Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 октября 2021 16:42

Борат, жерлеу. Қазақстан спортшылары мазақ қылған қарсыласына қалай жауап берді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анголалық Манел Кап мәлімдеме жасап, ол қызу талқыға түсті. Каптың "қазақтарды тізе бүктіреміз" деген сөзі қазақстандықтардың ашуына тиді. Негізі қазақстандық спортшыларға жекпе-жек алдында түрлі трешток жасап, кейін оңбай таяқ жеген спортшы аз емес. Tengrinews.kz тілшісі кейбірін еске түсірді.


Таяуда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анголалық Манел Кап мәлімдеме жасап, ол қызу талқыға түсті. Каптың "қазақтарды тізе бүктіреміз" деген сөзі қазақстандықтардың ашуына тиді. Негізі қазақстандық спортшыларға жекпе-жек алдында түрлі трешток жасап, кейін оңбай таяқ жеген спортшы аз емес. Tengrinews.kz тілшісі кейбірін еске түсірді.

"Борат шықпай тұрып Қазақстанды кім білді?"

2015 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье жұдырықтасты. Екеуі де нокаутшы, алғаш рет ақылы трансляцияда жекпе-жек өткізеді. Сондықтан болар, Лемье түрлі мәлімдеме жасап, жекпе-жекті қыздыра түсті. Бірақ артық кетіп қалған сыңайлы. 

Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатының бірінде Головкин Лемьеден ірілеу деген әңгіме қозғалған. Сол кезде канадалық боксшы "Оның басы үлкен. Бас киімді қалай киеді өзі?" деп әжуалаған еді. 

Кейін әлеуметтік желіде Бораттың суретін жариялап, қазақстандықтарды ашуландырған болатын. 

"Лол, өтірік айтпаңдар, халқым, бұл жігіт шықпай тұрып Қазақстанды кім білді? Головкин кейін шықты", - деп жазған еді. 

Боксшы кейін бұл жазбасын өшіріп тастаса да, қазақстандықтар Головкиннен Лемьені нокаутқа түсіруді сұраған. Головкин өтінішті орындады, канадалық боксшыны қуып жүріп сабап, 8-раундта нокаутқа түсірді. 

"R.I.P. GGG"

2013 жылы Головкин мен Кертис Стивенс жұдырықтасқанда да америкалық боксшы тым артық кеткен. Алдымен "Мен Головкинді нокаутқа түсіремін" деп мәлімдеме жасаған. 

Ал кейін Головкинді "жерлеп", оның суреттерін Желіде таратқан. Онда табыт көрсетіліп, үстіне "R.I.P. GGG" деп жазылған. 

Ал жекпе-жек басталғанда Стивенс сол сөздері мен әрекеті үшін өкінген болар. Екінші раундта Головкиннің соққысынан кейін ол нокдаунға түскен, сол кезде оның таңғалған түрі Желіде мемге айналған болатын. 

Ал кездесудің өзі Головкиннің техникалық нокаутымен аяқталған. 

"Борат" дегені үшін Жәнібек те кек алған

"Борат" үшін жекпе-жек алдында жәбір көргендердің бірі - боксшы Жәнібек Әлімханұлы. 2019 жылы канадалық Стюарт МакЛеллан Борат іш киіммен тұрған суреттің орнына Әлімханұлын қойып, қазақстандықтардың ашуына тиген. 

Бұл жазбасында ол Әлімханұлын балағаттап, кездесуден кейін Жәнібек осындай болатынын жазған.  

Әлімханұлы да оған рингте жауап қатты. Екінші және бесінші раундта канадалықты нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

"Шавкат Рахмонов алғаш рет жеңіледі"

UFC-де қазақстандықтар айтылған сөзге жауап беру керегін бұған дейін де көрсеткен. Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютін бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткізген. Сол кезде Оливейра жекпе-жекті қызық қылу үшін бірқатар мәлімдеме жасаған болатын. 

"Жекпе-жек барысында оған өз ойынымды көрсетіп, нағыз мықты қарсыласпен әлі шықпағанын дәлелдеймін. Ол алғаш рет жеңіледі. Одан күштірекпін және жылдамырақпын. Мұның алдындағы қарсыласының бәрі төмен деңгейде еді. Жеңіс менікі болады", - деген еді файтер. 

Ал Рахмонов болса, "жеңемін" деген қарсыласын бірінші раундта сабмишнмен жеңді.

"Бұл қазақты "таптап" өтеді"

Ресейлік ағайынды Багаутиновтер де бір кездері мәлімедеме жасап, қазақстандықтардың ашуын келтірген. 2017 жылы Жалғас Жұмағұлов ресейлік Артур Багаутиновпен кездескен. Сол кезде Артурдың ағасы Али Багаутинов мәлімдеме жасаған болатын. 

"Менің бауырым бұл қазақты "таптап" өтетініне сенімдімін", - деген еді Али. 

Ал жекпе-жекте Жұмағұлов Артурды нокаутпен жеңді. 

Араға екі жыл салып, Жалғас Али Багаутиновтің өзімен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық файтер бұл жолы да жеңіске жетіп, титулын қорғап қалған. 

Еске салайық, енді Жалғас Жұмағұлов анголалық Манел Каппен 4 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде кездеседі. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети