Қазақстандық актер Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін Қырғызстанда "Жылдың үздік актері-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің өкілі Мысыр Ерзатқа сілтеме жасап.
Қазақстандық актер Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін Қырғызстанда "Жылдың үздік актері-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің өкілі Мысыр Ерзатқа сілтеме жасап.
Бір ай бойында ашық дауыс беру тәртібі арқылы жүрген байқаудың қорытындысы Бішкекте бүгін, 24 желтоқсанда шығарылып, марапаттау рәсімі өтті.
"Қырғызстан Республикасында бір айға созылған жыл үздіктерін анықтайтын байқау өз шегіне жетті. Қырғыз xалқының ең үздік актерлері мен өнер майталмандары бақ сынасып жатқан байқауға Қазақстанның танымал актері Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін "Жылдың үздік актері-2018" номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады", - деп хабарлады актердің өкілі.
© Мысыр Ерзат
Сондай-ақ, оның айтуынша, үздік актерге мүсіншені Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген актрисасы Жамал Сейдакматова табыстап, жылы лебізін білдірді.
"Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана Қырғыз елінде "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін "Жылдың ең үздік актеры" атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді ҚАЗАҚ еліне арнаймын", - деді Төлепов марапаттау сәтінде.
Фильмнің постері
Айте кетейік, "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмі 20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғыстан Республикаларының барлық кинотеатрында көрсетілімге шықты. Фильмнің басты кейіпкерін елімізге белгілі актер Асылxан Төлепов сомдады. Фильмнің режиссері Руслан Акунов, продюсері Нұрбек Айбашов.
Асылхан Төлепов 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек Мың бала" атты фильмдегі Сартай батырдың рөлінде ойнағаннан кейін танымал болған еді. 26 жастағы актер 2016 жылдан бері Алматы қаласы мәслихатының депутаты.