Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 марта 2020 13:00

"Өзін бетпақ адамдай ұстады". Украиналық шенеуніктер Зеленскийді не деп сынаған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Зеленский. © Reuters Владимир Зеленский. © Reuters

Таяуда украиналық депутат Алексей Гончаренко Жоғарғы Рада отырысында президент Владимир Зеленскийді сынға алған болатын. Ол Зеленский жүргізген тағайындаулар мен жалпы елді басқаруына наразылық білдірген еді. Жалпы, Зеленский президент болғалы оны сынға алған депутат көп. Tengrinews.kz тілшісі Украина президентін сынға алған шенеуніктерге шолу жасады.


Таяуда украиналық депутат Алексей Гончаренко Жоғарғы Рада отырысында президент Владимир Зеленскийді сынға алған болатын. Ол Зеленский жүргізген тағайындаулар мен жалпы елді басқаруына наразылық білдірген еді. Жалпы, Зеленский президент болғалы оны сынға алған депутат көп. Tengrinews.kz тілшісі Украина президентін сынға алған шенеуніктерге шолу жасады.

"Отставкаға!"

4 наурызда Украинада Жоғарғы Рада отырысы өткен. Отырыста сол кездегі премьер-министр, депутат Алексей Гончаренконың жұмыстан босатылуы мен жаңа премьер-министр Денис Шмыгальдың тағайындалуы күн тәртібінде болған.

Гончаренко мінберге шыққанда Зеленскийге айғайлап, оның біліксіз екенін айтқан. Президенттің жарты жылдағы жұмысын сынаған. Бірақ бір сәтте эмоцияға берілген депутаттың микрофоны өшіп қалған.

"Сіз зорлықшы депутаттың мандатын тартып аламыз деп уәде бердіңіз. Бірақ ол қазір Жоғарғы Радада, дәл қазір осында отыр", - деді Гончаренко. Сондай-ақ, ол президентке батыл болып, отставкаға кету туралы өтініш жазуды ұсынды.

Гончаренко Зеленскийді сынап жатқан видеосын YouTube хостингіндегі каналына жариялаған. 

Депутаттың сөзінен соң Зеленский орнынан тұрып, Гончаренкоға барған. Алайда олардың әңгімесі жазылмады. Зеленский болса осы уақыт бойы депуттатың сөзін тыңдап, үндемей тұрған.

"Зеленский - тобырлар кумирі, Кремль қызметкері"

4 наурыздағы Жоғарғы Рада отырысында тағы бір тағайындау болды. Олег Немчинов Министрлер кабинетінің министрі болып тағайындалған. Немчинов сол отырыста ешкімді сынаған жоқ, қайта Зеленскийге алғысын білдірді.

Бірақ украиналық БАҚ жаңа министрдің әлеуметтік желідегі бұрынғы жазбаларын тауып алған. Былтыр Немчинов Зеленскийге қарсы адамдардың бірі болған екен.

"Обозреватель" мәліметі бойынша, былтыр Владимир Зеленский сайлауға түсіп жатқанда Олег Немчинов Facebook желісіндегі парақшасында оны жерден алып, жерге салған. Мысалы, ақпанда ол Зеленскийді "тобырлар кумирі", "Кремль қызметшісі" деген жазбаны өз парақшасында бөліскен. Сондай-ақ, ол пікірлерінің бірінде Зеленскийді "президент емес, резидент" деп атаған.

Былтырғы сайлау кезінде ол Зеленскийдің басты қарсыласы Петр Порошенкоға дауыс бергенін де айтқан екен.

Олег Немчинов таяуда министр болып тағайындалған соң, "Президентке 2019 жылы кімге дауыс бергенің емес, кәсібилік, украиналық позиция мен биліктегі жемқорлықты жою маңыздырақ болғаны үшін" алғыс айтқан болатын.

"Зеленский үшін ұяламын"

Украина президентінің биыл қаңтарда Израильге іссапарын Жоғарғы Рада депутаты Владимир Вятрович сынға алған. 22-23 қаңтарда Зеленский Израильдегі Бүкіләлемдік Холокост форумына қатысатыны хабарланған.

Зеленскийге шарада сөз берілмейтіні алдын ала белгілі болды. Украина басшысына сөз берілмей, Ресей президенті Владимир Путин форумда сөз алатынын Вятрович "қорлау" деп санаған.

"Мәскеуге жақынырақ болғысы келетін израильдік тараптың Украина президентін осындай форматта шақыруы - мемлекетімізді қорлау", - деп жазған депутат Facebook-парақшасында.

Ол Зеленский үшін ұялатынын да айтқан.

"Украина президенті үшін ұяламын. Ол Бабий Ярдағы аза тұту іс-шарасына назар аудармай, Путиннің массовкасында болу үшін Израильге бармақ. Енді не болмақ? 9 мамырда Мәскеуге барып, Путиннің қасныда тұрып, Ленин мавзолейі мінберінде ресейлік әскерді құттықтай ма?", - деп жазды депутат.

"Зеленский ештеңе көрмейді және естімейді"

Былтыр желтоқсанда депутат Антон Поляков "Слуга народа" фракциясынан кеткен болатын. Ол комитет және сессия залдарында жүйелі түрде фракция позициясына қарсы дауыс бергені үшін қуылған. Сол кезде Жоғарғы Рада депутаты мемлекет басшысын сынға алған еді.

"Бұрын президент ақпараттық пілләнің ішінде деп айтатынмын. Ал қазір ол жағдайды тамырымен өзгертіп, фракция, фракция басшылығы, партия, президент кеңсесін ұстап тұра алмайтын сияқты", - деді Поляков "Главком" басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, депутат президенттің "ештеңе көрмейтінін және естімейтінін" айтқан.

"Мұнда екі нұсқа бар: ол не жағдайға әсер етуге қауқарсыз, немесе не істесе де, өзіне және фракцияға зиян екенін түсінеді", - деді депутат.

"Зеленский өзін бетпақ адамдай ұстады"

Былтыр жазда Украина президенті Борисполь қалалық кеңесінің хатшысы Ярослав Годунокпен жанжалдасқан болатын. Жиналыс кезінде Зеленский жергілікті билікпен аурухана жұмысы туралы сөйлесіп жатқан. Сол кезде Годунок ауруханаға бөлініп жатқан қаражаттың нәтижесіз механизм екенін айтып, қарсы шыққан.

Ал Зеленский сол кезде Годуноктың бұған дейін сотталғанын бетіне басып, оны "қарақшы" деп атап, ғимараттан шығуын талап еткен. Ал Годунок мұның бәрі "цирк" екенін айтқан.

Кейін Ярослав Годунок Strana.ua порталына берген сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірген.

"Бетіме күйе жақты. Әрине, енді сотқа барамын. Қазір шок жағдайда тұрмын. Ал мен сол ақымақты қорғап жүрдім", - деді Годунок.

Ол мемлекет басшысына шындықты айтқысы келмегенін, бірақ ал "Зеленский өзін бетпақ адамдай ұстағанын" айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети