Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 августа 2019 10:32

Рахманқұловтың нокаутының видеосы. GGG рингке қашан шығады - Спорт жаңалықтарына шолу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен демалыста "Барыс" Қазақстан Президенті кубогында топ жарды. Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында көш бастап келеді, ал "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы түнгі клубта кісі қолынан қаза тапты. Тengrinews.kz тілшісі өткен демалыстағы спорт жаңалықтарына шолу жасады.


Өткен демалыста "Барыс" Қазақстан Президенті кубогында топ жарды. Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында көш бастап келеді, ал "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы түнгі клубта кісі қолынан қаза тапты. Тengrinews.kz тілшісі өткен демалыстағы спорт жаңалықтарына шолу жасады.

"Барыс" мерзімінен бұрын топ жарды

Нұр-Сұлтанда хоккейден ҚР Президенті кубогы мәресіне жетті. Елордалық "Барыс" өзінің соңғы матчын ойнамай жатып турнир жеңімпазы атанды.

Қазандық "Ак Барсқа" бірінші орынға таласу үшін соңғы турда міндетті түрде екатеринборлық "Автомобилист" командасын жеңу қажет болатын. Бірақ татарстандық клуб матч барысында үш рет есепте алда болғанымен, жеңісті ұстап қала алмады. Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, хоккейшілер кейін буллиттер сериясын өткізген. Мұнда "Автомобилист" хоккейшілері дәлдік танытып, жеңіске жетті.

Осылайша, басты бәсекелесі ұпай жоғалтып, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанып қойған "Барыс" үшін "Салават Юлаевқа" қарсы соңғы матчтың маңызы болмай қалды. Бірақ елордалық клуб турнирді жеңіспен аяқтады. "Барыс" хоккейшілері буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан Президенті кубогында "Барыс" топ жарса, екінші орынды "Автомобилист" еншіледі. Үшінші орында - "Ақ Барс", төртінші орында - "Салават Юлаев", ал соңғы орынды "Нефтихимик" алды.

UFC-дің орнына Invicta FC

Жақында ғана UFC келісімшарты үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған қазақстандық Мария Агапова өзіне жаңа промоушн тапты. Қазақстандық файтер енді америкалық Invicta Fighting Championships (Invicta FC) ұйымы аясында жекпе-жек өткізеді.

"Кеше Invicta FC ұйымымен келісімшартқа отырдым. Жақында, 6 қыркүйекте Канзас қаласында жекпе-жек өткіземін. Бұл жолы қарсыласым Алекса Коннерс болады. Кеттік", - деп жазды Агапова Instagram желісінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maria Agapova (@mma.mashka)

Мария Агапова кәсіпқой карьерасын 2015 жылы бастап, бес жекпе-жекте жеңіске жеткен. Артынша UFC басшысы Дана Уайттың шоуында өнер көрсетіп, ең атақты промоушнмен келісімшартқа отыру мүмкіндігін сарапқа салған. Бірақ ол америкалық Трэйси Кортестен төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Қазақстандық клуб - Чемпиондар лигасында

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының іріктеу турнирінде көш бастап келеді. Шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші матчында эстониялық "Флораны" жеңді. Матч 2:0 есебімен аяқталды. Шымкенттік клуб сапынан Алина Литвиненко дубль (гол 13 және19-минуттарда) жасады.


"БИІК-Қазығұрт" футболшылары. © RFS Akademija

Осылайша, "БИІК-Қазығұрт" футболшылары Эстонияда өтіп жатқан іріктеу кезеңінің 6-тобында екінші жеңісіне қол жеткізіп, көш бастап келеді. Финляндиялық ПК-35 клубында да алты ұпай бар, бірақ ол қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық командаға жол беріп тұр. Енді соңғы турда екі команда өзара кім мықтыны анықтайды. Матч 13 тамызда өтеді.

Шымкенттіктер бірінші матчында Фарер аралдарының өкілі "ЭБС-Скалу" командасын 9:0 есебімен жеңген болатын.

"Қайраттың" экс-ойыншысын түнгі клубта атып кетті

"Қайрат" футзал клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваға белгісіз біреулер түнгі клубтан шығып бара жатқан кезінде оқ атқан. Бұл мәліметті Бразилияның "Коринтианс" командасының өкілдері растады.

27 жастағы Нуньес командасындағы достарымен түнгі клубқа барған. Бірақ футболшылар түнгі клубтағы басқа адамдармен сөзге келіп, нәтижесінде шығаберісте атыс болған. Өкінішке қарай, спортшының өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер қылмыскерді іздестіру жұмыстарын бастады.

"Коринтианс" клубының бас бапкері Андре Бие осы жағдайдан кейін полицияға барған.

"Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жаттым. Қазір оқиғаның мән-жайын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Оның сол демалыс күні командадағы ойыншылармен бірге болғанын білемін", - деді Бие.

Головкиннің жекпе-жегі қашан өтеді?

DAZN стриминг сервисі қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегінің өтетін күнін тағайындады. Бұл туралы танымал инсайдер Майк Коппинджер айтты.

Орта салмақта IBF титулы сарапқа салынатын жекпе-жек 5 қазанға жоспарланып отыр.

Бұған дейін IBF Головкин - Деревянченко жекпе-жегін ресми тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшылар Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетсек, IBF титулы 1 тамызда босап қалған еді. Ұйым оны мексикалық Сауль Альварестен тартып алған, себебі "Канело" негізгі үміткер Деревянченкомен келісе алмаған болатын.

Сағадат Рахманқұловтың техникалық нокауты

Мексиканың Тихуан қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бірақ Рахманқұлов бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В Тихуане (Мексика) прошел вечер бокса, одним из участников которого стал казахстанец @RakhmankulSagadat (5-1, 3КО). ⠀ Его соперником стал 43-летний мексиканский боксер Косме Ривера (42-28-3, 29КО). Бой в полусреднем весе, рассчитанный на восемь раундов, завершился победой Рахманкулова техничсеким нкоаутом в пятом раунде. ⠀ Таким образом, Сагадат одержал шестую победу на профи-ринге, а Ривера потерпел уже 29-е поражение в профессиональной карьере. Напомним, Рахманкулов дебютировал в профессионалах в феврале прошлого года — единственное поражение от потерпел в ноябре, уступив единогласным решением американцу Никлаусу Фласу (6-1, 4КО). Дела Рахманкулова ведет известная промоутерская компания Top Rank. ⠀ #KazakhBoxing #KazFighters

Публикация от KAZAKHSTAN BOXING???????? (@kazakhboxing)

Осылайша, қазақстандық боксшының еншісінде алты жеңіс пен бір жеңіліс бар. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген. Сағадат Рахманқұлов Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.

Қонақтар үшін сәтті тур

Демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші айналымы аяқталды. 22-турдағы алты матчтың бәрінде қонақтар жеңіске жетті.

Сенбіде Көкшетау мен Атырауда матч болды. "Оқжетпес" өз алаңында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдаған. Қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал "мұнайшылар" өз алаңында қызылордалық "Қайсарға" жол берді - 1:3.


"Ақтөбе" - "Астана" матчы. © "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Ал жексенбіде турдың қалған төрт матчы ойналды. Көш басындағы қостанайлық "Тобыл" Павлодарда жергілікті "Ертіс" қақпасына жауапсыз екі гол тоғытты. Ал "Тараз" бен алматылық "Қайрат" арасындағы матч тағдырын пенальтиден соғылған жалғыз гол шешті. Оны алматылықтардың капитаны Бауыржан Исламхан соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Ал қарағандылық "Шахтер" өз алаңында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдаған. Қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Турдың тартысты матчы Ақтөбеде өтеді. Жергілікті "Ақтөбе" ел чемпионы "Астананы" қабылдаған. "Ақтөбе" ойыншылары 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіріп тастаған. Бірақ "Астана" көп ұзамай жеңіс голын соғып кетті, қорытынды есеп - 3:2. Ойынды стадионнан 11 500 адам тамашалаған, бұл маусым рекорды саналады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети