ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА

Авторы

 Биография автора
 Образование
 Сертификаты и награды

 

Статьи

 

Фото: instagram.com/godart01 "Қазақстанда түсірілсе..." Желіде "Игра в кальмара" сериалы туралы мемдер тарады 17 қыркүйекте Netflix платформасында оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" веб-сериалының әлемдік премьерасы болды. Сериал сюжеті Кореяда 1970-1980-жылдары
05 октября 2021
Сурет ғаламтордан Үздік актерлік құрам, сюжет. "Игра в кальмара" сериалы көрерменді несімен қызықтырды? "Игра в кальмара" - оңтүстіккореялық веб-сериал. Режиссері әрі сценарий авторы - Хван Док Хек. Тоғыз эпизодтан тұратын сериал сюжеті қарызға
05 октября 2021
"Шекербек не бүлдірді?" Қазнетте әлеуметтік желілердің істен шығуы туралы мемдер тарап жатыр Бүгін Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Tengrinews.kz тілшісі әлемде болған ақауға байланысты мемдерді жинады. 
04 октября 2021
Фото: startsmile.ru Твиндемия деген не және ол адамзатқа несімен қауіпті? Күз мезгілімен қатар ЖРВИ, оның ішінде, тұмау маусымы басталды. Твиндемия - пандемия басталғалы қолданылып жүрген сөз. Бұл әсіресе күз мезгілінде
04 октября 2021
Видео кадры "Респект!" Ауруханада науқастарға ән айтып берген "дәрігер" Қазнетті тәнті етті Коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға ән айтып, көңілін көтерген "дәрігер" Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
01 октября 2021
© askredpoint.com Димаш Лондонға алып кеткен домбыра туралы әңгіме

Бүгін Алматыдағы тұрғын үйлердің біріндегі жертөледе орналасқан кішкентай шеберханаға жол тарттық. Мұнда Жолтай шебер қазақтың ұлттық аспабы - домбыра жасаумен айналысады. Бұл жалдап тұрып жатқан жертөледегі аядай ғана орны. Оның айтуынша, жаңа шеберханаға көшпек. Әзірше жаңа орында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жолтай шебер ұлттық аспапты жасаған кезде "домбыраның әдемілігіне емес, үніне назар аударамын" дейді. Сондай туындыларының бірі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қолына түскен екен. 

Жолтай Барлықов - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Жеті жасынан бері Алматыда тұрып жатыр. Өз айтуынша, домбыра жасау өнері бекерден бекер келмеген. Әкесі күйші болған екен.  

"Бұл өнер маған қанмен келген. Әкем Қабылқақ Барлықов күйші болған. Қазақтың күй өнеріне біраз үлес қосқан адам. Бірнеше күйді жинақтап, энциклопедияға қосқан. Домбыра да жасайтын. Бала кезімізде домбыра жасаған кезінде қарап отыратынмын. Әкемнің сол өнері маған дарыған екен. Ертай деген бауырым бар. Әкемнің күйшілік өнері сол бауырыма берілген. Отбасымызбен өнерге жақынбыз. Әкем Құрманғазы оркестрінде істеген. Артынша Нұрғиса Тілендиев "Отырар сазы" оркестрін құрып, сол жерге әкемді шақырып, бірге істеген. Сол жерден әкем зейнетке шыққан. "Алтын қорға" жазған күйлері бар", - дейді шебер. 

Одан бөлек, шебердің Шолпан және Шынар есімді екі қарындасы бар. Шолпан Барлықова Мәскеу консерваториясын бітірген, бүгінде мұғалім, пионист. Кенже қарындасы Шынар Барлықова Айман Мұсаходжаевамен академияда бірге жұмыс істейді, скрипкашы. Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты.  

Жолтай шебер

Жолтай Барлықов домбыра жасау ісімен бертін келе айналыса бастаған.

"2005 жылы әкем домбыра жасап жүргенімді көріп, "сен баяғыдан жасайтын адам едің ғой" деді. Бүгінде тек домбыра жасаумен айналысамын. Оған дейін түрлі қызмет істедім. 2004 жылы таныс ағамыз "Жолтай, цех ашып жатырмын. Келіп көрсеңші" деп ұсыныс жасады. Домбырамен айналыса бастауыма себепші болған Әбдікәрім Зұлымов деген ағамыз. Шеберханасына барсам 5-6 шебер жұмыс істеп жатыр. Бірнеше рет барғаннан кейін өзім де домбыра жасағым келіп кетті", - дейді Жолтай Барлықов. 

Жолтай шеберді бала күнінде әкесі осы өнерге қызыға ма деп біраз сүйреген. Алайда шебер қызықпаған.

"Бірақ әкем сезген болуы керек. Мені үнемі жанында алып жүретін. Маған "домбыра жаса" деп айтқан емес. Мен Алматыдағы жалғыз қазақ мектебінде оқыдым. Түрлі байқауға барып жүретінмін. Ол кезде домбыра тартатын балалар аз болатын. Қазір, Құдайға шүкір, домбыраға қызығатын жастар көп. Өзім есту қабілетім жақсы болғандықтан үйреніп алдым. 10 шақты күйді шерте аламын", - дейді шебер. 

Димаш Лондонға алып кеткен домбыра

Шебер Жолтай Барлықовтың қолынан шыққан домбыраның бірін әнші Димаш Құдайберген Лондонға алып кеткен. Димаш 2018 жылы өткен ән кешінде "Адай" күйін тартып, көпшілікті сүйсіндірген болатын. Шебер бұл домбыра Димаштың қолына қалай түскенін әңгімелеп берді.  

"Астанаға шеберлерді жыл сайын "Домбыра күніне" орай көрмеге шақырып тұратын. Ауқымды шара өтетін: Президенттің өзі арнайы келіп, киіз үйлер тігіледі. Шеберлер домбырасын көрмеге қояды. Жан-жақтан келген әр шебер бес домбырадан алып келеді. Мықты күйшілер де қатысады. Ол домбыраның бастапқы иесі - қызылордалық Бақытжан есімді күйші, астанадағы Президент оркестрінде домбырашы. Ол домбыраны сатып алған да Бақытжан еді. Арада 5-6 ай өткеннен кейін Бақытжанның қолындағы менің домбырамды Димаштың әкесі Қанат Айтбаев шертіп көргеннен кейін сол домбыраны ұнатып қалады. Сөйтіп Қанат сол домбыраға "жабысып", даусын ұнатып қалған екен. Ол Бақытжанға "мына домбыраны маған сатыңыз" деп қолқа салған", - дейді шебер. 

Жолтай шебердің қолынан шыққан домбыра

Сөйтіп қызылордалық домбырашы Жолтай шеберге хабарласып, "Аға, не істеймін? Сіздің домбыраңызды сұратып жатыр" деп сұраған екен.

"Сонда мен: "Оны сатып алған сен. Кімге бергің келсе де өзің білесің ғой" дедім. Кім сұрап жатқанын сұрап едім, "Димашқа деп сұрап жатыр" деді. Мен "Димашқа бер. Қалай бермейсің? Жасап беремін саған" дедім. Бақытжан домбырасын қимай-қимай беріп, "Аға, енді ондай домбыра шықпайтын шығар" деп әзілдеді", - деп әңгімеледі шебер. 

Димаш Лондонға алып кеткен домбыра үйеңкіден жасалған. Бізде ол ағаш жоқтың қасы. Шетелден алдыру қажет екен.

"Екі-үш күннен кейін қарасам Димаш менің домбыраммен Лондонда өнер көрсеткен екен. Домбыраны ала салып, Лондонға ұшып кеткен ғой", - дейді Жолтай Барлықов.

Шебердің қолынан шыққан домбыраларды басқа да танымал қазақстандықтар алып жатады. Оның ішінде, композитор, күйші, домбырашы Секен Тұрысбеков пен айтыскер, ақын Ринат Зайытов та бар. 

"Секен аға көп күйшіні аралап, домбыра іздеп жүреді ғой. Секен Тұрысбековке домбыраны шамамен 2005 жылы жасап бергенмін. Жалпы кәсіби музыка мектептері, консерваториялар да тапсырыс беріп жатады. Қазақстанның түрлі облысынан тапсырыс түсіп жатады. Домбыраның бағасы оның жасалған материалы мен дыбысына байланысты. Бұған дейін ең қымбат домбырам 400 мыңға сатылды", - дейді шебер.

"Аспапты "сөйлете" білу керек"

Жолтай шебер бүгінде домбыра жасауды үйреніп алатын қабілетті жастар көбін айтады. Бірақ қазақтың ұлттық аспабын жасау үшін қабілет жеткіліксіз. 

"Үйретсең бір аптаның ішінде үйреніп алады. Бірақ домбыраның дыбысын дұрыс қою мәселесі бар. Оған есту қабілеті керек. Домбыраны жасауын жасайды, бірақ аспапты "сөйлете" білу керек. Домбыраның әрбір дыбысын сезу керек. Ондай шеберлер бірен-саран", - дейді ол. 

Жолтай Барлықов Қазақстанда шеберлерге ешқандай көмек көрсетілмейтінін айта кетті. Шеберлер орталығын ашып, көмек көрсетсе дейді. Айтуынша, көрші Ресейде шеберлерге жағдай жақсы жасалған.

"Біз осылай жертөледе, анда-мында жүреміз", - дейді шебер.

Шабыт келтіретін домбыра

Бұл мақтау сөзді Жолтай шебер айтыскер, ақын Ринат Зайытовтан естіген. Шебердің домбырасын алған ақын бірден: "Ой, аға, шабыт келтіретін домбыра екен" деген екен.

Бірде Жолтай шебердің басынан қызық оқиға өткен. Әкесінің есімі жазылған домбыра бірнеше жылдан кейін алдына келген екен. 

"Бір күні Секен Тұрысбеков кішкентай домбыраны алып келіп "сөйлетіп берші" деп сұрады. "Жақсы" деп домбыраны ашып қарасам ішінде әкемнің есімі жазылып тұр. Одан бөлек, тағы екі шебердің есімі тұр. Екі-үш шебер бірігіп, сол домбыраны Секеңе сыйлаған екен ғой деп ойладым. Әкемнің аты жазылып тұрғаннан кейін біртүрлі болып қалдым. Әкем 2005 жылы өмірден өткен. Бұл шамамен 2010 жылы болған оқиға. Әкемнің есімі жазылып тұрған домбыра алдыма келіп тұр. Мен оны білген жоқпын...", - деп еске алды шебер.

Әңгімеміздің соңында Жолтай шебер кейінгі кездері домбыра тартуды үйренгісі келетіндер көп екенін айтты. Шебер "мектептерде домбыра пәнінің енгізілуі де дұрыс бастама" дейді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

30 сентября 2021
Фото: Reuters Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі? Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
29 сентября 2021
Фото: Reuters ДДСҰ қызметкерлері зорлық жасады деп айыпталды: істің мән-жайы Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық
29 сентября 2021
Фото: Тұрар Қазанғапов Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты Банк ісіне қатысты сұрақтар бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев қандай жағдайда несие алмаған дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
28 сентября 2021
Фото: Reuters Пандемиядан кейінгі кезең: адамзат қалыпты өмірге оралуы үшін не істеу қажет? Коронавирус пандемиясы басталғалы миллиондаған адам жақынынан айырылып, мыңдаған адам әлі де пандемияның салдарын көріп жатыр. Әзірше пандемия
27 сентября 2021
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer