Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 сентября 2021 17:04

Алты қыз бен үш ұлдың әкесі. Сіз кімсіз, бокстан жаңа бас бапкер?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Енді ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұған дейін жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Tengrinews.kz тілшісі бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері туралы мәліметтер жинады.


Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Енді ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұған дейін жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Tengrinews.kz тілшісі бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері туралы мәліметтер жинады.

Қайрат Сәтжанов 1970 жылы 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.

Ал бапкерлік қызметте жүргеніне 31 жыл болған. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері "Азия балалары" халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алған.

Шәкірттері 2013 жылғы әлем чемпионатында екі алтын, бір күміс және 5 қола медаль алған. Ал 2015 жылғы ӘЧ-ден бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен оралған.

Сонымен қатар, Сәтжанов басқарған тұста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында екі мәрте командалық есепте топ жарған. Құрама жарыстары екі бірдей құрлықтық додада 8 алтын медальдан еншілеген.

Ал 2019 жылдан бері Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Биыл жастарымыз Азия чемпионатында сегіз алтын, екі күміс және екі қола медаль еншілеп, командалық есепте жеңіске жеткен.

Сондай-ақ, жастар арасындағы биылғы әлем чемпионатында құрамамыз екі алтын, екі күміс және бір қола медаль таққан. Сәтжановтың бұған дейінгі нәтижесі осындай. 

Желіде Қайрат Сәтжанов туралы ақпарат жоқтың қасы. Сондықтан, Қазақстан бокс федерациясына хабарласып, жаңа бапкер туралы мәлімет алдық. Ведомствоның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенек, Сәтжанов үйленген, тоғыз баласы бар - алты қызы мен үш ұлы. 

Жаңа бас бапкердің сүйікті спортшылары - Мұхаммед Әли мен Дәулет Тұрлыханов. Ал бокстан бөлек күресті ұнататынын айтады. Хоббиі футбол, үстел теннисін ойнау екен.

Қайрат Сәтжановтың Facebook желісінде парақшасы бар. Бірақ онда белсенді емес. Тек былтыр парақшасына 1-2 сурет жүктеген. Желіде 448 досы бар. 

Еске салайық, Қайрат Сәтжанов 6 қыркүйекте бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері тағайындалған болатын. Ол бұл лауазымда 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети