Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 октября 2020 13:27

"Үкімет екінші толқын басталғанын ескертті" - Франциядағы қазақстандық коронавирусқа байланысты жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іңкәр Құрамаева Іңкәр Құрамаева

Еуропа елдерінде коронавирусқа байланысты жағдай мәз емес. Бірнеше елде науқастардың саны күрт өсіп, эпиджағдай нашарлап, төтенше жағдай режимі жариялана бастады. Оның ішінде, Франция - коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша дүние жүзінде бесінші орында тұрған ел. Францияда 8 жылдан бері тұрып келе жатқан Іңкәрдің Құрамаева Tengrinews.kz тілшісіне елдегі қазіргі жағдайды баяндап берді.


Еуропа елдерінде коронавирусқа байланысты жағдай мәз емес. Бірнеше елде науқастардың саны күрт өсіп, эпиджағдай нашарлап, төтенше жағдай режимі жариялана бастады. Оның ішінде, Франция - коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша дүние жүзінде бесінші орында тұрған ел. Францияда 8 жылдан бері тұрып келе жатқан Іңкәрдің Құрамаева Tengrinews.kz тілшісіне елдегі қазіргі жағдайды баяндап берді.

Іңкәр Құрамаева Алматы қаласында туған. 2012 жылы Францияға магистратура бағдарламасы бойынша оқуға келген ол бүгінде Мюлуз қаласында докторантура бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оның айтуынша, ел үкіметі Францияда коронавирустың екінші толқыны басталғанын ескерткен.

"Коронавирустың бірінші толқыны ақпан мен наурыз айларында болған. 17 наурыздан 11 мамырға дейін елде қатаң карантин жарияланды: сыртқа тек белгілі себептермен шығуға, оның ішінде, спортпен айналысуға бір сағатқа ғана және көшеде жүруге арнайы аттестацияны толтыру арқылы рұқсат етілді. Ауруханаларда орын болмай, коронавирусты анықтайтын тест және маскалар жетпей, тек дәрігерлер мен мейірбикелерге сатылған кездер болды. Сонымен қатар, адамдар антисептикті көптеп сатып алғандықтан қорғаныш құралдары жетіспей қалған кездер болды.

Ал қазіргі жағдай бірінші толқынға қарағанда жақсырақ. Маска, тест не антисептик тапшылығы жоқ. Жергілікті мекемелер әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Тек коронавирусқа байланысты жаңа хаттамадағы шектеулер енгізілді: жабық мекемелерде міндетті түрде маска тағу қажет. Егер клиент маска тақпаса, мекемеге айыппұл салынады", - дейді ол.


Іңкәр Құрамаева

Іңкәрдің сөзінше, бүгінде Францияда науқастардың саны артып барады. Оның себебі - жаппай тестілеудің өткізілуі болуы мүмкін екен.

"Себебі бір жағынан үкімет тегін тестілеу өткізсе, екінші жағынан жұмыс орындары да жұмысшыларын тесттен тегін өткізіп жатыр. Біздің университетте де барлық мұғалім, жұмысшы мен студент тегін ковид тестін тапсырды", - дейді ол.

Отандасымыздың сөзінше, қазір елдегі ауруханалардағы жағдай да мәз емес.

"Қазіргі жағдайға Франциядағы ауруханалардың шамамен 40 пайызы коронавирус жұқтырған науқастар. Бір күнде 40 мыңдай адам анықталып жатыр. Жан сақтау бөлімдерінде COVID-19 жұқтырған адамдарды қабылдау үшін жедел емес операцияларды кейінге ауыстырып жатыр. Егер бір ауруханада бос орын қалмаса, онда ауруларды басқа қалаға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Ауыстыру пойыз, ұшақ немесе тікұшақ арқылы жүргізіліп жатыр", - дейді кейіпкеріміз. 

© Reuters

Іңкәр жергілікті билік коронавирустың тарауымен күресу мақсатында бірнеше аймақта коменданттық сағат енгізілгенін айтады.

"Бүгінде Францияның 54 департаментінде коменданттық сағат енгізілді. Яғни 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін сыртқа шығуға тыйым салынды. Бәрін полиция бақылап жүреді, режим бұзылған жағдайда 135 еуро мен 3750 еуро аралығында айыппұл салуы мүмкін. Бұл шешім қаладағы коронавирус жұқтырған адамдардың санын және де жергілікті аураханалардың қабылдау орындарының санын азайту мақсатында қабылданды. Әзірге мемлекеттік деңгейде карантин енгізу қарастырылып жатқан жоқ", - дейді Іңкәр.

Іңкәр Құрамаеваның айтуынша, жалпы жергілікті билік пен денсаулық сақтау жүйесі коронавирус пандемиясымен жақсы күресе алған, алайда билік тарапынан жіберілген қателер де болған.

"Айтып өткенімдей, маскалар мен тесттер жетіспеген кездер болды. Басқаша ақпараттар берді. Мысалы пандемия басталған уақытта "ауырмаған адамға масқа тағудың қажеті жоқ, одан пайда жоқ" деген болатын. Оған қарамастан билік карантинді жариялау арқылы, науқастардың санын азайта алды. Қазіргі уақытта барлық жабық жерде маска тағу, екі адамның арасында кем дегенде бір метр арақашықтық сақтау міндеттелді", - дейді ол.

Францияның билік өкілдері карантин кезінде тұрғындарға қаржылай әлеуметтік көмек те көрсеткен.

"Карантин кезінде жұмыстары тоқтап қалған мекемелерге қаржылай көмек көрсетілді. Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ жұмысшыларға жәрдемақы төленді. Жағдайы қиындау, қиындық көріп жатқан студенттерге (18 бен 25 жас аралығында) мемлекет тарапынан қаржы түрінде арнайы көмектер беріліп жатыр, шамамен 150 еуро (шамамен 75 мың теңге)", - дейді Іңкәр. 

Францияда карантин кезінде барлық білім мекемелері жабылғанымен, биылғы оқу жылында оқушылар мектепке барған екен. Тек 11 жасқа дейінгі балалар, студенттер мен мұғалімдерге маска тағу міндеттелген. Әрбір оқушының арасында бір орын қалуы керек, сондықтан сыныпта отыратын баланың да саны азайған.


Іңкәр Құрамаева

Іңкәрдің сөзінше, жергілікті халықта тек бастапқыда коронавирусқа байланысты үрей болған.

"Бастапқыда ақпараттың тапшылығына және де биліктің дабыл қағуына байланысты адамдарда көп үрей болатын. Бірақ бүгінде жағдай қолға алынды, адамдар коронавируспен, оның нақты симптомдарымен дұрысырақ танысып алды. Бұрынғыдай үрей онша сезілмейді. Адамдар тазалыққа, арақашықтықты сақтауға өте үлкен назар аударып жатыр. Өте көп өзгеріс енгізілмегенімен күнделікті өмір кішкене болса да бұрынғы қалпына келе бастады.

Мен жеке өзім туралы айтар болсам, ешқандай да үрей немесе қорқыныш болған жоқ. Бірнеше рет тест тапсырдым, нәтижесі теріс шықты. Қолымды жиірек жуып тұруға тырысамын, бұл әдет менде бұрыннан қалыптасқан, сыртта адам көп жиналатын жерлерде маска тағып жүремін. Бұл жағдай тезірек аяқталып, бәрі бұрынғы қалпына оралса екен деп армандаймын", - дейді Іңкәр.

Айта кетейік, 26 қазандағы жағдай бойынша, Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 1 138 507-ге жеткен. Оның ішінде, 110 322 аурудан айықса, 34 761 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети