РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 декабря 2021 | 15:17

Тәліптер, қақтығыстар мен төңкеріс. 2021 жылы әлемде қандай саяси өзгерістер болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылы әлемде бірқатар саяси өзгеріс болды. Жердің түкпір-түкпірінде қақтығыстар болды, елдерге жаңа басшылар келді. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы әлемде қандай саяси оқиғалар болғанын баяндайды. 


2021 жылы әлемде бірқатар саяси өзгеріс болды. Жердің түкпір-түкпірінде қақтығыстар болды, елдерге жаңа басшылар келді. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы әлемде қандай саяси оқиғалар болғанын баяндайды. 

Ұлыбритания ЕО-дан шықты

Биылдан бастап Ұлыбритания Еуропа одағының мүшесі емес. Негізі бұл мәселе бұрыннан көтерілген. 2016 жылы маусымда елде референдум өтіп, дауыс берушілердің 51,9 пайызы Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қолдаған.

Содан бері екі тарап ұзақ уақыт келіссөз жүргізді. Былтыр келісімге келіп, Ұлыбритания мен ЕО тек экономикалық тұрғыда ғана байланысты болған. 

Фото: РИА Новости 

Ал биыл 1 қаңтардан бастап Ұлыбритания толығымен ЕО мүшесі емес. Бұл ел 1973 жылдан бері Еуроодақтың мүшесі болған еді.

Бірнеше отбасының ісі қақтығысқа әкелді 

Ал мамырдың басында Израильде қақтығыс басталды. Бұған себеп - Израиль соты палестиналық бірнеше отбасыны Шығыс Иерусалимнен қуып шығуы. Сол кезде палестиналықтар мен Израиль әскері арасында қақтығыс туған. 

Кейін палестиналықтарды жақтап, Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы Израильге 10 мамырда кешкісін 150-ге жуық зымыран жіберген. Содан бастап екі тарап бір-бірін алма кезек нысаналаумен болды. 

© Reuters

Бұл 21 мамырға дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде екі тарапты қосқанда 200-ден аса адам қаза тапқан. Кейін екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келді. 

Польша шекарасында мигранттар қаптады 

Биыл 8 қарашада Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдайға дүние жүзі назар аударды. Бір топ мигрант Беларусь арқылы Польшаға өтпек болған. Мигранттар Африка мен Таяу Шығыс елдерінен жиналған. Олар Беларуське дейін билет сатып алып, сол жақтан Польша мен Балтық елдеріне өтуді жоспарлаған. 

Мигранттар Польша шекарасынан өтпек болып, сол маңнан лагерь құрған. Олар польшалық шекарашыларға шабуыл жасап, Польшаға өтпек болған. Алғашқы шабуылдар кезінде Польшаның 9 әскери қызметшісі зардап шеккен.

18 қарашада Еуроодақ мигранттарға қолдау көрсету үшін 790 мың доллар беретінін хабарлаған еді. Кейін Беларусь билігі шекарада лагерь құрған мигранттардың басым бөлігін шекаралық көлік-логистикалық орталыққа алып кеткен. 

© Reuters

Артынша Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕО-дан мигранттарды қабылдауды сұраған. Бірақ ЕО басшылығы Лукашенконы мигранттарды әдейі әкеліп жатыр деп айыптады. Мигранттардан қорғану үшін Беларуське жақын елдер шекарасына тікенді сымнан жасалған қоршаулар орнатқан. 

Еурокомиссия мәліметінше, жыл басынан бері Еуроодаққа Беларусь арқылы сегіз мың мигрант өткен. 

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды

Биыл сәуір мен мамыр арасында Қығызстан мен Тәжікстан шекарасында да қақтығыс болды. Бұл екі елдің шекарасы 900 шақырымға жетеді. Кей жерінде шекара белгіленбеген, сондықтан екі ел арасында бұрыннан жиі қақтығыс болатын. 

2021 жылы сәуірде, кей мәліметке сүйенсек, қақтығысқа кешкі уақытта тәжікстандықтар Қырғызстанның Кок-Таш аулына жақын жердегі бағанаға бейнебақылау камерасын қоймақ болғаны себеп. Жергілікті тұрғындар құрылғыны алып тастауды талап етіп, сөзге келіспей қалған. Артынша олар бір-біріне тас лақтыра бастаған. 

Қырғызстанда "Достық" заставасында шыққан өрт. © akipress.org 

Кейін қақтығысқа екі тараптың әскерилері араласып, бір-бірінің жолын жауып тастады. Қарулы қақтығыс болды. 

Sputnik.kg мәліметінше, Қырғызстанда осы жанжал кезінде 36 адам қайтыс болған. Оның ішінде балалар мен әскери қызметшілер бар. Ал Interfax.ru мәліметінше, Тәжікстанда қақтығыстан 19 адам қаза болған, оның 10-ы - әскери қызметшілер.   

Ауғанстанды тәліптер басып алды

Тамызда дүние жүзі Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Себебі АҚШ әскерін елге қайтарғаннан кейін "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алды. 12 тамызда тәліптер елдің Кабулдан кейінгі үлкен қаласы Қандағарды алды. Үш күннен кейін ел астанасы Кабул соғыссыз беріліп, ауған президенті Ашраф Ғани елден кетіп қалды. 

"Талибан" Ауғанстанда билік құрғаннан кейін көп тұрғын елден қашуға тырысты. Желіде әуежайдағы жағдайдың видеосы тарады. 

Тәліптер елде демократия болмайтынын айтты, бірақ халықтың, әсіресе әйелдердің құқығын қорғауға уәде берген. Бірақ, РИА Новости мәліметінше, әйелдер бүгінге дейін көшеде еркін жүре алмайды, опа-далап қолдануға, қоғамдық орындарда түрін көрсетуге тыйым салынған. Тәліптер билікке келгелі әйелдер митингке жиі шығып тұрады. 

© Reuters 

Қазір Ауғанстанды уақытша үкімет басқарып отыр. Басшысы - Мохаммад Хасан Ахунд. Ауған басшыларын БҰҰ әлі мойындаған жоқ. 

Африка елдерінде төңкерістер болды

Биыл Африканың бірқатар елінде әскери төңкеріс болды. Ақпанда Мьянмада төңкеріс болып, ел үкіметіне Мьянма қарулы күштері қарсы шықты. Салдарынан Мьянма президенті Вин Мьин мен басқарушы партияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи ұсталып, биліктен шеттетілді. Елде әскери төңкеріс басталған сәттің видеосы желіде қызу талқыланған. 

Ал мамырда Малиде әскерилер ел президенті Ба Ндау, премьер-министр Моктар Уану мен қорғаныс министрі Сулейман Дукурені ұстап, биліктен шеттетті. Қазір премьер-министр Ассими Гоита президент міндетін атқарады, Малиде 2022 жылы президент сайлауы жоспарланып отыр. 

© Reuters 

Қыркүйекте Гвинея Қарулы күштері төңкеріс жасады. Ел президенті Альфа Конде ұсталып, биліктен шеттетілді. Кейін Гвинея үкіметі толығымен таратылып, орнына әскерилер келді. 

© Reuters 

Ал 25 қазанда Судан әскерилері елдің жоғары лауазымдағы шенеуніктерін ұстап, тәуелсіз кеңесті таратып жіберді. Премьер-министр Абдалла Хамдук үйқамаққа алынды. 2023 жылы өтетін келесі сайлауға дейін елді жаңа технократиялық үкімет басқаратын болды.  

© Reuters 

Жаңа басшылар сайланды

Биыл дүние жүзінде бірқатар елдің басшысы ауысты. Былтыр АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден биыл 20 қаңтарда Ақ үй басшысы қызметіне кірісті. 78 жастағы Байден елдің 46-президенті болды, сонымен қатар, АҚШ-тың ең егде басшысы атанды.

Джо Байден. © Reuters 

Сондай-ақ, биыл Германия концлері ауысты. Кейінгі 16 жылда концлер болған Ангела Меркель қызметінен кетті. Оның орнына елдің тоғызыншы канцлері болып Олаф Шольц сайланды, оған бундестагтың 395 депутаты дауыс берген.

Ангела Меркель. © Reuters 

Биыл Қырғызстанда президент сайлауы өтті. Онда Садыр Жапаров жеңіске жетті. Дауыс берушілердің 79,84 пайызы Жапаровты таңдаған. Жапаров Қырғызстанның алтыншы президенті атанды. 

Садыр Жапаров. © РИА Новости 

Қазанда Өзбекстанда да президент сайлауы өтті. Онда екінші рет Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті. Ол 80,31 пайыз дауыс жинады. 

Одан бөлек, биыл Уганда, Вьетнам, Перу, Чад, Сирия, Израиль, Моңғолия, Иран, Армения, Эстония, Болгария секілді елдердің басшылары ауысты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.74   532.51   5.08 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети