Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 ноября 2018 20:08

"24 сағат бойы жүгіретін күндер болады" - 71 жастағы марафоншы

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қайраты қайтпаған қариялар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қайраты қайтпаған қариялар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өз ойым"бағдарламасына белсенді қарттар келді. Әмегүлсін Мұсылманованың жасы 71-де. Ол спортпен белсенді айналысып, марафонға қатысады. Әңгіме барысында бір жылда 13-14 жарысқа қатысатындығы жайлы айтты. Зейнет жасындағы марафоншы 17-ге енді толдым деп әзілдеді.

"Салмағым - 42,2 келі. Халықаралық марафон өлшемі де осындай. Марафондарға қатысу - жағдайға байланысты, басқа да факторлар бар. Спорт комитеті жылына 3-4 марафонға қатысуға біздің клубқа ақша бөледі. Шымкентте өткен соңғы марафонда 4 сағат 36 минут 13 секундта жүгіріп өттім. Бірінші орынға 100 мың теңге мен финишер медалін берді. Ресейде, Қазақстанда және Қырғызстанда өтетін марафондарға мені тегін қабылдайды. Яғни мен үшін тіркелу тегін. Мен "Ультра марафон" ардагерімін сол себепті маған "стартовый пакет" берілді. Былтырғы ШОС марафонында Кәрім Мәсімов бауырым екінші нөмірмен, өзім ардагер ретінде бірінші нөмірмен шықтым. Бұрындары экстремал тау марафонына қатысатынмын. Бір, екі және төрт күндік жарыстар болатын. 24 сағат бойы жүгіретін кездер болады, арасында демалып, массаж жасап, шай-тамақ ішіп қайта жүгіресің", - дейді Әмегүлсін Мұсылманова.

Бағдарламаның қонағы Хадиша Нұрымбетова эфир кезінде өзі жазған өлеңін оқып берді.

"Өлең жазу бала кезімнен келе жатқан хоббиім. Әкеме, анама, балаларым мен немерелеріме арнап өлең шумақтарын шығарамын. Тұңғыш немерем 20-ға толады. Одан бөлек жеті немерем бар", - дейді Хадиша Нұрымбетова.

Гитарамен автобустарды аралап ән айтатын 58 жастағы Махамбетәлі Тұрымбетов осы жолға қалай келгенін айтып берді.

"Театрларға барсаң, мені көрсе есіктерін тарс жауып алады. Басында кафелерде ән айтуға дәтім бармады, аяғында олда арман болып кетті. Бір кондуктор маған гитарамен қоғамдық көліктің ішінде ән айтуды ұсынды. Сосын сол автобуста отырған бір орыс әйел "Әу демейтін қазақ жоқ, шырқа. Давайте народ поддержим" деді. Сосын барлығы шапалақ ұрды. Ержанның ауыл туралы әндерін айта бастадым. Шәмшінің әндерімен бірге орысша шансондарды орындадым. Бір кезде сол жерде отырған адамдар менің қалтама ақша сала бастады. Қалтам толып кетті. Үй жағыма келгенде түсейін деп жатсам, кондуктор маған ертең тағы шығамыз, міндетті түрде келіңіз деп шақырды", - дейді Махамбетәлі Тұрымбетов.

Балалар кинопродюсері 59 жастағы Марат Сәрсенбаев тәрбиені балалардан алуымыз керек дейді.

"Кішкентай балалардың ниеті таза, білімі жоқ, бірақ ой-пікірлері таза. Оларды тыңдамасқа болмайды. Өмірлік тәжірибесі де азырақ, ойындағыны көп ұстамай айтып тастайды. "Мынауың дұрыс емес, мынауың дұрыс" - деп. Балалардан тәрбиені біз алуымыз керек. Балалармен жұмыс істегеннен кейін кәрілік жайлы ойламайсың. Себебі солармен біргесің, ойыңда, жүрісің де өзгереді. Мен мысалы құрдастарыммен қатты тілдесе алмаймын, себебі олар жұмыстарын, қиыншылықтарын, ауруын айта береді", - дейді Марат Сәрсенбаев.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети