Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 августа 2022 09:43

Сәбит Мұқанов сатқын ба? Ғалым даулы мәселенің нүктесін қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше жылдан бері қоғам арасында "Сәбит Мұқанов сатқын ба?" деген сұрақ дау тудырып келеді. Бұған қатысты қазір қоғамның да, зиялы қауымның да пікірі екіге жарылған. Кейінгі уақытта Сәбеңе қатысты сөз әлеуметтік желіде қайтадан гу-гулеп, әртүрлі дерек шыға бастады. Ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында Массагет порталының тілшісі Сәбит Мұқановты зерттеуші, ғалым - Күләш Ахметоваға арнайы барып сұхбаттасты.

- Сұрақты сізге төтесінен қойғым келіп отыр. Сәбит Мұқанов Мағжанды, Сәкенді, сатып, үстінен арыз жазды дегені рас па?

- Жақсы. Төтесінен қойған сұрағыңа мен де төтесінен жауап берейін.

 Жоқ. Жоқ, әрине жоқ! Керісінше, Карелияда айдауда жүрген Мағжанға жағдайын сұрап хат жазғаны үшін, Мағжанның - "Алматыға барып Орталарыңа қосылғым келеді. Мені Жазушылар Одағына мүшелікке ал" - деген өтінішін орындап, Алматыға шақырғаны үшін, пойыздан өзі күтіп алып, Мирзоянға ертіп барып көмек қолын созғаны үшін - бір де;

Cәкенмен дос, жақын араласқаны үшін - екі де;

Сәбит Мұқановтың өз басы дауға қалды. Партиядан шығарылды, Жазушылар Одағын басқарып отырған қызметінен қуылды.

Ал Сәбит Мұқановқа тағылған айып бұл - 1937 жылдың 3 қазаны.

Мағжан - Сәбит Мұқановтың ұстазы. Жерлес. Алдыңғы 2020 жылы 29.04. "Егемен Қазақстанда" жарияланған "Мағжанды ұстатқан Сәбит Мұқанов па?" деген мақаламнан соң, көзіқарақты қазақтың біраз зиялысы телефон шалып, хабарласты. Соның ішінде өмірбақи Сот жүйесінде қызмет атқарған Бекет Тұрғараев: "Мағжанның тергеу ісінің делосын оқығанын" айтты. "Мағжанның ұсталуына Сәбит Мұқановтың қатысы жоқ. Сәбит Мұқанов Мағжанды сатпаған да, ұстатпаған. Ал, Алматыға Қызылжардан 18 наурызда шығып, 25 мартта келгенін растай отырып, өзінің қолында Мағжанның хаттарының көшірмесі бар" екенін айтты.   

Сұхбаттың толық нұсқасын Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети