Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 октября 2020 16:00

Моңғолиядағы марафоншы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылайхан Бахытнасыр Абылайхан Бахытнасыр

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген қандасымыз Абылайхан Бахытнасыр бес жылдан бері жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысып келе жатыр. Таяуда ол AVC ұйымдастырған әлем чемпионатында бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды.


Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген қандасымыз Абылайхан Бахытнасыр бес жылдан бері жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысып келе жатыр. Таяуда ол AVC ұйымдастырған әлем чемпионатында бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, материалды дайындауға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы көмектесті

Біз қандасымыз туралы бұған дейін де материал дайындаған болатынбыз. Оны мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Абылайхан туралы қысқаша айтып өтер болсақ, жасы 20-да, бүгінде ол - 64, 50, 42, 21 шақырым қашықтыққа жүгіретін кәсіби спортшы. Баян-Өлгий аймағының ұзақ қашықтықта жүгіруден алғашқы спортшысы. Әкесі ауруханада күзетші, ал анасы Кабира - аспаз. Өзі бала кезінен жүгіруге қатты қызығып өскен. Абылайхан бұған дейін де түрлі жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. 

"RunBanladesh халықаралық жарыстың чемпионы, BOPHELONG Virtual race чемпионы, KARGIL халықаралық жарыстың чемпионы атандым және 53 елінен 783 спортшы қатысқан Chicago mini marathon 4.2km халықаралық жарыста 5-орынға қол жеткіздім", - дейді Абылайхан. 

Биыл қыркүйек айында Абылайхан AVC World Championships-ке қатысып, бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды. Тізімді ұйымдастырушылардың ресми сайтынан көруге болады. 

"Жарысты АҚШ ұйымдастырды. Бұл жолы әлемнің 50 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс онлайн өткізілді. Оны бақылаушылар арнайы бағдарлама арқылы бақылап отырды. Яғни әр қатысушы GPS тағып қатысты. Мен 5 шақырымды 16 минут 5 секундта жүгіріп өттім. Қарсыластарымнан екі минут бұрын келдім. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш болды. Халықаралық жарыстың екі дүркін чемпионы атандым", - дейді Абылайхан. 

Жас марафоншы таңдауы неліктен жеңіл атлетикаға түскенін айтты. 

"Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атану - бала кезімнен бергі арманым болатын. Арманыма қол жеткізу мақсатында жаттығып жүргеніме бес жыл болды", - дейді ол. 

Абылайхан пандемия аяқталып, шекара ашылғаннан кейін Қазақстанға келу жоспарда барын айтады. 

"Бұйырса шекара ашылғаннан кейін жарыстар болса келу жоспарда бар. Мені қолдаушылар да жоқ емес", - дейді Абылайхан. 

Спортшының бұл ойын еліміздегі Дүние жүзі қазақстарының қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы да қолдап отыр. 

"Былтыр Корея мен Моңғолияның арасында жарыс болған. Абылайхан соған қатысып, жүлделі орын жеңіп алған. Ол кездері мектепте оқып жүрген. Мен Абылайханға хабарласып: "Сен Қазақстанға кел, оқуға түсуіңе көмектесеміз, осы жерде білім ал" дедім. Мықты мамандармен дайындалып, болашақта Қазақстанның атынан, әлемдік додаларға қатысса деген ой болды. Қазақтың атын әлемге танытатын брендке айналса дедік. Сол мақсатта елге шақырған болатынбыз. Абылайхан спортты таңдады. Осы жолы пандемияға байланысты келе алмады. Ал жалпы Абылайханмен байланыстамыз", - деді Сырымбек Төлеуұлы.    

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети