Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 февраля 2021 10:10

"Отбасы банкте" баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған орталық құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: "Ақ Жайық" сайтынан алынды Сурет: "Ақ Жайық" сайтынан алынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен министр былтырғы және биылғы статистиканы келтірді. Оның мәліметінше, 2020 жылы республика бойынша 15 миллион 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. 140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға беріліпті.

"Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 триллион теңгеге жетті. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген заемдар берілді", - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр биылғы қаржыландырудың барлық көзі есебінен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланғанын айтты. Бұл - 163 мың баспана.

"Мемлекеттік инвестициялар есебінен мемлекеттік баспанаға кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамту жоспарланып отыр. 22 500 әлеуметтік тұрғын жай салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8 800 жеңілдетілген заем беріледі", - деді Атамқұлов.

Сосын ол "Отбасы банк" базасында құрылатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың негізгі міндетін айтты.

"Мемлекет басшысы бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй кезектілігін бере отырып, Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі негізінде "Отбасы банк" толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын. "Отбасы банк" жұмысының негізгі қағидаты, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталады. "Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ, тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес, тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асырады. Тұрғын үй мен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады", - дейді министр.

Атамқұлов жалдау ақысын субсидиялау үшін "Отбасы банк" өкілеттіктерін күшейту ұсынылатынын да айтты. Бұл механизмде, оның пікірінше, жалға беру пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарттар жасасатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады. Осылайша министр жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 АЕК мөлшерінде жалға алу ақысын субсидиялауды ұсынды.

Ведомство басшысының айтуынша, тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсіп жатыр. Бүгінде 548 мыңға жетіп отыр.

"Кезектегі көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары, табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады", - деді ол.

Атамқұловтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және кезекте тұрған басқа да азаматтардың табыс көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтардың бұл санаты жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген қарыз алу арқылы тұрғын үй сатып алады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети