Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 мая 2020 11:47

Мемлекеттік бағдарламамен үй алуға кім өтініш бере алатыны айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспанасы жоқ азаматтардың мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспанасы жоқ азаматтардың мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, енді үй алуға өтініш берген кезде азаматтың санаты емес, отбасылық табысы есептеледі екен.

"Президенттің 11 мамырда мемлекеттік комиссияның отырысында берген тапсырмасының аясында тұрғын үй құрылысы саласындағы мәселелерді шешу, оның ішінде Ұлттық даму институтын құру және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" "Отбасы банкі" деп халықты алғашқы тұрғын үймен қамту орталығы етіп қайта құру жүктелді. Басты идеясы - баспанасы жоқ кез келген қазақстандық орталыққа барып, табысына сәйкес қолжетімді баспана ала алады. Тұрғындарды іріктеу оның санатына қарай емес, нақты табысына қарай өтеді", - деді ол Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ министр халықтың табысына қарай төрт топқа бөліп, олардың қандай бағдарламаға өтініш бере алатынын түсіндірді.

Бірінші, бір күнкөріс минимумына дейін - табысы төмен азаматтар, бұл отбасындағы әр адам үшін 31,2 мың теңге. Бұлар жалдамалы тұрғын үй алады;

Екінші, екі күнкөріс минимумына дейін табысы бар азаматтар, отбасындағы әр мүшесі үшін 62,4 мың теңге. Бұлар "Бақытты отбасы - 2-10-20"  бағдарламасы арқылы 2 пайызбен несие ала алады.

Үшінші, 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысы бар азаматтар, отбасындағы әр мүшесі үшін 96,7 мың теңге. Бұлар жаңа "5-10-20" бағдарламасы арқылы үй алады. 

Төртінші, 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар азаматтар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасы арқылы үй ала алады. Бұл - нарықтық ипотека. 

Еске салайық, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда өткен мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықты үймен қамтамасыз ету үшін "5-10-20" несиелік бағдарламасын бастайтынын айтты.

"5-10-20". Баспананы кім және қалай алады?

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова күзге қарай баспана арзандайтынын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети