Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 сентября 2022 09:14

"18 миллион теңге беріледі". Екі жылдың ішінде Алматыдан қалай пәтер сатып алдым?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Бүгінде баспана алу көптеген адамның көкейінде жүрген проблема деуге болады. Менің де діттегенім осы еді. Өзімді Айым деп таныстырайын. Айта кетейін, аты жөнім өзгертілген. Мен Алматыда жастарға қалай баспана ала алатынын әңгімелеп беремін. 


Бүгінде баспана алу көптеген адамның көкейінде жүрген проблема деуге болады. Менің де діттегенім осы еді. Өзімді Айым деп таныстырайын. Айта кетейін, аты жөнім өзгертілген. Мен Алматыда жастарға қалай баспана ала алатынын әңгімелеп беремін. 

Алматыға алғаш студент болып келген кезімнен осы қаладан үйім болса деп ойлайтынмын. Осылайша түрлі бағдарламаларды қарастыра бастадым. Бірақ мен үшін ол кезде ешқандай бағдарлама сәйкес келмейтін немесе үйдің 100 пайыз ақшасы қолымда болуы керек еді. 

Төрт жыл журналистика мамандығында білім алдым. Артынша бірден мамандығым бойынша жұмысқа орналасып кеттім. Бір жылдан кейін "Алматы жастары" бағдарламасы туралы естідім. Спойлер болсын, осы бағдарламамен үй алдым. Енді жалпы барлық процесс қалай болғанын әңгімелеп берсем. 

Бұл қандай бағдарлама?

"Алматы жастары" - жылына бір рет болатын ипотекалық бағдарлама. 35 жасқа дейінгі жастарға баспана алуға тамаша мүмкіндік. Негізгі шарттарын қысқаша айта кетсем: 

  • Біріншіден, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады;
  • Екіншіден, атыңызда кейінгі 5 жылда пәтер болмауы керек. Егер күйеуіңіз не әйеліңіз болса, ол кісінің де атында пәтер болмауы керек (бәрі жіті тексеріледі);
  • Үшіншіден, кейінгі 6 айда бағдарламаға қатыса алатын сала мамандығы бойынша жұмыс істеуіңіз керек.

Тағы бір ескере кететіні - егер отбасылы адам болсаңыз, балаларыңыз болса және мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп жатқаныңызға көп жыл болса бағдарламада негізгі тізімге өту мүмкіндігіңіз көп. Яғни әр пункт бойынша сізге балл беріледі. Егер балыңыз жоғары және барлық құжатты дұрыс тапсырған болсаңыз негізгі тізімге, яғни банкке төлем қабілетін растап, пәтер іздей бастайтындардың тізіміне өтесіз. Ал егер балыңыз сәл азырақ, бірақ құжаттарыңыз дұрыс болса "резервке" түсесіз. Демек, негізгі тізімдегі адам төлем қабілетін растай алмаса не 45 күннің ішінде үй тауып үлгермесе "резервтегі" адам оның орнына келеді. Ал құжатта бір шикілік болса мүлдем тізімге өтпегендердің қатарында жүресіз.  

Бағдарламаға қатысушыларға 18 миллион теңге беріледі. Негізгі тізімге өткен адам осы сомаға ипотекаға үй ала алады немесе үстінен өз есебінен ақша қосып үй алуына болады. Мысалы сіз 25 миллионның үйін көрсеңіз, банк сізге 18 миллионын береді, ал қалған соманы өзіңіз қоса аласыз. Ал алғашқы жарна - 10 пайыз, 18 миллионның үйін алсаңыз қолыңызда шамамен 1,8 миллион теңге дайын болуы керек. 

Бірінші жыл: сәтсіз

Мүмкіндігім аз екенін түсінсем де бағдарламаға тапсырып көрейін деп шештім. Бірінші жылы еңбек өтілім енді бір жылдан асқандықтан менде барлығы 2 балл ғана болды. Оның үстіне құжат тапсыру басталған күні жанталасып ең бірінші күні барлық құжатты тапсырып тастауға тырыстым. Қаншалық рас-өтірігін білмеймін, бірақ ең бірінші күні тапсырып тастасаң, негізгі тізімге өту мүмкіндігің жоғары деп айтылған еді. 

Осылайша бірінші күні жанталасып тапсырғанымның салдарынан және өзімнің салғырттығымның кесірінен құжаттардың біреуін тапсыруды ұмытып кеткенмін. Асыға тізім шыққанын күтіп жүргенімде қуанышым су сепкендей басылды. Бірінші жылы бағдарламаға қатысуым сәтсіз аяқталды. Ашуланып, бұған дейін жинаған ақшама анамды алып, шетелге шығып, демалып келдім. Бірақ бұл басқа әңгіме...

Толығырақ МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети