда ковидтен жазылғандардың "қара зең" ауруына шалдығып жатқаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети