Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 января 2022 11:44

"Пайда көру қиын". Кермеге тартылудан әлем рекордын орнатқан қазақстандық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кермеге тартылуды балалар мектеп кезінен үйренеді. Бірақ кермеге тартылудан әлем чемпионы барын көп адам біле бермейді. Таяуда қазақстандық спортшы Ильдар Ягьяев кермеге тартылудан әлем чемпионы атанды. Бұл атақты ол алтыншы рет иеленді. Tengrinews.kz тілшісі Ильдар Ягьяевпен әлем чемпионаты, бұл спортқа қалай келгені туралы сөйлесті. 


Кермеге тартылуды балалар мектеп кезінен үйренеді. Бірақ кермеге тартылудан әлем чемпионы барын көп адам біле бермейді. Таяуда қазақстандық спортшы Ильдар Ягьяев кермеге тартылудан әлем чемпионы атанды. Бұл атақты ол алтыншы рет иеленді. Tengrinews.kz тілшісі Ильдар Ягьяевпен әлем чемпионаты, бұл спортқа қалай келгені туралы сөйлесті. 

Кермеге тартылудан әлем чемпионаты 23 қаңтарда Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен. Оған әлемнің 20 елінен 200-ден аса спортшы қатысқан. Спортшылар алты салмақ дәрежесіне бөлінген. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 мың еуро болды. 

Әлем чемпионатында ел намысын ақтаулық Ильдар Ягьяев қорғады. Ол 70 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Алғашқы жаттығуында ол 90 келіні бағындырды. Кейін 96,5 келі жүкпен кермеге тартылды. Осылайша, Ильдар әлем чемпионы атанып қана қоймай, әлемдік рекордты орнатты.  

"Бұл жарыс пауэрлифтинг сияқты. Кермеге тартылуға үш мүмкіндік беріледі. Көтере алатын салмақты таңдайсың, кермеге ең ауыр салмақпен тартылған спортшы жеңімпаз атанады. Менің салмағымда бұған дейін ешкім 96,5 келіні бағындырып көрмеген", - дейді Ягьяев. 

Ильдар Ягьяев Ақтауда тұрады, жасы - 26-да. Үйленген, бір жасар қызы бар. Мейрамхана бизнесінде жұмыс істейтінін айтады. 

"Спортзалға баруға мүмкіндік болмай, көшеде жаттығып жүргенімде осы спорт туралы естіп, қызыққанмын. О8 жылдан бері Қазақстанда осы бағытты насихаттап жүрмін. Командаммен бірге жиындарға аттанамыз, тегін жаттығулар өткіземіз, бұл спортты жастар арасында насихаттаймыз", - дейді ол.

Ильдардың айтуынша, ол жұмыстан кейін аптасына үш рет жаттығу залына барады екен. Кешкісін өзі жүгіріп қайтады. 

"Әлем чемпионатына іріктеу алдымен видеокадрлар арқылы жасалады. Бәрін бірдей ала бермейді. Шамаңды тексереді. Ал жарыс алдындағы дайындық басқа спорт түрлеріне ұқсас. Салмақ қуамыз, допинг бақылаудан өтеміз дегендей. Ең ауыры салмақ қуу шығар. Себебі әлем чемпионаты алдында бір ай бойы салмақ қудық", - дейді Ягьяев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильдар Ягьяев (@ildar_calisthenics)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильдар Ягьяев (@ildar_calisthenics)

Ол әлем чемпионатына дайындалу кезінде жиындар өткізетінін айтады.

"Спортты Олимпиада түрі және қалғандары деп бөлгені ұнамайды. Бәріміз де халықты спортқа баулығымыз келеді. Салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Өкінішке қарай, мұндай спорт түрлеріне қолдау жоқ. Жалпы, Қазақстанда спортшы болып қаржылық пайда көру қиын. Олимпиадаға кіретін спорт түрі болмаса. Онда да Олимпиадаға барып, медаль әкелуің керек. Ал басқа спорт түрлері назардан тыс қалғанға ұқсайды. Сондықтан болар бәрі баласын боксқа бергісі келеді", - деп ағынан жарылды ол. 

Сондықтан, Ильдар болашақта "бізді де спортшы ретінде мойындағанын қалаймын" дейді.

"Басқалармен бір деңгейде құрметтесе деймін. Спорт Африкада да спорт қой. Қазірдің өзінде біздің спортқа қызығатын жас көп. Бәрі бала кезінен кермеге тыртыла алады. Спортты насихаттап жүрміз. Сондықтан көңіл бөлінсе тамаша болар еді", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильдар Ягьяев (@ildar_calisthenics)

Ол отбасымен бірге басқа қазақстандықтар секілді пәтер жалдап тұратынын айтады. "Қазақстанның 100 жаңа есіміне" енген. Бүгінде Маңғыстау облысы стритворкаут және стритлифтинг федерациясының басшысы қызметін де атқарады. 

"Біздің мақсатымыз - облыста ғана емес, елімізде де стритворкаут пен стритлифтингті дамыту. Сол үшін тегін жаттығулар ұйымдастырамыз. Лос-Анджелесте Muscle Beach деген танымал жаттығу алаңы бар. Соған ұқсас жаттығу алаңын бізде де жасауға болады. Оған қызығып жастар да келер еді. Қазір осы жоспар бойынша демеуші іздеп жатырмыз", - деді Ильдар Ягьяев. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети