Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 октября 2020 09:29

"Алғашқы жарна үшін кредит алу". Қазақстандықтар ипотека алғанда жиі жасайтын 5 қателік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dvinatoday.ru © dvinatoday.ru

Қазақстандықтар ипотека алар кезде неге назар аударуы керек? Пайыздық мөлшерлемеден басқа неге мән берген жөн? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева айтып берді.


Қазақстандықтар ипотека алар кезде неге назар аударуы керек? Пайыздық мөлшерлемеден басқа неге мән берген жөн? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева айтып берді.

Қарызды өтеу түрі

Жолшыбаеваның айтуынша, қарыз алушы ипотека рәсімдеу кезінде ең алдымен оны өтеу түріне назар аудару керек. Әдетте, қарыз алушылар бұл тармақты керек емес деп санап, назарынан тыс қалдырады дейді.

"Несие бойынша төлемдердің екі түрі бар - дифференциал және аннуитет. Аннуитет әдісті қолданған кезде төлем алдымен несие бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалады және олар толық өтелгеннен кейін ғана клиент қарыздың негізгі бөлігін төлей бастайды. Ал төлемнің дифференциал түрінің мақсаты - төлем мөлшерін біртіндеп азайту. Ай сайын қарыз алушы несиенің негізгі бөлігінің бірдей үлесін төлейді де ал өтелуі керек пайыз біртіндеп азая береді. 

Әдетте дифференциал төлем кезінде қарыз алушы бірінші төлемнің үлкен мөлшерінен қорқады. Алайда мұндай несиені өтеу айтарлықтай соманы үнемдеуге мүмкіндік беретінін түсіну керек", - дейді Лаура Жолшыбаева.

Кредит алғанда белгіленетін аннуитет немесе дифференциал төлемдері дегеніміз не?

Барлық жинаған ақшаны алғашқы жарнаға беру

Алғашқы жарна мөлшері неғұрлым көп болса, кредиттің өзі де соншалық аз болады. Осындай пікірмен көптеген қарыз алушы ипотеканы рәсімдеу кезінде бастапқыда барынша көп қаражат беруге тырысады дейді.

Яғни, сарапшының айтуынша, олар көбіне жаңа пәтерге көшу кезінде пайда болатын шығындарды ескермейді.

"Егер сіз қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алсаңыз, сізге сантехниканы, құбырларды ауыстыру, бөлмелердегі тұсқағазды қайта желімдеу қажет болуы мүмкін. Жаңа баспанаға кіру үшін қосымша жиһаз, тұрмыстық техника қажет болуы мүмкін. 

Сондай-ақ, форс-мажор жағдайларға қаражат қалдыру керек, сондықтан ипотека бойынша кем дегенде екі рет аударылатын төлем үшін ақша қалуы керек", - дейді маман.

Ипотеканы сақтандырусыз рәсімдеу

"Ипотеканы төлеу - ұзақ мерзімді міндет. Егер қарыз алушы қандай да бір жағдайға ұшыраса, қарызды өтеу міндеті оның жақын туыстарына жүктеледі. Егер сіз сақтандыруды рәсімдесеңіз, онда қарызды сақтандыру компаниясы өтейді. Бірақ сақтандыру ипотека құны мен артық төлемнің жалпы сомасын арттыратынын ескеріңіз", - дейді Жолшыбаева.

Банк қандай жағдайда ипотека бермейді? 6 себеп аталды

Алғашқы жарна үшін кредит алу

Сондай-ақ, маманның айтуынша, қазақстандықтар ипотека алу алдында көбіне тағы бір кредит алып, оны алғашқы жарнаға құяды.

"Сатып алғысы келетін пәтердің 20 пайызын жинай алмағандар көбіне жаңа несие алып, қарыз жүктемесін арттырады. Яғни алғашқы жарна үшін бірнеше пайыздық несие алып жатады. Сондықтан ипотека алудың алдында алғашқы жарна үшін жеткілікті ақша жинап, алдағы уақытта қарызды өтей алуды ойлаған жөн", - дейді ол.

Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын елемеу

Бүгінде, сарапшының айтуынша, мемлекет ипотека алушыларды қолдау үшін түрлі бағдарламалар ұсынып жатыр.

"Бұл бағдарламалар жеңілдік немесе белгілі бір жағдай болып қалса еш қиындықсыз ипотекалық демалыс алуға мүмкіндік береді. Банктердің көбі азаматтардың белгілі бір санаттары үшін арнайы бағдарламаларды ұсынады, мысалы, жас отбасылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар және басқа да санаттағы қазақстандықтарды қолдайтын бағдарламалар. Сондықтан мұндай ұсыныстарды қарастырған жөн", - деп кеңес береді сарапшы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети