Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 апреля 2021 17:07

"Тағы екі жыл қажет". Пандемияға байланысты қандай болжамдар айтылып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

2010 жылдың наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған. Одан кейін коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы түрлі болжам айтыла бастады. Бірі пандемия 2022 жылы десе аяқталады десе, енді бірі ол үшін тағы екі жыл керегін айтады. Жалпы бұл мәселеге қатысты нақты дәлелденген мәлімет жоқ. Ғалымдар әзірге болжам жасаумен шектеліп отыр. Бұған дейін дүние жүзінде пандемияның аяталуына қатысты қандай болжамдар айтылды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   


2010 жылдың наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған. Одан кейін коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы түрлі болжам айтыла бастады. Бірі пандемия 2022 жылы десе аяқталады десе, енді бірі ол үшін тағы екі жыл керегін айтады. Жалпы бұл мәселеге қатысты нақты дәлелденген мәлімет жоқ. Ғалымдар әзірге болжам жасаумен шектеліп отыр. Бұған дейін дүние жүзінде пандемияның аяталуына қатысты қандай болжамдар айтылды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   

Пандемияны бақылауға алуға болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болады деп санайды. Оның сөзінше, қажет ресурстарды дұрыс бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмау мүмкіндігі бар.

"Егер біз құралдарды дәйекті және дұрыс қолдансақ, бірнеше ай бойы пандемияны бақылауға ала аламыз", - деді ол.

Ұйым басшысының сөзінше, COVID-19 бүкіл әлемде 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында тарап жатыр. Сонымен қатар, ол кейінгі аптада әлемде COVID-19 жұқтырған 5,2 миллион жаңа жағдай тіркелгенін айтты. Тедрос Гебреисус вакцина өндірген елдерді технологиясын бөлісуге, ал табысы төмен және орташа елдердегі өндіріске қызығушылық танытуға шақырды.

Фото: REUTERS

Цойдың болжамы

Ал Қазақстанда пандемияға байланысты жағдай қандай болатынына денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болжам жасады. Министрдің сөзінше, оптимистік сценарий бойынша, вакцинация кестедігей жалғасса, күніне үш мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып, сәуірдің соңында науқастар саны көп болады.

"Нақты сценарий мен кестеге сәйкес вакцинациямен қамту кезінде мамырдың ортасында тәулігіне төрт мың жағдайға жетуі мүмкін", - деді Цой бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде вакцинациядан болатын әсер иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.


Фото: REUTERS

Тағы екі жыл қажет

Ал ресейлік дәрігер Ирина Шестакованың сөзінше, дүние жүзінде коронавирус пандемиясын 2023 жылға қарай тоқтатуға болады. Оның сөзінше, COVID-19 адамзат үшін бірінші орындағы проблема болуын тоқтатуы үшін кемінде екі жыл керек. Алайда бұл тек екі жағдайда мүмкін - вакцинация мен нақты әсер ететін дәрілік зат ойлап табу.

"Алдағы 2-2,5 жылда дүние жүзінде бұл жағдайды бәсеңдете аламыз. Меніңше, 2022 жылдың ортасына не соңына қарай... Яғни менің айтып отырғаным - сол кезде коронавирус қазіргідей белсенді болмайды", - деді ол РИА Новостиге.

Пандемия биыл бітпейді

Ресей Ғылым академиясының академигі Виктор Малеевтің сөзінше, пандемия биыл жыл соңына дейін аяқталмайды.

"Пандемия, әрине, ерте ме, кеш пе бітеді, бірақ, меніңше, биыл емес. Коронавирус маусымдық аурулар секілді, оған дәлел көп. Бұған былтыр жаздағы жағдай дәлел бола алады, себебі Ресейде және басқа да бірқатар елде науқастар саны азырақ болды. Биыл да солай болуы мүмкін", - деді Малеев.

Маман дүние жүзінде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, Еуропа елдерінде науқастар саны азаймай тұрғанын айтады. Одан бөлек, Африка мен бірқатар Азия еліндегі жағдай түсініксіз. Сондықтан, Малеевтің сөзінше, жағдайды бақылап отыру керек.

Ал пандемия халықтың 70 пайызында иммунитет қалыптасқан жағдайда бітуі мүмкін. Одан бөлек, COVID-19-дың мутацияларын және оған вакцинаның әсерін бақылап отыру керек.


Фото: REUTERS

2021 тағы бір COVID жылы болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімшесінің басшысы Ханс Клюге Welt басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін екенін айтты.

"Яғни 2021 жыл тағы бір COVID жылы болады. Бірақ жағдай белгілі және оны бақылау мүмкіндігі болады. Мысалы 2020 жыл terra incognita болды, яғни ғылым жағынан да, саясат жағынан да мұның не екені түсініксіз болды. Ал бір жыл өткеннен кейін біз біраз нәрседен хабардар болып қалдық. Біздің арнайы құралдар, диагностика жасайтын бағдарламалар, вакцинамыз бар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети