Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 марта 2020 12:49

Заңсыз митинг ұйымдастырғандардың жазасы қатаңдай ма? Министр жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев заңсыз митингілерді ұйымдастырғандарға жауапкершілікті күшейтуді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев заңсыз митингілерді ұйымдастырғандарға жауапкершілікті күшейтуді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заңды талқылау барысында депутат Арман Қожахметов министрге сауал жолдады.

"Біздің ойымызша, санкцияланбаған митингілерге қатысқаны үшін жауапкершілік анағұрлым қатаң болуы тиіс. Заңның бұл бөлігінде ара-жікті нақты ажыратуға тиіспіз. Біз бейбіт жиналыстар мен санкцияланбаған митингілер кезінде заң бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз. Бұл мәселеге қатысты сіздің ұстанымыңыз қандай?", - деді ол.

Дәурен Абаев бұл ұсынысты қолдайтынын, осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

"Біз де бұл мәселені қарадық, мұны толық қолдаймыз. Өйткені, біз митингіні, жиналыстарды өткізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сондықтан бұл заңда бүкіл адамның жиналыс өткізу құқығы қарастырылған. Барлық мүмкіндікті береміз. Заңсыз митингілерге талапты күшейтуді қолдаймыз, мүмкіндік бар", - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Осыған дейін мәжіліс төрағасы бүгін кейбір депутаттардың неге жұмысқа шықпағанын түсіндірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети