Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июня 2020 12:51

"Тұмау екпесіне ұқсады". Коронавирустың алғашқы вакцинасы салынған адамдар әсерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Бүгінде әр елде коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалып жатыр. Олар әлі толық дайын емес. Бірақ адамдарды сынақтан өткізуді бастаған. Tengrinews.kz тілшісі сынақтан өткен адамдардың вакцинадан кейінгі әсері туралы баяндайды.


Бүгінде әр елде коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалып жатыр. Олар әлі толық дайын емес. Бірақ адамдарды сынақтан өткізуді бастаған. Tengrinews.kz тілшісі сынақтан өткен адамдардың вакцинадан кейінгі әсері туралы баяндайды.

"Ең жаман әсер паранойя болды"

Ұлыбританиялық The Independent басылымының журналисі Джек Соммерс вакцина зерттеуіне шамамен бір ай бұрын қатысқан. Ол үшін журналист жеке банк есепшотын ашқан, ұйымдастырушылар оған ауруханаға барып тұру үшін 235 фунт (118 мың теңгеден аса) аударған.

Сонымен қатар, Соммерс денсаулығы мен отбасы мүшелері туралы онлайн-сауалнама толтырған. Кейін журналист ауруханаға шақырту алған. Ауруханада Соммерс сынақтардан өтіп, құжаттарын толтырған. Артынша өтінімді мақұлдауды күту үшін үйіне қайтқан.

"Достарыңыз бен отбасыңыздың шексіз сұрақтарына дайын болыңыз. Олар тест кезінде коронавирус жұқтырасың деп айтады. Бірақ бұл олай емес", - дейді Соммерс.


© Reuters 

Ол таныстары арасында экспериментті қолдағандар да, оған сенбегендер де бар екенін айтады.

Сөйтіп, журналист инъекция қабылдауға шақырылған. Ол инъекцияның ауырмайтынын, бірақ басында инеден қорыққанын мойындады. Вакцинациядан кейін ғалымдар ер адамға термометр беріп, белгілердің күнделігін жүргізуді сұраған.

"Ең жаман әсер паранойя болды", - дейді Соммерс.

Вакцинациядан кейінгі бірінші аптада Соммерстің бір-екі рет қызуы көтерілген, бірақ қазір журналист оны іштей ойлап табуы мүмкін екенін мойындайды.


Джек Соммерс. Фото: Журналистің жеке парақшасынан 

Оның айтуынша, ол күнделігінде ауру белгілері туралы "Титаник" пен айсбергтің соқтығысқанын хабарлағандай жазған. Алайда кейінірек дене қызуы қалпына келіп, аурудың басқа белгілері болмаған.

"Мен немерелеріме адамзатты құтқаратын вакцинаны сынап көргенімді айтқым келеді", - дейді Соммерс. Сонымен бірге ол бұл вакцина көмектеспесе де, экспериментке қатысқаны үшін өкінбейтінін айтты.

"Тұмауға қарсы екпеге ұқсады"

Коронавирус вакцинасы сынағынан ең алғаш өткен адам америкалық Сиэтл қаласының 44 жастағы тұрғыны Дженнифер Аллер болған. mRNA-1273 вакцинасы жануарларға сыналған кезде жақсы нәтиже көрсеткен, сондықтан ғалымдар сынақтан өтуге ерікті адамдарды шақырған. Осылайша, 16 наурызда Дженнифер Аллер зертханаға келіп, вакцина қабылдаған.

Аллер мұндай тәжірибеге қатысу ойы бұрын үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады. Ол вакцина сынағы туралы Facebook жілісінде оқыған. Ал ол сынақтан өтетін тұңғыш адам екенін журналистер кеңсеге келгенде бір-ақ білген.


Дженнифер Аллер. Фото Telegraph сайтынан

"Ол кезде өзімізді дәрменсіз сезіндік. Пандемияны тоқтату үшін біз ештеңе істей алмадық. Кейін мен бұл мүмкіндікті көрдім де, күресуге әлі де көмектесіп, өз үлесімді қоса алатын шығармын деп ойладым", - дейді Дженнифер Telegraph басылымына берген сұхбатында.

Джек Соммерстің жақындары секілді, Дженнифердің де туыстары мен достары вакцинаның қауіпті екенін айтқан. Ал Аллер оларды COVID-19 жұқтырмайтынына сендірген, бірақ іштей толқығанын жасырмайды.

"Бірінші күні дене қызуым сәл көтерілді. Екінші күні қолым ауыра бастады. Бірақ содан кейін еш жерім ауырмай, бәрі жақсы болды. Бұл тұмауға қарсы әдеттегі екпеге ұқсады", - дейді әйел.


© Reuters 

Сәуірдің аяғында Аллерге вакцинаның екінші дозасы егілген, енді оны ғалымдар 2021 жылдың көктеміне дейін бақылап отырады.

"Вакцинаны ойлап тапқан кезде мен осы процестің қатысушысы болғанымды мақтан тұтып жүремін. Бұл мен істей алатын жалғыз нәрсе - көмектесіп жатқаныма қуаныштымын. Бірақ әлемді құтқармаймын", - дейді Дженнифер Аллер.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 6 372 447, оның ішінде 379 709 адам қайтыс болса, 2 725 541 адам аурудан айығып шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети