ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
16 августа 2021 | 11:54

Вакцинакция бойынша көш бастап тұрған елдердің эпидахуалы қандай?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Әлемде тарихтағы ең ірі вакцинация науқаны жүріп жатыр. Бүгінде халқының жартысынан көбі вакцина салдырған елдер бар. Көшті Біріккен Араб Әмірліктері бастап тұр. Ал топ бестікке Қатар, Уругвай, Сингапур мен Дания кіреді. Осы елдердің эпидахуалы туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Әлемде тарихтағы ең ірі вакцинация науқаны жүріп жатыр. Бүгінде халқының жартысынан көбі вакцина салдырған елдер бар. Көшті Біріккен Араб Әмірліктері бастап тұр. Ал топ бестікке Қатар, Уругвай, Сингапур мен Дания кіреді. Осы елдердің эпидахуалы туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Bloomberg агенттігі жинаған деректерге сәйкес, 16 тамызға дейін 183 елде жалпы 4,71 миллиардтан аса вакцина салынған. Кейінгі көрсеткіштер бойынша, күніне шамамен 38,2 миллион адам екпе алады

Бүгінде әлем халқының 30,7 пайызы толық вакциналанды. Алайда елдердің әл-ауқатына қарай әр жерде науқан қарқыны әртүрлі екені бұрыннан белгілі. Қазір табысы ең жоғары елдер табысы төмен елдерге қарағанда вакцинацияны 20 есе тез жүргізіп жатыр. 

Ураинаның Қаржы министрлігі жүргізіп отырған вакцинация бойынша рейтингке сәйкес, тізімде Біріккен Араб Әмірліктері көш бастап тұр. 

Біріккен Араб Әмірліктері

Ураинаның Қаржы министрлігі жүргізіп отырған вакцинация бойынша рейтингке сәйкес, тізімде Біріккен Араб Әмірліктері көш бастап тұр. Онда халықтың 81 пайызынан аса тұрғыны екпенің бірінші дозасын алған. Ал 72 пайызы екі дозаны да салдырып үлгерген. Жалпы пандемия басталғалы онда 2001 адам қайтыс болды. Айта кетейік, елде вакцинация науқаны қаңтарда басталып, наурызға дейін халықтың жартысынан көбі екпе алған. 

БАӘ-де қазір коронавирус жағдайларын ерте анықтау үшін бүкіл ел бойынша тестілеу жүргізіліп жатыр. Министрлік бұл шараны кеңейтуді мақсат етіп отыр. Жақсартылған тестілеу науқаны аясында кейінгі тәулікте коронавирустың 1287 жаңа жағдайын анықталды, осылайша БАӘ-де тіркелген жағдайлардың жалпы санын 696 906-ға жетті.

Мұнда әртүрлі вакцина қолданылады. Мысалы, Sinopharm компаниясының вакцинасын қолдануға БАӘ сынақтары оның тиімділігін дәлелдегеннен кейін ғана рұқсат берілді. Сынаққа 31 мың адам қатысты. Вакцина үш жастан асқан балаларға салынады. 

Time out Dubai мәліметінше, елде вакцинаның үшінші дозасы да салынады. 18 мамырда Ұлттық Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы Sinopharm-ның қосымша дозасын алты ай бұрын вакцинаның екінші копмонентін алғандарға салуға болатынын растады.

Мұнда, сондай-ақ, Pfizer-BioNTech вакцинасы бар. Оны 12 жастан асқан балаларға салу мақұлданды. Бір ерекшелігі, COVID-19 жұқтырып алған жағдайда бұл вакцинаны салдыру үшін 3 ай күтудің қажеті жоқ. Ауру симптомсыз және жеңіл өтсе, оқшаулау уақыты аяқталғаннан кейін екпе жасатса болады. 

Елде ресейлік "Спутник V" вакцинасы да бар. 

29 маусымнан бастап Дубай Денсаулық сақтау басқармасы жүкті әйелдерге де екпе жасай бастады. Вакцинациядан бұрын жүкті әйелдерге, әсіресе қосалқы ауруы бар әйелдер дәрігермен кеңесуі керек. Жүктіліктің алғашқы 13 аптасынан кейін вакцина алуға кеңес беріледі, оларға Pfizer салынады. 

Қатар

Қатар Денсаулық сақтау министрлігінің 15 тамыздағы дерегіне сәйкес, елде 4 091 569 доза вакцина салынған (12 жас және одан жоғары), кейінгі тәулікте 14 903 адам екпе алған. Осылайша министрлік мәліметінше, халықтың 90 пайызға жуығы кем дегенде бірінші дозаны салдырып, қорғалған. Ал COVID-19 деректері бойынша, күніне жергілікті тұрғындар мен туристер арасында 200-дей жағдай анықталады. Елде қазір 2555 адам емделіп жатыр. Ал жалпы ауырғандар саны - 226 012. The Peninsula Qatar жергілікті газетінің ақпараты бойынша, соңғы күндері елде COVID-19 жағдайлары артып келеді. Соған байланысты мемлекет халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.  

Қазіргі уақытта елде Moderna және Pfizer-BioNTech вакциналары бар.

Ал жалпы министрлік эпиджағдайға тұрақты баға беріп отыр. Елдегі күнделікті жаңа жағдайлардың біртіндеп азаюына карантин шектеулерінің әсері мен вакцинация көрсеткіштерінің жоғарылауы, сондай-ақ, қоғамның үлкен қолдауы әкелгені айтылды. Алайда сақ болу керек екені, өйткені екінші толқын әлі аяқталмағаны ескертілді. Дегенмен шектеулер біртіндеп алып тасталып жатыр, ал маска тағу режимі сақталады.

Қатарда да жүкті әйелдерге вакцина салынып жатыр. Жақында елдің Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдердің COVID-19-ға қарсы вакцина алуына бес себеп атады.

Министрліктің Twitter-дегі мәлімдемеде былай делінген: 

  1. ДДСҰ нұсқаулығында жүкті әйелдер басқаларға қарағанда коронавирус жұқтырған соң, ауруды ауыр өткеруге қауіп жоғары екені айтылған.
  2. COVID-19 мерзімінен бұрын босану және жүктіліктің басқа асқыну қаупін жоғарылатады.
  3. Вакциналар қауіпсіз. Бүкіл әлемде жүздеген мың жүкті әйелге негізінен Pfizer мен Moderna вакциналары салынды, қауіпсіздікке байланысты маңызды қиындықтар анықталған жоқ.
  4. "Дельта" штамы Қатарда және әлемнің көптеген елінде кең таралғандықтан, жүкті әйелдер үшін вакцинациядан өту бұрынғыдан да маңызды. 
  5. Вакцинация өте тиімді - ауруханаға түскендердің барлығы дерлік толық вакцина алмаған адамдар. 

Қатар ЖОО-лары үшін 2021 жылдың күзгі семестрі коронавирус таралуын болдырмау үшін аралас оқыту форматында басталады. Оқу кейбір арнайы мамандықта оқитын студенттерді қоспағанда, бұрынғысынша негізінен онлайн режимінде болады. Практикалық сабақтар корпуста өтеді.

Уругвай

Пандемия басталғанда COVID-19-ға қарсы күресте жаһанға үлгі болған Уругвай көктемде SARS-CoV-2 коронавирусын бақылаудан шығарып алды. Уругвай ғалымдары бұған елдің вирусқа қарсы күрестегі жылдам табысынан кейін халықтың босаңсығаны, бейқамдығы және коронавирустың ерекше таралатын нұсқаларының пайда болуы кінәлі дейді.

"2020 жылы біз модель болдық. Өкінішке қарай, 2021 жылы бәрі басқаша", - дейді Монтевидеодағы республикалық университеттің биохимигі Рафаэль Ради Nature басылымына.

Былтыр 3,5 миллион халқы бар елде шамамен 19 100 коронавирус және 180 өлім жағдайы тіркелді. Алайда биыл вирус жұқтыру көрсеткіші 18 есе, өлім 28 есе артып отыр. Мұнда мамыр мен маусымда бірнеше рет әлемдегі жан басына шаққандағы ең көп өлім тіркелді.

Дегенмен соңғы айларда жағдай жақсарып келеді. Вакцинация қарқынының тез жүруінен жаңа инфекциялар мен өлім саны азайды. "Бұл елдің вирусты қайта жеңуіне үміт береді", дейді ғалым.

Vacs.live порталының мәліметінше, Оңтүстік Америкадағы ел халықтың 74,7 пайызын вакцинациялаған, бұл 4,9 миллион доза. Мұнда да Sinovac салдырғандарға үшінші күшейткіш доза ұсынылмақ. Кейінгі аптадағы ресми деректерге сәйкес, Уругвайда жалпы 380 мығанан аса адамнан вирус анықталған, олардың 5 986-і қайтыс болған. 

Worldometers сайтындағы диаграммаға сәйкес, вакцинация қарқыны өскен сайын елде өлім дерегі азайғанын байқауға болады. Мысалы, сәуір мен маусым аралығында күніне орташа есеппен 60-70 адам қайтыс болатын, қазір бұл көрсеткіш 2-6-ға дейін түскен. 

Мұнда да "дельта" штамы бар, соңғы деректерге сәйкес, 45 жағдай анықталған. 

Уругвайда коронавирустың "дельта" штамы алғаш рет 18 шілдеде анықталған. 86 адамнан алынған сынаманың 26-сында "дельта" штамы, 14-інде "бета" штамы анықталды. Бұл туралы денсаулық министрі Twitter-де жазды. 

Уругвай президенті Луис Лакалье Поу 1 қарашадан бастап ел коронавирусқа қарсы вакцина алған барлық шетелдікке шекара ашатынын мәлімдеді. Ал денсаулық сақтау министрінің орынбасары Хосе Луис Сатджян елге ресейлік Sputnik V вакцинасын алған туристер кіре алатныны мәлімдеді

Сингапур

Сингапурда кейінгі деректерге сәйкес, халықтың 75 пайызы (4,1 миллионнан аса адам) ұлттық вакцинация бағдарламасы бойынша толық вакцинация курсынан өтті, ал 81 пайызы кем дегенде бірінші дозаны алды. 

Жалпы, жаңа жағдайлардың саны алдыңғы аптадағы 571-ден кейінгі аптада 354 жағдайға дейін төмендеді.

Сингапур денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел эндемиялық COVID-19-ға көшудің дайындық кезеңінде. Карантин шараларды екі кезеңге жеңілдемек. Біріншісі 2021 жылдың 10 тамызынан бастап, екіншісі 19 тамыздан бастап күшіне енеді.

2021 жылдың 19 тамызынан бастап температура скринингі алып тасталады, қызметкерлердің 50 пайызы жұмыс орнына оралады, ал аттракциондар, круиздер, мұражайлар мен  кітапханалар үшін толымдылық 50 пайызға артады. Сауда орталықтары мен көрме залдарына да кірушілер санын арттыруға болады. Тек вакцина алған 1000 адаммен ойын-сауық, спорттық іс шара, үйлену той жасауға рұқсат беріледі. Онда маска тақпаса болады. 

Кез келген елде халықтың осал тобына қарттар да жатқызылады. Мысалы, Сингапур егде жастағы адамдарды екпе алуға көндіру үшін тәжірибелік дәрігерлермен қоса дәстүрлі қытай медицинасымен айналысатын емшілердің көмегіге жүгініпті. Сондай-ақ, қарттар көп тұратын жерлерге арнайы мобильді вакцинация бригадалары жіберіліп отырады. Олар үй-үйді аралап екпе жасайды.

Елде Sinovac вакцинасы қолданылады. Ол аллергиясы бар адамдарға салуға кеңес беріледі. Ал қарсы көрсетілімі жоқтарға мРНҚ-вакциналарын салу ұсынылады, себебі олырдың қорғаныш әсері жоғары. 

Ал 12 жастан асқан балалар алдын ала жазылмай кез келген вакцинация орталығынан Pfizer-BioNTech / Comirnaty және Moderna салдыра алады.

Сонымен қатар, Сингапурде басқаларға COVID-19 жұқтыру қаупін тудырған адамдарға жаза қатаң екенін айта кеткен жөн, олар алты айға дейін түрмеге қамалып, қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

Дания

Reuters агенттігінің деректеріне сәйкес, елде вирус жұқтыру дерегі қыста күрт өсіп күніне 2-3 мың жағдайға дейін барып отырған, ал қазір күніне 900-1000 жағдайдан анықталады. Пандемия басталғалы Данияда 326 887 коронавирус жұқтыру жағдайы және 2554 өлімі тіркелді.

Қазіргі уақытта Данияда COVID-19-ға қарсы вакцинаның 7 миллион 790 мыңнан аса дозасы салынған. Әр адамға 2 доза қажет болса, ел халқының шамамен 66,9 пайызы вакциналанды деген сөз. Айта кетейік, Скандинавия патшалығында 5,8 миллион адам тұрады. 

NDTV мәліметінше, Данияда 13 тамызда маска тағу режимі алып тасталды. Дания үкіметі халыққа қоғамдық көлікте бетперде тақпауға рұқсат берді.

"Халықтың көп бөлігі вакцина алды, сондықтан қалыпты дерлік өмірге ораламыз. Сенбіден бастап автобустарда, пойыздарда және метрода маскалармен қоштаса аламыз", - деді көлік министрі Бенни Энгельбрехта.

Министр вирус таралуының алдын-алу бойынша ұсыныстар адамдар күнделікті қалыпты өмір сүре алатындай етіп бейімделетінін айтты. 

Данияда қазір Pfizer және Moderna вакциналары қолданылады. Алайда олар ЕО комиссиясы мақұлдамаған Novavax-ты да алдырмақ. Себебі ол белгілі технология негізінде жасалған вакцина.

Еуропалық комиссия Novavax компаниясымен 20 миллион вакцина сатып алу туралы алдын ала келісім жасады. Келісімге Дания да қосылды.

"Данияда вакцинация қазір өте жақсы жүріп жатқанына қарамастан, біз жаңа вакциналарды мұқият қадағалап отыруымыз керек. Коронавирус біздің қоғамда әлі де бар және ұзақ мерзімді перспективада Pfizer және Moderna-дан басқа вакциналар технологиясын енгізу қажет болуы мүмкін", - дейді Денсаулық сақтау министрі Магнус Хойнике.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети