Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июня 2020 13:24

"Пандемия әсері ондаған жыл бойы сезіледі" - ДДҰ коронавирусқа байланысты айтқан мәлімдемелер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов©️ Фото Тұрар Қазанғапов©️

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты. COVID-19 жарты миллионға жуық адамның өмірін қиды. Эпидемияның қалай өршитіні туралы түрлі болжам айтылады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының екінші толқыны ХХ ғасырдың басында болған "испан тұмауын" қайталауы мүмкін екенін ескертеді. Tengrinews.kz тілшісі ұйымның айтқан соңғы мәлімдемелеріне шолу жасады.


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты. COVID-19 жарты миллионға жуық адамның өмірін қиды. Эпидемияның қалай өршитіні туралы түрлі болжам айтылады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының екінші толқыны ХХ ғасырдың басында болған "испан тұмауын" қайталауы мүмкін екенін ескертеді. Tengrinews.kz тілшісі ұйымның айтқан соңғы мәлімдемелеріне шолу жасады.

ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны қауіпті болатынын ескертті

28 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра: "Егер дүниежүзінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін" екенін айтты. Осылайша ол коронавирус пандемиясының екінші толқыны қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

Дәрігер қазіргі пандемияны ХХ ғасырдың басында болған "испан тұмауымен" салыстырды. Айта кетейік, "испан тұмауын" 1918-1919 жылдары бүкіл әлемде 550 миллионға жуық адам жұқтырып, Жердің 2,7-5,3 пайыз халқы (50-100 миллион адам) қайтыс болған. 

Euronews хабарлауынша, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының мамандары Еуропада шектеу шараларын жойғаннан кейін коронавирустың белсенді таралуына алаңдаушылық білдірген. Сарапшылардың айтуынша, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі қайтадан коллапс болуы мүмкін.

Соңғы аптада ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросына кіретін елдерде 130 мыңнан аса жаңа  жағдай іркелген.

"30 елде соңғы екі апта ішінде аурудың жаңа жағдайларының өсуі байқалады. Осы елдердің 11-інде инфекцияның берілу жылдамдығының артуы айтарлықтай қарқынға алып келді - егер шара қолданылмаса Еуропаның Денсаулық сақтау жүйесінде қайтадан коллапс болады", - деп мәлімдеді бюро директоры Ханс Клюге.

Коронавирус жаһандық деңгейде тез тарап жатыр

Кеше, 29 маусымда ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы жаһандық деңгейде тез тарап жатқанын мәлімдеді.

"Кейбір елдер қалыпты өмірге келе бастағандықтан вирус жұқтырғандар саны көбейі бастады. Ең қиыны жағдай әлі де басылған жоқ. Кей елдер қандай да бір прогреске қол жеткізгеніне қарамастан пандемия әлі де жаһандық деңгейде тез тарап жатыр", - дейді ол.

ДДҰ өкілдері Қазақстанды да коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына жатқызды. Бұған дейін ұйым өкілдері Еуропа елдерінде шектеу шаралары алынғаннан кейін вирус жұқтырғандардың саны көбейгенін айтқан болатын. ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге  Еуропаның 30 елінде соңғы екі аптада жұқтырғандардың саны көбейгенін, олардың 11-інде жаппай жұқтырғандар күрт өскенін айтқанымен нақты қай елдерге қатысты мәлімет бергенін айтпаған еді.

Кейін ДДҰ COVID-19 жаппай тез тарап жатқан елдерге: Армения, Швеция, Молдава, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина және Косовоны жатқызды.

Пандемия әсері бірнеше жыл бойы сезілетін болады

Сондай-ақ 23 маусымда онлайн форумда ДДҰ басшысы коронавирус пандемиясының салдары ондаған жыл бойы сезілетінін айтты.

"Біз пандемияның ауқымы кең екенін, бұл экономикалық, әлеуметтік және көптеген елде саяси дағдарыстың пайда болуына әкеліп соққанын білеміз. Оның салдары ондаған жыл бойы сезілетін болады", - дейді ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ұйым басшысы әлемге төніп тұрған қауіп тек вирус емес екенін, сондай-ақ "жаһандық ынтымақтастықтың жоғын" айтады.

"Бір де бір ұйым, бір де бір мемлекет эпидемиямен жеке күресе алмайды... Егер әлем бөлініп, жеке әрекет ететін болса, біз бұл пандемияны жеңе алмаймыз", - дейді Гебрейесус.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети