Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 сентября 2020 16:08

"80-жылдарға дейінгі үйлер бұзылады". Алматы мен Нұр-Сұлтанда баспана қай аудандарда арзан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы мен Нұр-Сұлтанда қайталама нарықтағы үйлер қай аудандарда арзанырақ? Қазір халық көбіне қандай үйлер сатып алады? Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов елдегі қайталама нарық жағдайын айтып берді.


Алматы мен Нұр-Сұлтанда қайталама нарықтағы үйлер қай аудандарда арзанырақ? Қазір халық көбіне қандай үйлер сатып алады? Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов елдегі қайталама нарық жағдайын айтып берді.

Қайталама нарықтағы үйлер қай аудандарда арзанырақ?

Сарапшының айтуынша, Қазақстанның екі ірі мегаполисінде қайталама нарықтағы үйлердің құны бойынша айырмашылық жоқ.

"Себебі қазір біз индекс анықтамасына келіп жатырмыз. Бастапқы тұрғын үйдің құны анықталды. Екінші деңгейлі тұрғын үйлерге келсек, Алматыда Нұр-Сұлтанға қарағанда қымбат деуге келмейді. Бірақ Алматыда 2000-жылдарға дейін салынған ескі типтегі қайталама тұрғын үй қымбатырақ. Әсіресе алтын алаңда", - дейді ол.

Алматыда арзандау пәтерлерді Әуезов, Түркісіб және Наурызбай аудандарынан табуға болады екен.

"Қала орталығында әр шаршы метрдің бағасы басқа аудандарға қарағанда әрқашан жоғары болады. Бұл шаршы метрдің өзіндік құнын аймақтандыру деп аталады. Алматыда бұл - орталыққа жақын орналасқан Медеу, Бостандық, Алмалы аудандары. Одан кейінгі Әуезов, Түрксіб, Наурызбай аудандарында пәтер арзандау. Бірақ қазірдің өзінде ол жақтағы екінші деңгейлі үйлердің сапасы басқа", - дейді сарапшы.


Фото krisha.kz сайтынан 

Ал елордада үйлердің бағасы сол және оң жағалауға байланысты бөлінеді екен.

"Қала астана атанған кезде сол жағалау болған жоқ. Қазір сол жағалауда 2000-жылдардан бері салынған жаңа тұрғын үйлер бар. Сондықтан оң және сол жағалауды салыстыру мүмкін емес. Нұр-Сұлтанның негізгі қайталама қоры оң жағалауда орналасқан. Бұл посткеңестік одақта салынған аудандар. Екінші деңгейлі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша негізгі келісімдер сол жақта жүреді. Егер Республика даңғылын орталық деп алсақ, сол жақтан бастап аймақтандыру есептеледі. Сол бойынша шаршы метрдің құны өзгеріп отырады", - дейді Ермек Мүсірепов.


© Тұрар Қазанғапов

80-жылдарға дейінгі үйлер бұзылады

Ол қайталама нарықтағы пәтерді алғысы келген адам оның жылына назар аударуы керегін айтады. Себебі 80-жылдарға дейін салынған үйлерді бұзу қарастырылған.

"Тұрғын үй қорын жаңарту" бағдарламасында 80-жылдарға дейін салынған үйлерді жөндеу бойынша жоспарда жоқ. 30-40-жылдардан 80-жылдарға дейін салынған ескі үйлердің бәрін бұзу қарастырылған. Олар қазір тозығы жеткен тұрғын үй деп аталады, сондықтан күрделі жөндеу жүргізудің мәні жоқ, бұл жерде жаңа алғашқы нарықтағы тұрғын үй салу оңайырақ", - дейді ол.

Қайталама нарықтағы үйлерді қандай бағдарламамен алуға болады?

Сонымен қатар, маман қайталама нарықтағы үйлерді сатып алудың негізгі үш бағытын айтты.

"Біріншісі - "Баспана Хит" бағдарламасы. Қазіргі уақытта "Баспана" компаниясы қайталама тұрғын үй сатып алуды қаржыландырады. Содан кейін - "Орда" қазақстандық ипотекалық компаниясының бағдарламасы, ол да нарықта қайталама тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз етеді. Үшіншісі - ондай тұрғын үйлерді сатып алуға несие беретін кез келген екінші деңгейлі банк, әрине оның ішкі талаптарына қарау керек", - дейді сарапшы.


Фото Тұрар Қазанғапов ©

Ермек Мүсіреповтің айтуынша, бүгінде тұрғындар эконом-класстағы жаңа үйлерді жиі сатып алады екен.

"Бүгінгі күні халық арасында алғашқы нарықтың төртінші санатындағы (эконом-класс) жаңа тұрғын үйлерді алу басты трендке айналып келеді. Себебі 70-жылдары салынған қайталама нарықтағы пәтерлер де сол ақшаға сатылады. Бүгінгі күні тұрғын үйге қаражаты жоқ адамдарға алғашқы нарықтағы баспана алуды мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы арқылы сатып алуға болады. Алғашқы нарықтағы үйлер екінші деңгейлі тұрғын үйге қарағанда 30 пайызға қымбат", - дейді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети