Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 октября 2021 23:08

"Шекербек не бүлдірді?" Қазнетте әлеуметтік желілердің істен шығуы туралы мемдер тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Tengrinews.kz тілшісі әлемде болған ақауға байланысты мемдерді жинады. 


Бүгін Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Tengrinews.kz тілшісі әлемде болған ақауға байланысты мемдерді жинады. 

Downdetector сервисінің мәліметінше, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шықты. Әзірге жұмыс істеп тұрғаны тек YouTube, Twitter және Telegram. 

Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.

РИА Новости мәліметінше, компания өкілдері бәрін қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

Айта кетейік, бұл "Игра в кальмара" сериалындағы кадр. Суретте екінші бөлімдегі алғашқы ойын кадры. 

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің істен шығуына байланысты Telegram-да қызу талқы жүріп жатыр. 

"Шекербек не бүлдірді?", "Бәрімізде істемей тұр, не болды екен?", "Сабыр" деп жазды қолданушылар.  

Әлеуметтік желілердің істен шыққаны туралы дүние жүзіндегі БАҚ-тар жарыса жазып жатыр.  

Әзірге Facebook, Instagram және WhatsApp қашан қосылатыны белгісіз. 

Айта кетейік, Марк Цукерберг 19 жасында Facebook әлеуметтік желісін 2004 жылы ашқан. Штаб-пәтері Менло-Парк қаласында (Калифорния). Сонымен қатар, Facebook-ке WhatsApp мессенджері мен Instagram желісі тиесілі.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети